Жылуэнергетикасы мен жылу технологияларында


- Су ысытушы қазандықтың қағидалық сызбасы



Pdf көрінісі
бет31/44
Дата26.12.2023
өлшемі1,55 Mb.
#199483
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44
Байланысты:
теплоэнергетика каз вторичные энергетические ресурсы

-
Су ысытушы қазандықтың қағидалық сызбасы 
 
6.1.1 Қазандықтардың жылулық сұлбаларының сипаттамалары. 
Қазандық қондырғының 
жылулық сұлбасы
деп, арнайы әртүрлі 
құбырлар желісімен жалғанған графикалық бейнені айтамыз. 
Қағидалық
жылулық сұлбада негізгі қондырғылар мен құбырларды шартты түрде 
(олардың орналасуы мен санын ескермей) келтіреді. Ал 
толық (жайылған)
жылулық сұлбада барлық қондырғылар мен құбырлар, арматуралар салынады. 
Жұмыстық немесе жөндеу
сұлбаларында қондырғылар мен құбырлардың 
тұрған орыны, бұрыштары, өлшемдері, арматуралардың маркалар, бекіту түрі 
көрсетіледі. орналасқан орны, өлшемі, маркасы, бұрылу бұрыштары бәрі 
көрсетіледі. Толық (жайылған) жылулық сұлбаны қағидалық жылулық 
сұлбаны құрастырып есептегеннен кейін салады, содан кейін қазанның жылу 
өндірулігін, жылугенераторының түрі мен оларға қажетті қосалқы 
қондырғыларды таңдайды.
Жылулық жүктемелердің сипаттамасына байланысты қазандар үшке 
бөлінеді: өндірістік, өндірістік – жылулық, жылулық. 


72 
1.
Өндірістік қазандар
– зауыт, фабрикалар мен кәсіпорындардың 
технологиялық процестерінде қолданылатын ыстық су немесе бу алу үшін 
арналған. Технологиялық процестер мен кәсіпорын және әкімшілік 
ғимараттарын жылумен қамтамасыз ету үшін жіберілетін бу өндіріс 
сипаттамасына, жұмыс аусымының санына, жыл мерзіміне, ішкі 
мұқтаждықтарға қажетті бу шығынына, энергия тасымалдағыш пен конденсат 
шығынына тәуелді. Қуаты 58 МВт дейінгі өндірістік қазандық қондырғылар 
әдетте бу қазандарымен жобаланады, ал үлкен технологиялық жүктемелер 
және жылумен қамтамасыз ету жүйесі үшін бу қазандарын да, су ысытушы 
қазандарды да қосуға болады. 
2. 
Өндірістік-жылулық қазандар 
– кәсіпорынның технологиялық 
тұтынушыларын, сонымен қатар өндірістік, қоғамдық, тұрғын, үйлер мен 
ғимараттарды 
жылулық 
энергиямен 
қамтамасыз 
етуге 
арналған.
Қазандықтың жалпы жылулық жүктемесі 58 МВт аспаса, онда жылулық қуаты 
бірдей бу қазандарын орнатқан дұрыс, бұндай жағдайда жылу желісіндегі 
ыстық су булық желілік қыздырғыштарда дайындалады. Ал қуаты үлкен 
қазандықтарда технологиялық мұқтаждықтар үшін бу алуға арналған бу 
қазандары мен ыстық сумен қамтамасыз ету, желдету, жылуландыру жүйелері 
үшін ыстық су өндіретін су қыздырғыш қазандарды орнатқан дұрыс. Әдетте 
технологиялық мақсаттар үшін қысымы 0,6 ÷ 1,2 МПа болатын құрғақ 
қаныққан бу қолданылаты, оны тұтыну кәсіпорынның қуаты мен жұмыс 
режиміне байланысты. Әдетте жаз мезгілінде өндірістік мұқтаждықтарға 
қажетті бу шығыны азаяды, яғни технологиялық процеске қажетті бастапқы 
шикізаттың, судың, ауаның, температурасы артады, сонымен қатар 
жылутехникалық қондырғының қабырғасынан қоршаған ортаға кететін жылу 
шығыны азаяды.
3. 
Жылулық қазандар
коммуналды – тұрмыстық тұтынушыларды жылу, 
желдету және ыстық су жүктемелерімен қамтамасыз етуге арналған. Жылулық 
қазандықтарға тұтынушыға байланысты бу қазандарын да, су ысытушы 
қазандарды да орналастырады. Жылулық қазандықтарда қыздырғыш-бойлер 
бу қазанының жоғарғы барабанының горизонталь осінен 1,5 ÷2 м биіктікте 
орналастырылады. Бу жоғарғы барабаннан бойлерге өтеді, бұнда ол жылуын 
желілік суға береді, ал будың температурасының төмендеуінен пайда болған 
конденсат қазанның екінші төменгі барабанына беріледі. Қорек судың 
шығынының аз болуы және бойлерден конденсаттың әрдайым қайтарылып 
отыруы салдарынан үздіксіз үрлеу проценті мен үрленетін су шығыны азаяды. 
Нәтижесінде үздіксіз үрлеу сепараторын (кеңейткіш немесе ұлғайтқыш) 
орнатудың қажеті жоқ, ал барлық үрлеу процесі барботерде жүзеге асады. 
Жылулық қазандықтардың ерекшеліктеріне бу қазанын қоректендіру 
үшін су шығыны аз, шойын су экономайзерінен өткен судың температурасы 
қайнау температурасына жетуі мүмкін. Экономайзерде су қайнамау керек, 
өйткені құбырда гидравликалық соққы орын алады, салдарынан экономайзер 
істен шығарады. Сондықтан экономайзер арқылы қорек су емес жылулық желі 
суы өтеді. Бұл жағдайда қорек су экономайзерлерінен қарағанда жылулық 


73 
экономайзерлер арқылы су он есе көп өтеді. Бұнда желілік суды 
экономайзердің құбырлары арқылы паралельді ағыспен жіберу керек. Бу 
қазандары бар жылулық қазандықтардың жұмысы өндірістік – жылулық 
қазандықтардың жұмысына ұқсайды, тек бұнда технологиялық жүктеме ғана 
болмайды. Қондырғыда желілік суды дайындауға арналған булық су 
қыздырғыштар (немесе бойлер) болады.
Бу қазандары орналасқан жылулық қазандықтарда қондырғыларды 
таңдау және жылулық жүктемелерді есептеу үш түрлі режимдер үшін 
орындалу керек: максималды-қысқы, ең суық айдағы және жазғы.
Су қыздырғыш қазандар орналасқан жылулық қазандықтарда желілік су 
тікелей қазандарда қыздырылады. Яғни, бұнда бу қазандары бар жылулық 
қазандықтармен салыстырғанда капитал шығындары төмен, әрі жылулық 
сұлбасы қарапайым. Алайда будың болмауы салдарынан мазутты қыздыру 
процесі күрделі, яғни суды вакуумды деаэрациялау керек. Қазан арқылы 
өтетін су шығынын анықтау және су қыздырғыш қазандық қондырғының 
қосалқы қондырғыларының сипаттамалары бес түрлі режимге негізделеді [2, 
39]: максималды–қыстық температураға – ең суық бес күн бойынша сыртқы 
ауаның температурасына сәйкес; ең суық айдағы температураға – ең суық 
айдағы сыртқы ауаның температурасына сәйкес; жылуландыру мерзіміндегі 
орташа температураға; температуралық графиктің сыну қисығына; жазғы 
температураға. Жылулық сұлбаны бес режим бойынша есептеулердің 
нәтижесі арқылы қазандықтың нақты санын, өндірулігін және басқа да 
сипаттамаларын анықтауға болады. Жылумен қамтамасыз ету (ашық және 
жабық) жүйесінің түрі және жылуландыру, желдету, ыстық сумен қамтамасыз 
ету жүктемелерінің байланысының қазандықтың қондырғылары мен жылулық 
сұлбасын таңдаудағы әсері үлкен. Қағидалық жылулық сұлбаны есептеу 
бірнеше этаптардан тұрады және сипатталатын жұмыс режимі үшін 
жүргізіледі. Жылулық сұлбаның әрбір элементі үшін жылулық және 
материалдық баланс теңдеуі құрылады, ол арқылы жылутасымалдағыштың 
энтальпиясы, температурасы және шығыны анықталады. Жылулық сұлбаға 
жылутехникалық есептеу жүргізуге және энергия үнемдеуші шараларды 
қолдана отыра отын шығыны аз, жылулық энергияның құны арзан болатын 
қазандықтың жылулық сұлбасын қабылдауға болады [7]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет