«Жылутехника» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет18/30
Дата21.10.2022
өлшемі0,74 Mb.
#154220
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Байланысты:
«Жылутехника» П ніні О У дістемелік кешені

q2=r(x1-x0) ккал/кг . (2)

Мұндағы r –жылу тасымалдағыштың булану жылуы ккал/кг. х1 және х0-Q және 1 нүктелерімен сәйкес келетін қойыртпақ құрғақтығы.


Булану процесі p1=const және tH1=const және 0-1 сызығымен диаграммада көрсетілген. Содан соң цикл қайталанады. Негізінде цикл шекті температурада жүреді. –100С-дан +250С-ға дейін. S-T диаграммасында салқындатылатын денеден алынған жылу мөлшері q2=пл. а-0-1-в-а ауданымен көрсетілген. Мұздату жұмысында меншікті суық өндіру ретінде 1 кг жылу тасымалдағышқа келетін жылу мөлшерін q2-ні алады.


q2=i1-i0 ккал/кг. (3)

мұндағы i1, i0- 0 және 1 нүктелерінде U жылу тасымалдағыш энтальпиясы. Конденсатордағы салқындатылатын суға берілген жылу мөлшері q1=пл. с-3-2I-2-в-с ауданымен өлшенеді. Циклді орындауға кеткен жұмыс шығыны мынаған тең


Al=q2-q1=пл. (4)


c-3-2I-2-1-0-a-c=пл. d-3-2I-2-1-d. (5)

Бұл аудандардың теңдігі мынадан байқалады. Суық тасымалдағыш энтальпиясы редуцированияға және одан кейін тең екендігіне i2=i0 немесе l-d-3-c-l=пл l-d-0-a-l және d-3-m-d тең c-m-0-a-c мұздатқыш қондырғысы эффектілігі мұздатқыш коэффициенті мен айқындалады. Ол шығындалған бірлік жұмыс үшін салқындатылатын денеден қанша жылу алатынын көрсетеді.


(6)

Осы коэффициент жоғары болған сайын қондырғы эффективтілігі жоғары болады.


Бу эжекторлі тоңазытқыш қоңдырғы.
Буландырғыштан жұмысшы дене буы эжектордың араластырғыш құысына келеді. Осы құысқа тұмсық арқылы қазандықтан бу беріледі. Осы қуысқа алынған булар қоспасы эжектордың диффузоррында сығылады және қоюландырғыш салқындатқышқа (кондерсаторға) келіп түседі. Онда буға айналу кезіндегі жылылықты беріп, толығы мен сұйыққа айналады. Қоюландырғыштан (кондерсатордан) шыққан сұйық екі тасқынға тарамдалады. Сұйықтың бір тасқыны реттеуші қақпақпен сығылып реттеледі. Онда сұйықтың температурасы мен қысымы төмендейді, ал сұйықтың біраз бөлігі буға айналады. Құрғату дәрежесі аз мөлшерде алынған ылғалды бу буландырғышқа келіп түседі де суытқыш дене болып саналады. Қоюландырғыштан шыққан конденсаттың екінші тарамы көректендіру сорабымен қазанға жіберіледі, онда ол сырттан берілген жылу мөлшерінің салдарынан буға айналады және эжектордың тұмсығына тағы барып түседі.
Буландырғышта тұрақты қысым кезінде алып буланады және құрғақ бу түрінде эжектордың араласу қуысында беріледі, цикл қайталанады. Буэжекторлы тоңазытқыш қоңдырғысында энергия механикалық жұмыс түрінде емес, ол жылу түрінде жұмсалады.
Буэжектор қоңдырғысының суытқыш коэффициенті мына теңдеумен анқталады:
ε (7)

мұндағы, q2 - буландырғыштағы суытқыш агентке берілетін меншікті жылу мөлшері;


q1 - бу қазанындағы буға берілетін меншікті.
Буэжектор қоңдырғысының елеулі артықшылығына онда қымбаткомпрессордың жоқтығы жатады. Сонымен қатар, олар қарапайымдылығымен, жұмыстағы сенімділігімен (беріктігімен), барлық агрегаттарының өлшемдерінің аздығымен бірақ жылу динамикалық жетістігі, әрі жылулық өнімділігіжоғары емес. Бу эжекторлық тоңазыт-қышқоңдырғысына сай келетін жұмысшы денелерді қолдана отырып, өте төменгі температура алуға мүмкіндік бар.

Өздік бақылау сұрақтары



  1. Тоңазыту қоңдырғысының маңызы қандай?

  2. Тоңазыту қоңдырғылардың түрлері?

  3. Тоңазыту агенттерінің түрлерін атаныз

  4. Бумен жұмыс істейтін компрессорлы тоңазытқыштың жұмыс істеу принципін түсіндір.

  5. Бумен жұмыс істейтін компрессорлы тоңазытқыштың циклын тұрғызыңыз.

  6. Реттеуіш вентилдің сызбанұсқадағы орны.

  7. Бу эжекторлы тоңазытқыштың сызбанұсқасын түсіндіріңіз

  8. Бу эжекторлы тоңазытқышының артықшылығы.


Қолданылған оқулықтар


  1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969, б.290-302

  2. Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б. 290-302

  3. Лариков Н.Н. «Теплотехника» - Стройиздат., 1985. – б.136-145



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет