Дәріс 8. Су буы
Дәріс сабақтың мазмұны
Су буының жалпы мәліметтері туралы
Су буының түрлері
Су буының параметрлерің кестеден алу
Су буы. Жалпы мәліметтер
Реалды газ әртүрлі сұйықтардың буын құрайды. Идеалды газдан реалды газдың айырмашылығы, ол конденсацияланған немесе қатты күйге ауысқан болар еді. Техникада әртүрлі заттардың: су, аммиак, хлорлы метил, сернистого ангидрида және т.б. буы кеңінен қолданады. Жылыту және басқа да қондырғылар үшін бу қозғалтқыштарда су буын кеңінен қолданады. Енді біз су буын қарастырамыз. Алдында идеалды газ заңын жұмысшы дене үшін пайдалануға болады деп айтқанбыз . молекулалардың ішіне әсер ететін күштердің әсерінен заңдарды жұмысшы дене үшін қолдануға болмайды, оның жағдайы сұйық күйде болады. мұндай заттар қатарына жылуэнергетикасында қысым, температурада қолданатын су буын жатқызуға болады. Мұндай шарттарда су буына Клапейрон теңдеуі әсер етпейді. Берілген теңдеулер қатарынан реалды газ үшін Ван-дер-Ваальс теңдеуін жазуға болады:
(1)
мұндағы a және в берілген газ үшін тұрақты. a/V-бірінші көбейткіште молекулалардың әсерінен күшті көрсетеді. 2-ші көбейткіште в-молекула көлеміне әсерін көрсетеді. (Идеалды газға Клапейрон теңдеуін жазуға болғандықтан молекула көлемі 0-ге тең болады). Идеалды газ үшін бұл теңдік Клапейрон шартында болады. идеалды газ үшін молекулааралық күш болмаса және көлемі 0 болса, онда теңдеуі мына түрге келеді
PV=RT. (2)
Кейбір шарттардағы реалды газ үшін Ван-дер-Ваальс теңдеуі дұрыс нәтиже бермейтінін экспериментальдық тексеру дәлелдейді. Қазіргі кездерде реалды газдар үшін дәлірек теңдеу «М.П.Вукалович және Н.И.Новиков теңдеулері». Олар су буы үшін де қолданады. Бұл теңдеуде молекулалар арасындағы ілініс күші және оның көлемін сонымен бірге молекула ассоцияциясын бір молекулаларды 2 және 3 молекулаларға біріктіретінін ескереді. Осы кезде теңдеу тәжірибе нәтижелерімен дәл келеді. Бірақ практикалық мақсаттар үшін реалды газ теңдеуін қолдану тиімсіз болып келеді. Көбіне су буының таблицасынан немесе су буының S-i диаграммасынан берілген өлшемдерді пайдаланады.
Кестені S-i диаграммасын пайдалану үшін судың буға айналу процесін және оның өзгеруін қараған жөн. Бу қазандарында су буы әртүрлі конструкциялы және өнімділікті алады. Қазандағы буға айналу процесі негізінен тұрақты қысымда өтеді p-const
Достарыңызбен бөлісу: |