«Жылутехника» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет26/30
Дата21.10.2022
өлшемі0,74 Mb.
#154220
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
«Жылутехника» П ніні О У дістемелік кешені

Жылу алмастырғыштар
Жылу алмастыру аппараттары деп олардың технологиялық немесе энергетикалық жылытқыштар, қойылту, буды суға айналдыру міндеттеріне қарамай олардың жұмысшы денелерінің арасындағы жылу алмасатын аппараттарын айтамыз.
Жылу алмастыру аппараттарының технологиялық міндеті көп түрлі: жылу алмастыруаппараттарында жылу беру негізгі процесс, ал реакторларда жылу процессі қосымша роль атқарады.
Жылу алмастыру аппараттары әртүрлі белгі бойынша реттеледі.
Жылу берілу жолдары бойынша жылу араласатын жылу алмастыру аппараттары.олардың ішінде жұмысшы денелер бірбірімен түйіседі немесе араласады, беттік жылуалмастыру аппараттары жылу осы орталарды бөліп тұратын қатты қабырға арқылы бір денеден екінші денеге таралады
Негізгі атқаратын міндеті бойынша жылытқыштар буландырғыштар, тоңазытқыштар, газдың немесе будың суға айналуын жүзеге асыратын аппарат.

Өздік бақылау сұрақтары


  1. Жылу беру түрлерін атаңыз

  2. Жылу өткізгіштік тәсіл дегеніміз не?

  3. Конвекция туралы түсінік

  4. Жылулық сәулелену түсінігін берініз

  5. Жылу беру коэффициентінің физикалық мәні

  6. Жылу тасымалдау коэффициентің формуласын жазыңыз

  7. Термиялық кедергілердің түрлері

  8. Жылу алмастырғыштардың пайдаланылуы, түрлері


Қолданылған оқулықтар



  1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969. - б.177-184

  2. Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б. 424-432

  3. Лариков Н.Н. «Тепдлтехника» - Стройиздат., 1985. – б.274-285

Дәріс 15. Энергияны үнемдеп сақтау негізі




Дәріс сабақтың мазмұны



  1. Электр станциясындағы шығындар түрі

  2. Жылу электр станцияларының ПӘК

  3. КӘС-тің жұмысын сипаттайтын шамалар және оларды көтеретін жолдар

  4. Жылу электр станция және оның түрлері

Бу қозғалтқыштарын қарастырғанда оларда болатын жылу шығындарын анықтадық. Электр станцияларының жұмысын сипаттау үшін, жылу қозғалтқыштарындағы шығындардан басқа бу қазандықтарындағы және жылу тасымалдағышты тасымалдауға кететін шығынды да есепке алу кажет.


Жылу электр централдық берілген есептік уақыты ішіндегі толық ПӘК (брутто) мына формуламен анықталады:


(1)
мұндағы, N – берілген есептік уақыт аралығындағы жылу электр централдың шығарған электр энергия мөлшері, кВт·сағ;
Qn – берілген есептік уақыт аралығындағы тутынушыларға жіберілген жылу мөлшері, ккал;
B – берілген есептік уақыт аралығындағыжылу алуға жұмсалған отын мөлшері, кг
- отынның орташа жану жылулығы, ккал;
Конденсациялы электр станциясының (КЭС) жұмысын сипаттайтын негізгі параметр 1 кВт·сағ жұмсалытын жылу шығыны:


(2)
мұндағы, D – берілген есептік уақыт аралығындағы бу қазандығынан алынатын бу мөлшері, кг;
io,iкc– берілген есептік уақыт аралығындағы бу энтальпиясы мен көректендіру суының энтальпиясы, ккал/кг;
ηқуб, ηбу қаз – құбырлар мен бу қазандығының ПӘК.
Конденсациялы элект станциясының үнемділігін көтеру үшін жақсарту қажет. Ол үшін будың бастапқы параметрлерін көтеру керек, салқындатқыштағы қысымды төмендету, аралық қыздыруды пайдалану, машиналар мен агрегаттарды жетілдіру, құбырлар ұзындығын азайту, жылулық оқшауландыруды жақсарту, әкетілетін газдар температурасын төмендету т.б. қажет.
КЭС-тің негізгі үнемдік көрсеткіші болып электр энергиясының құны саналады. Электр энергиясының құны станцияның жылдық эксплуатациялық шығынының өндірілген энергия мөлшіріне қатнасы мен анықталады.
Станцияның жылдық эксплуатациялық (пайдалану шығыны жазылатын отын мөлшерінен майлауға қажетті май мөлшерінен т.б. құралады.
Электр станциясы деп табиғи энергияны электр энергиясына айналдыру пайдаланылатын энергетикалық қоңдырғы. Кеңінен пайдаланылатын электр станциясының түрі жылу электр станциясы (ЖЭС). Онда органикалық (қатты, сұйық, газ тәрізді) отындарды жағу кезінде алынған жылу энергиясын пайдаланады. ЖЭС-те электр энергиясы айналып тұратын генератор көмегімен өндіріледі. Генератор айналысын жылу қозғалтқышынан, ал кейде газ турбинасынан алады. Органикалық отынмен жұмыс істетін ЖЭС-тер тұтынуға жіберілетін энергия түрімен конденсациялы электр станциясына (КЭС) және жылуэлектрцентраль (ЖЭС) бөлінеді.
КЭС-тың жұмысының негізіне қыздырылған бумен жұмыс істейтін Ренкин циклы жатады. Бұл циклға сәйкес КЭС қарапайым сызбанұсқасы бу қыздырғышы бар бу қазандығынан турбо агрегаттан, салқындатқыш бен одан конденсатты бу генераторың әкететін сараптан турады. КЭС тұтынушылармен тек электр энергиясын тасымалдаушы жүйелерден турады, соңдықтан ол тұтынушылардың алыста яғни отын өндіру орнында туруы мүмкін.
ЖЭС тұтынушыларға электр және жылу энергиясын беретіндіктен, ол өндіріс орындары мен тұрған үйлер ауданына жақын орналасуы керек себебі жылу шығыны ол кезде аз болады.
Дизелді электр станциялары негізінен алыс аудандарда пайдаланылады. Ал газ турбиналы электр станциясы газ тапшылығы себепті аз пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет