Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№2 топқа арналған
Тәрбиеші: күні: «___» __________20 __ж
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қасқыр мен жеті лақ (ертегі)
Мақсаты: білімділік:балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысына талдау жасауға үйрету.
Дамытушылық:өзара көмектесу, қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.
Тәрбиелік:жан-жануарларға мейірімділік білдіруге тәрбиелеу.
Қостілдік құрамы:
Дәлелдеу – ояту
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Балалар әрекеті
|
Шаттық шеңберi.
Анаң – күнің, жүрегің,
Әжең – өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталап айтады.
|
Ұйымдастыру – іздену
|
Кіріспе әңгіме: - Бүгін, біз, балалар, «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісімен танысамыз. Ертегіні оқып беріп, мазмұнын айту.
Сұрақ –жауап арқылы балалады жетелеу:
-Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?
-Анасы лақтарға не айтты?
-Анасы кетіп қалғанда не келді?
-Қасқыр қандай аң?
|
Балалардың жауабы.
|
Рефлкесивті түзету
|
«Қасқыр мен жеті лақ» ойыны. Мақсаты: мәнерлеп айтуға, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру. Ойын шарты: балалар ертегі мазмұнын игеріп, қасқыр, ешкі – лақтардың жауаптарын жақсы білуі керек. Педагог рөлдерді бөліп, атрибуттарды үлестіреді. Сонымен ойын басталады. Педагог балалардың назарын бір кейіпкердің дауыс ырғағы мен екпініне аударады. Ешкі мен лақтар жіңішке дауыспен , қасқыр басында жуан, сонан соң жіңішке дауыспен, өте жіңішке дауыспен сөйлейді. Ойын осылай жалғаса береді.
|
Балалар ойынға белсене қатысады.
|
Қорытынды нәтиже:
Нені білу керек?ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атауларын.
Қандай түсініктерді игерді?мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:шығарманы зейін қойып тыңдауы.
Достарыңызбен бөлісу: |