Дәріс сабақтың мазмұны
Жылулы сәуле шығару
Сәулелі жылуалмасудың негізгі заңдары
Стефан-Больцман, Кирхгоф, Ламберт, Вин заңдары
Екі дене арасындағы сәуле шығару
Газ бен қабырға арасындағы сәуле шығару
Жылулы сәуле шығару
Жылулы сәуле шығару барлық денелерге тән. Егер дененің бетіне Qс.ж мөлшерде сәулелі жылу түссе оның тек бір бөлігі ғана денемен сіңіріліп жылу энергиясына айналады да басқа бөлігі дене бетінен шығарылып қалған бөлігі дене арқылы өтңп кетеді.
Qс.ж=Qa+Qr+Qd (1)
немесе
Qa/Qcж+Qr/Qсж+Qd/Qсж=1 (2)
(1,2) теңдеудегі Qa/Qcж дененің сәулелі жылуды сіңіруі, Qr/Qсж шағылысу, Qd/Qсж өзінен өткізіп жіберу қабілеттерін сипаттайды.
Егер Qa/Qcж= A Qr/Qсж=R және Qd/Qсж=V деп бейнелесек онда
A+R+D=1 (3)
A,R,D – лардың сан мәніне қарай денелер төмендегі түрлерге бөлінеді
- егер А=1(R=D=0) болса онда денеге түскен сәулелі жылудың барлығы сіңіледі мұндай дене – абсолют (мүлде) қарда деп аталады;
- егер R=1 (A=R=D) болса, онда денеге түскен сәулелі жылудың барлығы шағылысады мұндай дене абсолют ақ деп аталады;
- егер D=1 (A=R=0) болса, онда денеге түскен сәулелі жылудың барлығы денеден өтіп кетеді. Мұндай дене абсолют мөлдір дене деп аталады.
Табиғатта абсолют қара, ақ және мөлдір денелер жоқ. A,R және D лардың арасындағы байланыстар дененің табиғатына беттің түріне және оның температурасына байланысты болады. Әдетте қатты дене және сұйықтар үшін D=0 R+A =1 болады. Газдар негізінен мөлдір денелер қатарына жатады. Нақты жағдайда денелер бетіне түскен сәулелі энергияның бір бөлігі сіңіріледі, тағы бір бөлігі шағылысады, ол қалғаг бөлігі денеден өтіп кетеді. Мұндай денелер сұр денелер деп аталады.
Стефон –Больцман заңы
Беті F дененің уақытта шығарған сәулелі мөлшерін дененің сәуле шығару қабілеттілігі деп аталады.
Е=Фсж/f=Вт/м² (4)
Стефон - Больцман заңы бойынша : сұр дененің сәуле шығару қабілеттілігі оның абсолюттік температурасының төртінші дәрежесіне тура пропорционал болып келеді.
E=C(T/100)4; (5)
С –сұр дененің сәуле шығарә коэффициенті деп аталады.
Өздік бақылау сұрақтары
Жылулы сәуле шығарудың маңызы
Сәуле шығару процесінің жылулық балансын жазыңыз
Абсолютті ақ және қара дене дегеніміз не?
Стефан-Больцман заңын жазыныз
Жылу сәуле шығарудың негізгі заңдары қандай
Екі дене арасындағы сәуле шығару
Газ бен қабырға арасындағы сәуле шығару
Қолданылған оқулықтар.
Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969. - б.212-225
Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б. 402-422
Лариков Н.Н. «Тепдлтехника» - Стройиздат., 1985. б.262-267
Достарыңызбен бөлісу: |