«Жылутехника» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет21/30
Дата21.10.2022
өлшемі0,74 Mb.
#154220
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Байланысты:
«Жылутехника» П ніні О У дістемелік кешені

Конвекция. Ньютон заңы
Сұйықтың барлық массасының қозғалысы қаншалықты қарқынды араласса, конвекция арқылы жылу алмасу соншалықты қарқынды өтеді. Сонымен, конвекция сұйық қозғалысының гидродинамикалықшартына көп байланысты болады.Ағынның ядросына жылу алмасуы жылу өткізгіштік және конвекция мен өткізіледі. Жылудың мұндай бірлесіп алмасуын конвекциялы жылу алмасу деп атайды. Ортаның турбулентті қозғалысында ағын ядросындағы жылу алмасуы механизмі турбуленттік толқысулық салдарынан болатын араласудың қарқындылығымен сипатталады. Турбулентті толқысулық ядродағы температулардың мәнінің кейбір орташа t – ге дейін теңесуін қамтамасыз етеді. Сондықтан ядродағы жылу алмасу ең алдымен тасымалдағыштың қозғалыс сипатымен анықталады. Қабырғаға жақындаған сайын жылу берудің қарқындылығы төмендейді. Қабырға жанында қалыңдығы  - ға тең жылулы шекаралық қабат т.б. Бұл қабат гидродинамикалық шекаралық қабатқа ұқсас болады, бірақ олардың қалыңдығы әртүрлі.
Конвекция жылу алмасу механизмнің өте күрделілігіне байланысты жылу берудіесептеқиын.Қабырғадансұйыққа ( немесе сұйықтан қабырғаға) берілген жылу шамасын дәл есептеу үшін қабырға жанындағы температуралық градиентті және бет бойынша жылу тасымалдағыштың температуралық өзгеруін білу керек. Бұларды анықтау өте қиын. Сондықтан жылу берудің есептеуін жеңілдету үшін оның негізіне Ньютонның суыту заңын пайдаланады. Бұл заң бойынша: жылу алмасу бетінен сұйыққа (немесе керісінше сұйықтан қатты дене бетіне) берілген жылу мөлшері (dQ) қабырға бетіне (df) қабырға мен сұйықтың температураларының айырмасына (tқ-tс) және уақытқа (d) тура пропорционал:

DQ=df(tқ-tс)d (7)


Немесе үздіксіз әрекетті процесте аппараттың барлық беті (f) үшін былай жазуға болады:


Q =f (tқ-tс) (8)


Немесе,


Q= (tқ-tс)/1/f=(tқ-tс)/R (9)

Мұнда -жылу беру коэффициенті деп аталады. -ның мәні қабырға мен қоршаған орта (тамшылы сұйық немесе газ) арасындағы жылу алмасудың қарқындылығын сипаттайды.


Оның өлщемі:
[]=[Q/f(tқ-tс)]=[Вт/м²к] (10)

сонымен жылу беру коэффициенті -ның физикалық мәні; қабырғаның 1м бетінен сұйыққа 1с уақыт ішінде қабырға мен сұйықтың температураларының айырмасы 1 к болғанда берілген жылу мөлщерін көрсетеді.


1/f=R - жылу берудің термиялық кедергі деп аталады.


Өздік бақылау сұрақтары


  1. Жылу алмасу процесі дегеніміз не?

  2. Жылу алмасу процесінің негізгі қозғаушы күшін қалай табады?

  3. Жылу таратудың негізгі тәсілдерін атаңыз

  4. Жылуөткізгіштік деп нені айтады

  5. Фурье заңының формуласын жазыңыз

  6. Жылуөткізгіштік коэффициенті нені сипаттайды?

  7. Ньютон формуласын жазыңыз


Қолданылған оқулықтар



  1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969. - б.177-184

  2. Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б. 306-347

  3. Лариков Н.Н. «Тепдлтехника» - Стройиздат., 1985. – б.209-223





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет