5.8 Жылуды генерирлеуші қондырғыларда энергияны үнемдеу шаралары Жылуды генерирлеуші қондырғыларда энергияны үнемдеудің негізгі
шаралары: жылуды генерирлеуші қондырғылардың η
бр
арттыру; отынды
үнемдеу; жылулық желілер мен қазандарға берілетін қоректік суды сапалы
дайындау және жылу шығынын азайту:
1) Қазан агрегаттарын қатты отыннан газ отынына ауыстыру жағылатын
отынды 12% дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
2) Режимдік карта,температуралық графигі, ең кіші ауаның артықтық
коэффиценті (1,05 ÷ 1,1 - табиғи газ, 1,1 ÷ 1,5- мазут, 1,4 ÷ 1,8- қатты отын
үшін) бойынша жұмыс істеу.
3) Отынды жағу процесін және қазандарға қорек судың берілуін
автоматтандыру жағылатын отынды 1,7 % дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
4) Газ жолының соңғы жақ бөлігіне пайдаға асырғыш қыздыру беттерін
(экономайзерлер, ауақыздырғыштар, түйістіруші жылуалмастырғыштар)
орналастыру арқылы түтін газдарының температурасын төмендету, ол
жағылатын отынды 15 % дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
5) Қазандық қондырғының ошағы мен газжолындағы ауаны соруды
төмендету (қабырғаны сапалы тығыз қаптау арқылы). Ауаның сорылуын 0,1
азайтса, жағылатын отынды 0,5 % дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар түтін газының көлемінің азаюына байланысты түтін
сорғыштың жетегіне жұмсалатын электр энергиясы 20 % үнемделеді.
6) Қазандық қондырғының құбырлы шоғырларын немесе конвективті
қыздыру беттерін шөгіп қалған ұшпа күлдер мен ыстардан тазарту үшін
үрлегіш қондырғыларды орнату. Ол жағылатын отынды 1,5% дейін
үнемдеуге мүмкіндік береді.
7) Сәулелік және конвективті құбырлардың ішкі беттеріндегі қақтың
үлесін азайту үшін қоректік суды жұмсарту керек. Қақтарды, жөндеу
жұмыстарын өткізгенде химилық әдістермен немесе сілтілермен тазартады,
одан кейін қақты қопсытады, шламдарды сумен ағызады және механикалық
тазартудан өткізеді. Құбырларда қақтың әрбір мм болуы, қазандық және қорек
судың сапасына байланысты отынның 2 % артық шығындалуына әкеледі.
8) Қазандық агрегаттарды режимді-жөндеу сынағынан өткізу, негізгі
және қосалқы қондырғылардың тиімді жұмыс режимін таңдау, қызметкер
үшін режимдік картаны (бланкі) құру, қазандық қондырғының жұмысының
үнемділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды жасау. Бұндай шаралар
жағылатын отынды 3 ÷ 5% дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.