Мотивациялық-қозғаушылық
|
Балалар шаттық шеңберіне
тұрып:
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Балалар қазір қай мезгіл? Күздегі ерекшеліктерді, Алтын күз – Золотая осень туралы түсінік беру, бақшадан жиналатын көкөністер жайлы айту. Көпірден өтіп, көкөністерді телевизордан көруге шақыру. Көкөністерді қазақ және орыс тілінде атау.
|
Шаттық шеңберіне тұрып
Қайталайды
Балалар амандасады.
Тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Есік қағылып, бөлмеге Алтын күз кіріп келеді.
Амандасып, балаларға қонаққа келгенін айтады.
Мен Алтын күзбін
Жайдарлы жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге - деп алып келген көкөністерін көрсете отырып өлең оқиды:
Шолып едім бақшаны,
Көкөніс біткен көңілді.
Жасыл, сары, қызыл
Сан алуан көкөніс.
- Мен сендерге өзіммен бірге көкөністерімді алып келдім.
- Я, принесла с собой овощи.
Балаларға көкөністерді бір - бірлеп таратып береді,таныстырады.Олардың пайдасын айтады.
Балалар аналарың үйде көкөністерден не жасайды?
Ойын: «Қоймаға көкөністерді жинау»
Сәбіз бізде Айгерім болады.
Жуа бізде Гүлден.
Ал картоп Талант болады.
Көкөністерді қоймаға қалай жинап, апаратынын біледі екенсіңдер.
Қамыр терапия. Тестопластика
Балалардан қандай көкөністермен танысқандарын сұрау. Көкөністердің ішінде қазір салат жасап жеуге болатындарын еске түсіру. Қиярмен қызанақты қамырдан жасауға шақыру. Тәрбиешінің көрсетіп беруі. Балалардың жұмысы. Қиналған балаға жеке көмек көрсету.
Қандай көкөністер жасадық?
Қалай жасадыңдар?
Жарайсыңдар, балалар сендер не жасағандарыңды айтып бердіңдер. Келесі сабақта біздер бірлікте осы көкөністерімізді бояғышпен бояймыз.
Айтыңдаршы, қиярды қандай түспен бояймыз?
Қиярды кім маған көрсетеді?
Қызанақты ше?
Балалар, сендер қиярмен қызанақты әдемі жасадыңдар.
Ендеше мен сендерді көкөністерімнен дәм татуға шақырамын.
Сергіту сәті:
Көк аспанға қараймын
Кеткен құсты санаймын
Үшбұрыш боп тырналар
Жылы жаққа оралар.
Ал, енді менің сендермен қоштасатын уақытым келіп жетті. Келесі жылы кездескенше, сау болыңдар!
До свидания, ребята!
|
Балалар Алтын күзбен амандасады
Өлеңді мұқият тыңдайды.
Көкөністерді балалар ұстап көреді. Балалар көкөністерді атайды:
Бұл қызанақ - помидор ол қызыл - красный, жуа – лук, ол сары - желтый, сәбіз – морковь, ол қызғылт сары– оранжевый, т.б.
Салат, сорпа – суп, борщ т.б.
Балалар ойынға қатысады.
Сергіту сәтін жасайды.
Сау болыңыз!
До свидания!
|