Жылуэнергетикасы мен жылу технологияларында


 Жылуалмасу процестерінде энергияны үнемдеу



Pdf көрінісі
бет15/44
Дата26.12.2023
өлшемі1,55 Mb.
#199483
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Байланысты:
теплоэнергетика каз вторичные энергетические ресурсы

Жылуалмасу процестерінде энергияны үнемдеу 
Жылутехника – табиғи көздердің энергиясын жылу, механикалық және 
электр энергиясына түрлендіретін техникалық құрылғылар мен теорияны, 
сонымен қатар тұрғын үй коммуналды шаруашылығы мен кәсіпорындардың 
технологиялық, ыстық сумен қамдау, желдету, жылуландыру мұқтаждықтары 
үшін жылу қолданатын құрылғылар мен теориясын қарастыратын ғылым 
саласы. 
Жылу 
техникада 
энергияны 
үнемдеу 
жылуалмастырғыш 
қондырғыларда жылудың берілуін, түрлі шектік жағдайларда қалыпты және 
қалыпсыз жылуөтуді, ішкі жылу бөліну мен фильтрация, денелер мен 


28 
газдардың арасындағы сәулелік жылуалмасуды, қайнау және конденсация 
кезіндегі жылуалмасуды қарқындату сұрақтарын қамтиды [13]. 
 
4.1 Жылуалмасудың негізгі заңдылықтары
Жылулық энергияны сақтау немесе үнемдеу көбіне жылудың денеде 
таралу процесі мен екі дене арасындағы жылуалмасу процестеріне тәуелді.
Жылуалмасу 
процессі 
машиналардағы, 
қозғалтқыштардағы, 
қондырғылардағы, ғимараттардың 
сыртқы қабырғаларындағы өтетін 
процестердің негізгі құрама бөлігі болып табылады.
Жылуалмасу проблемалары (сұрақтары) мен энергияүнемдеуде екі 
негізгі проблеманы қарастыру керек:
1) Белгілі жағдайға немесе шарттарға байланысты дененің бір бөлігінен 
екінші бір бөлігіне өтетін немесе бір денеден екінші бір денеге берілетін жылу 
мөлшерін анықтау. Бұл проблеманың жылуалмастырғыш қондырғыларды, 
тегіс немесе цилиндрлі қабырға арқылы жылуберуді есептегенде
жылуоқшаулағыштан өткен жылу шығынын анықтағында маңыздылығы 
жоғары.
2) Жылуалмасу процесі өтетін дененің әрбір бөлігіндегі (нүктесіндегі) 
температураны анықтау. Бұл проблеманың мәселенің машина бөліктерін, 
қоршаған 
қабырғаны 
есептегенде 
маңыздылығы 
жоғары. 
Өйткені 
материалдардың біріктігі температураға тәуелді, ал температураның әркелкі 
таралуынан термиялық кернеу пайда болады.
Жылулық энергияны тасымалдаудың үш түрлі әдісі бар:
1) Жылуөткізгіштік – ыстық денеден суық денеге жылудың берілуі.
2) Конвекция – кеңістікте дене бөлшектерінің орын ауыстыруы арқылы 
жылудың берілуі және ол қозғалыстағы сұйықтар мен газдарда байқалады.
3) Жылулық сәулелену – денелер арасында байланыс болмаған кезде 
электромагнитті толқындар арқылы энергияның берілуі.
Көп жағдайда бір денеден екінші денеге жылу бірмезетте екі немесе үш 
әдіспен беріледі. Мысалы, қатты бет пен сұйық (немесе газ) арасында 
жылудың алмасуы бірмезеттежылуөткізгіштік және конвекция арқылы 
жүреді, әрі ол конвективті жылуалмасу немесе жылуберу деп аталады. Бу 
қазандарында ошақ газдарынан жылутасымалдағышқа (су, бу, ауа) жылудың 
берілу процесі кезінде бірмезетте жоғарыда келтірілген үш әдісте қатар 
қолданылады – жылуөткізгіштік, конвекция және жылулық сәулелену. Егер 
ыстық денеден суық денеге жылу оларды бөліп тұрған бет арқылы берілсе, 
онда ол жылуберу процесі деп аталады.
Жылуөткізгіштік –
температуралары әртүрлі микробөлшектердің 
тікелей араласуы арқылы жылу берілу процесі. Жылу берілу механизмі 
молекулярлы немесе электронды сипатта болады. Кезкелген физикалық 
құбылыс уақыт пен кеңістікте өтеді және өріс ұғымымен (температур, қысым, 
потенциал) байланысты. Жылуөткізгіштік процесі температураның дене 
ішімен таралуымен байланысты. Температура дененің жылулық күйін және 


29 
қызу дәрежесін сипаттайды. Әртүрлі уақыт бірлігінде кеңістіктің кезкелген 
нүктесіндегі температуралар шамасының жиынтығы температуралық өріс деп 
аталады. Егер дененің нақты бір нүктесіндегі температура тек T = f (x, y, z) 
координатқа тәуелді болса, онда бұндай температуралық өріс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет