Жылуэнергетикасы мен жылу технологияларында



Pdf көрінісі
бет41/44
Дата26.12.2023
өлшемі1,55 Mb.
#199483
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
теплоэнергетика каз вторичные энергетические ресурсы

8.1 Энергетикалық аудит 
Энергетикалық аудит – бұл энергия көздері туралы мәліметтер жиыны 
мақсатында және оның шығарылатын өнімінің бірлігінің меншікті 


91 
қолданылуы бойынша кәсіпорынның тексерілуі. Энергетикалық аудит 
энергетикалық менеджменттің негізгі құралы болып табылады.
Энергетикалық аудиттің мақсаттары:
-
тұтынылған энергияны анықтау формасы; 
-
энергияны қолдануды үйрену, энергия шығыны туралы мәліметтер 
жиыны; 
-
энергетика бойынша ағымдағы мәліметтердің тексерілуі және 
жұмыстық процестер мен операциялардың зерттелуі; 
-
электр энергиясы бойынша тарифтік құрылымның анықталуы; 
-
энергия шығынын жазып тіркеу әдістемесінің орындалуын қадағалау 
және жетілдіру; 
-
өнімнің бірлігіне жұмсалған энергия мөлшерін анықтау.
Энергетикалық зерттеулердің қорытындысы бойынша кәсіпорында 
энергетикалық ресурстардың тиімді қолданылуының бағалануы жүргізіледі 
(қатты отынның, мұнайдың, газдың, электрлік және жылу энергиясының және 
т.б.). Жылу – энергетикалық ресурстардың қолданылуында бұзылу 
анықталған кезде энергоресурстарды үнемдеу ұсыныстары дайындалады, 
сонымен қатар техникалық және ұйымдастырылатын энергия үнемдеуші 
шешімдер ұсынылады.
Энергия үнемдеу бойынша ұсыныстар және энергоресуртардың 
рационалды қолданылуында жабдықтардың экологиялық сипаттамалары 
төмендемеуі тиіс, және технологиялық процестер, жұмыс жасаушы 
жұмысшылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы, өнімнің сапасы төмендемеуі 
тиіс.
Энергетикалық аудиттің деңгейлері.
Энергетикалық аудит әдетте 
келесі деңгейлерден тұрады: 
1)
Аралық аудит. 
2)
Толық аудит. 
Алдын - ала өткізілетін немесе аралық аудит өндірісте уақтылы кезеңге 
орнатылған энергияның белгілі бір аймақта қолданылуының сараптамасы мен 
жазылуы бойынша қорытылады. Алдын - ала өткізілетін аудит үшін бар 
мәліметтер не болмаса, өте қарапайым алынған шаралар жиналады. Оның ең 
басты мақсаты – бұл мәліметтерді, ақпараттарды қолдануды тиімді етіп 
түрлендіру. Мұндай түрлендіру ағымдағы энергоқолдану туралы мәліметтерді 
алуға мүмкіндік береді. Аудит жабдықтардың тез тексерілуімен, энергиямен 
қамтамасыз ету және отын санақтарымен орындалуы мүмкін. Көрнекі 
тексеріс энергияны үнемдеу мүмкіндігінің анықталу мақсатымен (техникалық 
қызмет көрсету және жұмыс) және аса нақтыланған сараптамалардың 
қажеттілігінің орнатылуында жүргізіледі. Алдын - ала өткізілетін аудит 
қорытындысы бойынша, кәсіпорын жетекшілігінің келісімімен энерго 
аудиттің 
жүргізілу 
бағдарламасы 
құрастырылады. 
Кәсіпорынның 
күрделілігіне байланысты бұл сатыға 1 немесе 3 күн қажет болады.
Толық аудит кәсіпорынның әр аумағына, әр уақыт кезеңінде кеткен 
энергияның қолдануының толық мәліметтерінің және энергетикалық 


92 
баланстар мен тиімділігінің шешімдерінің жиынтығы мен жазылымы 
бойынша қорытылады. Бұл мақсатта өлшеніп – бақыланатын, желілік, қорлық 
аспаптар қажет болады. Мұндай жұмысқа апталар немесе айлар кетеді.
Энергоаудиттің 
барлық 
өткізілу 
уақытында 
ойлап 
табылған 
бағдарламалар жайлы мәліметтер жиыны болуы қажет. Энергия қолдануының 
тиімді бағалану қажеттігінде жетіспейтін мәліметтерді болдырмас үшін 
инструменттік тексерулер өткізіледі. Сонымен қатар, инструменттік тексеру 
қолданыстағы мәліметтердің шынайылығына күмән туғанда қолданылады.
Нақты 
энергетикалық 
аудитті 
жүргізбестен 
бұрын, 
аралық 
энергетикалық тексеру өткізу ұсынылады. Алдын-ала жүргізілетін 
энергетикалық тексеруде аса айқын энергетикалық шығындар орнатылады, 
олар:
-
отын шығыны; 
-
бу шығыны; 
-
жылулық оқшаулауды қажет ететін, ашық, ыстық аумақтық беттері; 
-
реттелмеген оттықтар; 
-
шығыстағы газдың жоғары температурасы; 
-
бос жабдықтар жұмысы; 
-
ауа сығылуының ағыны, газ ағыны; 
-
өнім қалдықтары; 
-
қажетсіз материал тасығышы; 
-
жеке өндірістің тоқтатылуы; 
-
қажетсіз қысым төмендеуінің орнауы; 
-
жөнделмейтін бақылаушы аспаптары; 
-
ауа үрлегіштер, сүзгілер, сығымдағыштар; 
-
жұмыс орнындағы ластық; 
-
конденсат ағыны; 
-
су ағыны; 
-
аса жарықтылық; 
-
артық ауа баптағышы / ауа қыздырғышы. 
Тексеру жұмысы бойынша жұмысты жеңілдету үшін әдетте 
энергетикалық тексерудің сәйкес келетін формаларын дайындау ұсынылады. 
Олар барлық қажетті ақпараттарды игеріп отыруы тиіс. Содан соң тексеру 
барысында мәліметтерді жазу жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет