Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Таным,Қатынас, Шығармашылық Бөлімі



бет1/2
Дата31.01.2020
өлшемі2,49 Mb.
#56876
  1   2
Байланысты:
Заттар қасиеттері
Заттар қасиеттері
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным,Қатынас, Шығармашылық

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу, Сөйлеуді дамыту, Сурет салу.

Тақырыбы: Заттардың қасиеттері

Мақсаты: Балаларды әртүрлі заттармен таныстыру. ( плассмас, ағаш, темір,шыны.

Білімділік: Заттарды бір бірімен салыстыру, мәлімет беру,тәжірібе жүзінде көрсету;

Дамытушылық:Балалардың ой-өрісің, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:заттарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу

Қостілдік компонент:заттар-предметы, ағаш-дерево, шыны-стекло,темір-железо,плассмас-плассмаса.

Керекті құралдар: ағаштан,шыныдан,темірден,плассмастан жасалған лғабұйымдар, суреттер жиынтығы, слайд


Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Жарқырап күн ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Біз нәзік қыздармыз,

Біз ержүрек ұлдармыз.

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.

Қыз қолында гүл тұрсын,

Ер қолында ту тұрсын.

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң апайлар.

Шеңберге тұрып,қимылдарын қайталайды



Үйымдастыру іздестіру

  • Балалар,осындай жақсы көніл-күймен оқу іс-әрекетімізді бастайық.

-Балалар, бүгінгі балабақшаның поштасына , бас қаламыз Астанада тұратын Білгішпектен біздін топқа арналған салем-сауқат келіпті. Кане,балалар бұл салем-сауқатта не бар екенін ашып көрейік.

- Мынау не балалар?

- Ия, бұл қазағымыздын қасиетті қара домбырасы .

-Ал, мынау не?

-Сыңғыр-сыңғыр етеді уақытты бізге білдіреді.

-Ал,мынау не?

Дұрыс айтасындар,

Қыз балаларымыз жақсы көретін қуыршақты жіберіпті.

-Ал,енді мынау не екен?

-Тобымызға гүл салып қоятын құмырада бар екен.

-Балалар,сәлем сауқаттың ішінде хатта бар екен,сол хатты сендерге оқып берейін:

«Құрметті, «Ботақан» тобының балалары! Бұл заттарды сендерге жіберген себебім:осы заттардың қасиеттерімен жеке -жеке танысып, адам өміріне қажеттіліктерін түсініп, айыра біліп берулеріңді сұраймын.

Балалар, олай болса осы жіберілген заттардың неден жасалғаннын талдап көрейік.

-Домбыра неден жасалған?

-Қоңырау неден жасалған?

-Қуыршақ ше?


-Құмыра неден жасалған?

-Ендеше,балалар,Білгішпектің бізге жіберген осы заттары туралы ертегісін айтып берейін.

«Ерте-ерте,ертеде Темір,Ағаш,Пласстмас,Шыны тату-тәтті өмір сүріпті.Елдің қажетіне көмек көрсетіпті.Күндердің күнінде олар бір-бірімен сөзге келіп қалыпты:

« Қайсымыз ең мықты,қайсымыз ең қажетпіз»деп.Осы мәселені шешу ушін олар саяхатқа шығыпты.Олар келе жатып бір көлге кездеседі,оларға көлдің келесі жағына өту керек болды.



-Балалар олар көлдің келесі жағына қалай өтеді деп ойлайсыңдар?
-Олай болса көлден қалай өтетіндерін зерттеп көрейік.

Балалармен бірге зерттеу жасау.

Балаларға су құйылған ыдысты отаға қойып,көл ретінде таныстыру.

-Балалар,бұл су құйылған ыдысты ертегідегі көл реттінде елестетіп көрейік.

Темірді суға саламыз.

-Қалай ойлайсыңдар,темір неге бірден суға батып кетті?

-Дұрыс,өйткені ол ауыр.

-Енді плассмасты,шыныны,ағашты суға салайық.Не көріп тұрсыңдар?

-Балалар,ойланып көрейікші, бұл заттар көлдің келесі шетіне қалай шығады?

-Иә,балалар,шыны,темірзаттарды ағаштың үстіне қойып кезекпен кезек өтізуге болады.

-Сондықтан,су көліктері ағаштан жасалады.

Бұл жерде ағаштың көмегімен барлығы жағаға шықты.

«Менің көмегіммен аман – есен судан өттіңдер.Мен адамға өте керек затпын» - деп ағаш бәріне мақтанады.

Олар саяхаттарын әрі қарай жалғастырады.



Бір уақытта қарындары ашып,олар от жағады.Оларға ботқа пісіруге қандай материалдан жасалған ыдыс керек деп ойлайсыңдар?

Мына заттардың қайсысы отқа төзімді,соны зерттеу арқылы тексеріп көрейік.

Майшамды жағайық,бірінші плассмас затты оттың үстіне ұстап көрейік, не көріп тұрсыңдар,ол бастапқы қалпын жоғалтады.Ағаш жанады,шыны жарылып қалады. Енді темірді отқа ұстап көрейік, қандай өзгеріс көрдіңдер?

Темір мықты,жарылмайды,тез ысыйды,бірақ жанбайды, отқа төзімді.

Бұл зерттеуімізден қандай шешімге келдік?

Тамақты отқа тек қана темірден жасалған ыдысқа пісіруге болады.

-Айналамызда темірден жасалған қандай бұйымдар көріп тұрсыңдар?

Балаларға темірден жасалған бұйымдары көрсету.

Сонымен ботқаны пісіріп болды.Енді ыстық ботқаны жеу үшін өзінің сүйікті қасығын алады.



Балаларға қасықтарды бір-бірден көрсету.

-Қалай ойлайсыңдар, қандай қасықпен ыстық ботқаны жеу ыңғайлы?

-Темір қасық тез ысыйды, плассмас қасық ботқадан майысып қалады, шыны қасық жарылуы мүмкін. Ең ыңғайлы қасық ол – ағаш қасық.

-Неге деп ойлайсыңдар?

-Ол ысымайды, майыспайды, жарылмайды.

-Ал, қазіргі заманда неге темір қасықпен тамақ жейміз, өйткені ол мықты, тез жуылады, ал тамақ ыстық болса, суығанша күтеміз.

-Бұл зерттеуден ағаштың қандай қасиетін көріп тұрмыз?

Ағаш жеңіл, үсті бұжыр, тез жанады,бірақ темір тәрізді ысымайды.

Ботқаны жеп болған соң біздің достарымыз өздеріне үй салмақшы болады.

-Қалай ойлайсыңдар. Үйді қандай материалдан салуға болады?

-Ойланып көрейікші, мысалы темірден үй салсақ, ол ысып кетеді, ондай үйде тым ыстық болады, пласстмасадан үй салсақ, ол күннің көзіне төзімсіз, ол ысыйды, бірақ жылуды ұстамайды, сондықтан мұндай үйде суық болады. Ал, шыныдан үй тұрғызсақ, ол ауа өткізбейді, тез сынады.

Жылы, төзімді үйді ағаштан салу өте ыңғайлы. (көрсету)



-Ал, үйдің терезін неден саламыз?

-Шыныдан – стекло

(шыныдан жасалған заттар көрсету)

-Біз өткен оқу іс – әрекетімізде шыны туралы көп зерттеу жасағанбыз. Есімізге түсіріп көрейікші. Шыны – мөлдір, тегіс, тез сынғыш, су өткізбейді.

-Шыны істейтін адамдарды қалай атаймыз?

Шыны үрлеуіш – стеклодув

-Ал, сендер шыны үрлеуіш болғыларың келе ма?





Сергіту сәті: «Сабынды көпіршіктер»

-Енді, плассмасадан жасалған заттарды атайық.

Плассмас – жеңіл, тегіс, түстері ашық, жерге құлағанда қатты дыбыс шығарады.

-Енді, балалар, мен сендердің есте сақтау қабілеттеріңді тексергім келіп тұр. Ол үшін ойын ойнап көрейік.



Д/ойын: «Заттарды материалдарына қарай топтастыр»

Домбыра


Қоңырау

Қуыршақ
Құмыра

Ағаштан.Дерево

Темірден.Железо

Плассмастан.

Плассмасса

Шыныдан.Стекло

-балалар өз ойларын айтады


Ауыр.


Шыны,темір заттарды ағаштың үстіне қойып кезекпен өтізуге болады.

-балалар жауабы


-жауаптары


-жауаптары


-жауаптары


-жауаптары

-өз ойларын білдіреді

-қызығушылық танытады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет