80
1-барабан, 2-бу түзілетін құбырлар, 3-аса қызған бу, 4-қорек су, 5-түтін
газы, 6-су экономайзері, 7-буды аса қыздырғыш
7.1 сурет - Мәжбүрлі айналымды пайдаға асырғыш қазанның қағидалық
сұлбасы
Пайдаға асырғыш қазандар бу қазандарының немесе газдық электр
станцияда түтін газдарының әкетілетін жолына орналастырылады.
Пайдаға асырғыш қазандардың жетістіктері: құны арзан,
жоғары
температуралы түтін газын қабылдайды, қажетті қысымда жұмыс істеу үшін
автоматты немесе қолмен реттеуге болады, суды
және газды реттеу кезінде
жоғары дәлділік қажет емес, қайнау процесінде жылуберу коэффициенті
жоғары болады, сондықтан өндірістік жылуды пайдаға асыру үшін
кішігірім
жинақы қондырғы болып саналады.
Пайдаға асырғыш қазандардың түрлері:
1)
Бірнеше қысым деңгейлі (1,2,3-деңгейлі) қондырғы.
2)
Орталық немесе сыртқа шығарылған экономайзерлер мен буды аса
қыздырғышты.
3)
Бу және су қыздырғыш.
4)
Горизонталь немесе вертикаль қималы.
5)
Өзіндік тіректі немесе ілінетін.