4. Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін тексерудің логопедиялық сөйлеу карталары(бекітілген үлгідегі (қосымша №2)логопунктке тіркелген жалпы тіл кемістігінің ІІІ деңгейі, фонетико-фонематикалық жетіспеушілігі, жазу мен оқу бұзылыстары, тұтығу, сөйлеудің дыбыс айту жағы бұзылған (дислалия, дизартрия, ринолалия) әртүрлі бұзылыстары бар логопедиялық қорытындылар толтырылады.
«Дыбыс айту бұзылуы» деген логопедиялық қорытындысыбар баланың сөйлеу картасын толтырғанда артикуляциялықаппараттың құрылысына және дыбыстың бұзылу сипатына назараудару қажет. Мысалы: р – велярлы, увулярлы, с – тісаралық, ш –төменгі, осындай мысал келтіру міндетті.
Фонетико-фонематикалық жетіспеушілігі бар балаларға сөйлеу картасын толтырғандаартикуляциялық аппараттың құрылысына, дыбыстың бұзылусипатына, фонематикалық үрдіс деңгейіне, оппозициялықдыбыстарды жіктеуге, анализ және синтез дағдыларына назар аударылады Мысалы: С↔Ш; Б↔П; Р↔Л;
Жалпы тіл кемістігі және фонетико-фонематикалық жетіспеушілігімен негізделген оқу мен жазу бұзылыстары деген логопедиялыққорытындылары бар сөйлеу карталары сөйлеу тілі кемістігінің сипатыбойынша толық болуы керек. Оның ішінде диагностикалық жазбашажұмыс және қателерді талдау хаттамасы болуы керек. Сөйлеу тілініңдыбыстық және мағыналық жағы бұзылғандықтан барлық бағандар дұрыс толтырылуы қажет. Дыбысталудың, фонематикалықпроцесстердің даму деңгейінің, сөздік қордың шектелуі және
жеткіліксіз жіктелуінің, грамматикалық құрылымның бұзылуларыныңсипаттамасы болу керек. Тексеру кезіндегі баланың сөйлеу тілініңмысалдары көрсетіледі. (Таңбалар қолданылады: ауыстыру =,алмастыру ↔). Жыл ішінде сөйлеу картаға логопедтің қандайкемістіктермен жұмыс істегені жайлы жазбалар, сол жұмыстыңнәтижелері жазылады.
5.Оқушылардың логопедиялық сабақтарға қатысуын тіркейтін журнал келесі түрде жазылған, бекітілген үлгідегі сыныпжурналы сияқты болуы керек. Мысалы:
____2015-2016____оқу жылына арналған
логопедиялық пункттегі логопедиялық сабақтарға қатысу журналы
_________Батыс Қазақстан____ облысы /қаласы/мектебі
_________Орал қаласының №__ жалпы орта білім беретін мектебі
Журналды толтыру екі тілде жүргізіледі. Бірінші бетте директор бекіткен логопедиялық сабақтар кестесіжазылуы керек. Екінші бетте келесі түрде толтырылатын бөлім:
с №
|
Логопедиялық топтың аты
|
Беті
|
1
|
№1 топ. ЖТК-нің ІІІ деңгейі. 1 сынып
|
4-6 беттер
|
Бір топқа 3-4 бет, шағын топтарға және жеке оқитын әр оқушыға3 беттен беріледі.
Үшінші бетте – зерттеу. Мұнда логопед-мұғалім 1-15 қыркүйекжәне 15-30 мамыр аралығындағы тексеру нәтижелерін тіркейді.
Төртінші бетте сол жақ жартысында үстінде топтың аты,логопедиялық қорытынды, сынып белгіленеді. Мысалы: Топ №1. Жалпы тіл кемістігінің ІІІдеңгейі 1 сынып.
Топтың тізімі алфавиттік тәртіпте жазылады. Баланың аты-жөнітуу туралы куәлігі бойынша жазылады. Күндер мен жыл сандартүрімен (02, 05, 11, 19, 2015ж.), айы қазақ және орыс тілінде. Сабақтаболу жайлы белгі, болмауы – «ж». Оң жақ жарты бетте жазылады:логопед-мұғалімнің аты-жөні. Күні: 02.09.2015ж. және күнтізбелік-тақырыптық жұмыс жоспары бойынша өткізілгенсабақ тақырыбы.
Журнал әр сабақтың басында толтырылады. Жеке топтарға жәнежеке сабақтарға берілген беттердің үстіңгі сол жақ жартысындатоптың номерінің орнына жұмыс жүргізілетін бұзылған дыбыстар тобы жазылады.
Соңғы беттердің біреуінде «Демалыс кезіндегі логопед-мұғалімнің жұмыс уақытын тіркеу» жүргізіледі.
Журналқаражаттық есеп беру құжаты болып табылады.Тізімдегі барлық оқушылардың толығымен оқуды аяқтау кезіне дейін,яғни 2 жылдан кем емес логопедиялық пунктте сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |