Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Бекітемін: Тобы: «Ботақан» Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу Тақырыбы: «Әсем құс»



Дата21.07.2020
өлшемі27,95 Kb.
#63483

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Бекітемін:

Тобы: «Ботақан»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Әсем құс»

Мақсаты: Балаларға құстың мүсінін, денесінің сопақ пішінін көрсетіп, ұсақ бөліктерге созып және шымшыптұмсықты, құйрықты және қанаттарын жасауға үйрету.

Табиғатты қорғауға, аялауға баулу. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ойларын, сөздік қорын дамыту.

Көрнекіліктер: үнтаспа, тары, «Алтын күз», түрлі-түсті құстардың суреттері, торғайдың үлгісі, бағалау жапырақтары.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, созу, шымшу, есу әдістері, көрсету, мадақтау.

Керекті құралдар: сазбалшық, май, қылқалам, су, сүрткіш, тұғыр, тақтайша, таяқша (стек).

Қос тілділік: торғай-воробей, құс-птица, қарға-ворона, сазбалшық-глина.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар орындарынан тұрып келген қонақтармен, тәрбиешімен амандасады.

Жарайсыңдар, балалар енді орындарына отыра қойыңдар.

Балалар енді көзімізді жұмайық. Осы кезде құстардың дауысы үнтаспадан естіледі.

Балалар бұл ненің дауысы.

Дұрыс, айтасыңдар балалар бұл жылы жаққа ұшып, елімен қоштасып бара жатқан құстардың дауысы. Ал, құстар қай мезгілде жылы жаққа ұшып кетеді?

Дұрыс, балалар.

Енді күз мезгілі туралы не білеміз.

Балалар әңгімелеп айтады.

Жарайсыңдар балалар күз мезгілі туралы көп мағұлмат біледі екенсіңдер.

Құстардың дауысы.


Күз мезгілінде.

Күз мезгілінде күн суытады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жапырақтар сарғайып түседі.



Ұйымдастыру -ізденуші

Ғажайп сәт: Топқа «Алтын күз» кіреді. Амандасады.

Алтын күз: Балалар, мен осы топтан құстардың дауысын естідім. Ал, сендер білемісіңдер, құстардың барлығы күзде жылы жаққа ұшып кете ме?

Дұрыс айтасыңдар балалар, ол құстарды не деп атаймыз?

Жыл құстарына қандай құстар жатады?

Мен өзіммен бірге тары ала келдім.

Сол тарыны жейтін торғайды жасап беремісіңдер маған.

Алтын күз артқа жайғасады.

Тәрбиеші балаларға жыл құстарының суретін көрсетіп олар туралы мағұлматтар береді.

Тәрбиеші:Олай болса балалар, бүгінгі мүсіндеу оқу іс-әрекетінде торғайды мүсіндейміз.

Балалар біз мүсіндеу оқу іс-әрекетінде немен жұмыс жасаймыз?

Балаларды жұмыс жасайтын құралдармен таныстыру.

Үлгіні көрсету, торғайдың құрылысына мән беріп, әңгімелеу.

Мүсіндеу жолдарын көрсету:

-қылқаламмен қолымызға май жағамыз;

-сазбалшықты үлкен және кіші екі бөлікке бөлеміз;

-үлкен сазбалшықты алақанға салып, сағат тілімен айналдырып домалату;

-есу әдісі арқылы сопақша жасау;

-сопақшаны қою;

-кіші сазбалшықтан домалақ жасау;

-созу әдісін пайдаланып, басы мен денесін сұқ саусақты суға батыру арқылы біріктіру;

-созу және шымшу әдісі арқылы тұмсық жасау;

-созу және шымшу әдісі арқылы құйрық жасау;

-таяқшамен көзін тесу, сызу арқылы қанатын сызу;

-қолды сүрткішпен сүрту;

Балалар өздері жұмыс жасады, әсем әуен үнімен.

Тәрбиеші қолына сазбалшық алып балаларға жасалу жолын көрсетіп, көмектесіп жүреді.

Сергіту сәті:

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Саламатсыз ба, Алтын күз?

Жоқ. Суыққа төзімді құстар қыстап қалады.
Жыл құстары.

Торғай, қарға, кептер.

Ия, жасаймыз.

Сазбалшықпен.

Сергіту сәтін қимылмен орындады.


Рефлексивті коррекциялаушы

Балалардың жұмыстарын жинап алып, тұғарға қою. Мадақтау.

Алтын күз: Балалар, сендер өте жақсы жасадыңдар. Мен сендердің жұмыстарыңа ризамын. Енді торғайлар мен әкелген тарыны жейтін болды. Мен сендерге өзімнің алтын күзімнің сыйы ретінде жапырақтарымды сыйлаймын. Әр балаға жапырақ тарату. Менін кететін уақытым болды сау болыңдар балалар!

Дидактакалық ойын: «Торғайлар мен жүргізуші»

Сұрақ қою арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Сау болыңыздар!

Сау болыңыз!



Балалар ойынды қызығушылықпен ойнады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет