Дәріс 10. Тоңазыту қоңдырғылардың циклы
Дәріс сабақтың мазмұны
Тоңазыту агенттері
Тоңазыту қоңдырғысының түрлері
бу компрессорлы тоңазыту қоңдырғысының құрлысы, жұмысы
Бу компрессорлы тоңазыту қоңдырғысының циклы
Бу эжекторлы тоңазыту қоңдырғысы
Тоңазыту қоңдырғысының циклы
Азық-түлікті сақтау және тамақ өнеркәсібіне үлкен шамалы суық қажет екені жалпыға белгілі. Жасанды суыту химия өнеркәсібінде яғни, синтетикалық каучук және т.б. өнімдер өндіруге, металургияда металл өңдеуге, жер асты құрылыстарында, ауаны конденсациялағанда қажет. Негізінен кең тарағаны: компрессорлы бу мұздатқыш қондырғысы болып саналады. Жұмысшы дене ретінде көбіне аммиак қолданылады NH3 немесе фреондар. Бұл жұмысшы дененің маңызы қайнау температурасының төмендігі. Берілген жылу тасымалдағыштардың сипаттамасы 4 кестеде көрсетілген. Мұздатқыш қондырғысының нақты цикліне Карно кері қайту циклі жатады.
4 кесте. Басты суық таратқыштың физикалық параметрлері
Мінездемелер
|
Аммиак
|
Фреон 12
|
Тығыздалған бу қысымы. Ата
|
|
|
+250С-та
|
10,22
|
6,68
|
-100С-та
|
2,97
|
2,24
|
Будың меншікті көлемі м3/кг
+250С-та
|
0,128
|
0,028
|
-100С-та
|
0,42
|
0,08
|
Сұйық энтальпиясы ккал/кг
+250С-та
|
28,09
|
5,7
|
-100С-та
|
-10,97
|
2,19
|
Бу пайда болатын жылу ккал/кг
+250С-та
|
278,7
|
33,86
|
-100С-та
|
309,6
|
38,9
|
Бұл циклда жылу жұмысшы дене арқылы салқындалатын денеденалынады және қоршаған ортаға береді.
Термодинамиканың 2-ші заңына сәйкес мұздатқыш қондырғысының жұмысына механикалық немесе өзге энергия мөлшері шығындалады. поршенді компрессоры бар бу мұздатқышты қондырғының схемасы көрсетілген. Бұл қондырғы 1-ші буландырғыш, 2-ші компрессор, 3-ші конденсатор және 4-ші редукторлы (төмендеткішті) жапқыштан тұрады. V-P және S-T диаграммасында көрсетілген цикл былай жүреді. Х1-құрғақты, p1-қысымда 2-ші компрессор буландырғыштан тығыздалған аммиакты буды сорады. V-P диаграммасында сору процесі 0-1 сызығымен көрсетілген. Содан кейін 1-2 сызығымен компрессорда будың адиабаталық сығылуы жүреді. Сығу кезінде жұмыс шығындалады және ол суық тасығыштың Al ккал/кг жылу шамасына тең және оның энтальпиясы i1-ден i2-ге дейін өседі.
Al=i1-i2 ккал/кг (1)
Бу екінші конденсатордан өткен кезде тұрақты қысымда болады. (p=const диаграммада 2-3 сызығы) нәтижесінде 10-150С қарапайым температурада сумен салқындайды. Содан соң сұйық аммиак қайтадан 1-ші буландырғышқа төмендеткішті жапқыш 4 арқылы қайтады және қысымы p2-ден p1-ге дейін төмендейді. Сұйық аммиак дросселдегеннен кейін шамалы бөлігі буланады және температурасы t3-ге tH1-ге дейін төмендейді. Диаграммадағы 3-0 сызығы дросселдеу процесін көрсетеді. Бу мятиясынан кейін сұйық бу қойыртпағы пайда болады. (х0=0.05). Ол tH1=-100С болғанда 1-ші буландырғышқа келеді және салқындатылатын денеден жылу алып буланады.
Нақты жағдайда салқындатылатын денеден алынған жылу мөлшері буландырғышқа келіп түсетін сұйық аммиактың булану жылуына тең
Достарыңызбен бөлісу: |