Ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «Мектептегі логопедиялық жұмысты ұйымдастыру» атты


Сыныптан тыс сөйлеу тілі іс-шараларын өткізуге арналған



бет12/34
Дата09.06.2022
өлшемі130,39 Kb.
#146275
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
Логопед әдістеме

Сыныптан тыс сөйлеу тілі іс-шараларын өткізуге арналған
ұсыныстар

Дұрыс сөйлеу тілін тәрбиелеу тек логопедиялық сабақтаржағдайында ғана емес, сонымен сабақтан тыс уақытта сөйлеу тілі іс-шараларын ұйымдастырудың түрлі формалары арқылы іске асады.


Сөйлеу тілі іс-шараларының мақсаты – тілдік қатынастыдамыту, логопед қойған дыбыстарды сөйлеуде бекіту, байланыстырып сөйлеуді, фонематикалық түсініктерді дамыту, сөздік қорды байытужәне белсендіру, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымынжетілдіру. Сонымен бірге ойлауды, зейінді, есте сақтауды түзетужұмыстары жүргізіледі. Тілдік іс-шара материалының мазмұныарқылы тәрбие міндеттері шешіледі.
Сыныптан тыс іс-шараларды өткізу формалары түрлі болады:тақырыптық кештер, диафильмдерді көрсету және дыбыстау,қуыршақ театры, тілдік кештер т.б.
Сыныптан тыс сөйлеу тілі іс-шарасының анализінің үлгіжобасы.

  • Іс-шараның тақырыбы және мақсаты.

  • Іс-шара жоспарының толық ойластырылып жасалуы.

  • Іс-шараны өткізу кезінде арнайы әдістемелік әдебиеттердіқолдану.

  • Бөлмені безендіру сапасы.

  • Қосымша құралдарды қолдану (ТСО, музыкалықинструментер).

  • Оқушылардың іс-шараны дайындауға қатысуы.

  • Іс-шараны өткізу.

  • Іс-шараның ұзақтығы.

  • Тілдік материалдың қол жетімдігі.

  • Тілдік әрекет түрлері және балалардың сөйлеу тілініңбелсенділігі.

  • Іс-шараның түзетушілік-дамытушылық, тәрбиелікбағыттылығы.

  • Іс-шара барысында дифференцияланған қарауды іске асыру.

  • Пәнаралық байланысты іске асыру.

  • Сөйлеу тілі іс-шарасын өткізу үрдісінде оқушыларды белсендіетудің амалдары мен әдістері.

  • Педагог пен оқушылардың орны және тәртібі.

  • Оқушылардың іс-шараны өткізуге қатысуы, қатысу түрі:көпшілік, өздігінен орындауы, жауапкершілік.

  • Іс-шараны өткізу барысында оқушылардың қызығуы жәнетәртіптілігі.

  • Логопедтің ұжыммен жұмыс істей алуы, жұмысындағы стиль:тапқырлық, эмоционалдық, педагогикалық такт.

  • Жалпы қорытынды:

  • Логопедтің жұмыстың бұл түрін өткізуге дайындық деңгейі.

  • Болашақта оқушылармен жұмыстың бұл түрін жетілдірубойынша ұсыныстар.

Қосымшалар


№1 қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет