Термодинамикалық жүйе Табиғаттың көптеген құбылыстарында бір-бірімен әртүрлі байланыста болатын көптеген денелер қатысады. Жылу және жұмыс түрінде өзді-өзді және айнала ортамен энергия алмасатын материалдық денелердің жиынтығы термодинамикалық жүйе дер аталады. Осы термодинамикалық жүйені таңдау өз пайымдауымызға берілген.
Жылу динамикасы жүйенің қарапайым мысалы ретінде поршень мен цилиндрдің астындағы газды алуға болады. Егер жылу динамикалық жүйе сыртқы ортамен ешқандай байланысы болмаса ондай жүйені тұйықталған немесе тұйық жүйе деп атайды. өзінің көптеген бөліктерінде құрамы және физикалық қасиеті бірдей жүйені физикалық біртекті немесе біркелкі жүйе деп атайды. біртекті жылудинамикалық жүйе, егер олардың ішінде оны бөліп тұратын, бөлу беттері болмаса, онда ондай жүйе галогендік жүйе деп аталады (мысалы, мұз, су, газ). Олардың арасында бөлу беттері болса гетерогенді жүйе деп аталады. Гетерогенді жүйе бөлу беттері бір-бірімен араласпайтын, әрқайсысының физикалық қасиеті бір макроскопиялық заттардан тұратын жылудинамикалық жүйені айтады (мұз+су, су+су буы).
Жылудинамикалық тепе-теңдік Жылудинамикалық жүйеге кіретін барлық заттардың күйі ұзақ уақыт өзгермесе онда жүйенің мұндай күйін жылудинамикалық тепе-теңдік деп атайды. жылудинамикалық тепе-теңдік жүйенің заттарының температуралары айналадағы ортаның айналадағы ортаның температуралары
Өздік бақылау сұрақтары
Жылу техникасы нені оқытады?
Жылу техникасының теориялық бөлімдерін атаныс.
Жылу динамикалық жүйе дегеніміз не?
Жылу динамикалық процес дегеніміз не?
Жылу дегеніміз не?
Жұмыс пен жылу арасындағы баламалы принцип туралы не білсіз
Қолданылған оқулықтар
Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20
Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15
Лариков Н.Н. «Тепдлтехника» - Стройиздат., 1985. – б.4-16
Баскаков Б.В., Берг О.К., Витт и др. «Теплотехника» - М.: Энергоатомиздат., 1991. – б. 4-11, б. 40-41