Мотивациалық қозғаушы
|
Ойын: «Бізге құртақандар келді».
-Қане, балалар олармен жақсылап танысып алайық. Олардың киімдерінің көлемі мен түсін, кеңістіктегі орналасқан орнын суреттеп көріңдер.
|
Балалар ойынға қатысады. Құртақандардың суреттерін қарап шығады, көлемін, түсін, кеңістіктегі орналасқан жерін анықтайды.
|
Іздену ұйымдастырушы
|
Балаларға «үлкен-кішкентай, түсі, алдында-артында, арасында, қасында» деген сөздерді пайдаланып, суреттегі әр құртақанды сипаттап беруді ұсынады.
Топтағы барлық балалармен осылай жұмыс жасалынады. Тәрбиеші бірнеше баланы тақтаға шығарып, оларды бір-бірінің артына қатарластырып қояды. Қалған балалар олардың белгілерін атап көрсетеді: үлкен-кіші, киімнің түсі, орналасқан жері. Содан соң дәптердегі 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Ол үшін алдымен балаларды жаңа шартты белгілермен-түс және өлшеммен таныстырылады.
Сергіту сәтін өткізгеннен кейін 2-тапсырманы орындау. Жапсырмаларды кестенің ұяшықтарына дұрыс жапсыруға, түсін, өлшемдерін және оның дәптердегі орналасқан жерін көрсетуге көмектеседі.
|
Заттарды көрсетілген қасиеттері бойынша сипаттайды. Балалар тақтаға шығады және бір-бірінің артына тұрады. Топтағы балалардың аталған белгілерін анықтайды.
Дәптердегі 1-тапсырманы орындайды, заттардың түсі мен өлшемін анықтайды.
2-тапсырманы орындайды. Тиісті заттарды көрсетілген белгілері бойынша жапсырады және оның кеңістікте орналасқан орнын сипаттайды: алдында-артында, ортасында.
|