Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тобы : Күні : Тәрбиеші : Білім саласы



бет93/93
Дата27.02.2022
өлшемі183 Kb.
#133560
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Байланысты:
ҚМТҚ ТЕХ КАРТА

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Пойызбен саяхатқа шығуды ұсынады. Нөмірі бар вагондар шашыратып қойылады



Балалар ойынға тартылады.

Іздену ұйымдастырушы

Вагондарды нөмірлерінің ретімен қойып, есептік және реттік санауды жүзеге асыру тапсырылады. Сандарды тура және кері санайды. Содан соң вагондардың бір-бірден тоннельге кіретінін айтады. Тәрбиеші сан сәулесі бойымен 1-ді азайту амалын түсіндіре отырып көрсетеді. Жазба жұмысы қатар жүргізіледі:
10-1=9
9-1=8
8-1=7
7-1=6
Натурал сандар қатарын көрсетуге болады. Содан соң тәрбиеші вагондардың бір-бірлеп тоннельден шығып жатқанын айтады. Бізге оларды қалай санау керек? Міне, бір вагон шықты, оның артынан тағы бір вагон шықты. Жазып көрсету: 1+1=2. Жазуды оқыту. Оның артынан тағы бір вагон шықты. 2+1=3 т.с.с
Ары қарай ойынның жалғасы ретінде №1 және № 2 тапсырмалар орындалады. Осылайша балалар 10-ға дейін тура және кері санау дағдыларын бекітеді, бір-бірден қосуды, азайтуды үйренеді.
Сергіту сәті.
Мынадай тапсырма ұсынуға болады:
-Тақтадағы суретке қарап, сол бойынша математикалық жазу құрастырыңдар.



1-ден 10-ға дейін санау. Бір-бірден қосу және азайтуға мысалдар құрастырады.

№1және № 2 тапсырмаларды берілуі бойынша қосып, азайтып үйренеді.


Сергіту сәтін орындайды.


Сурет бойынша берілген тапсырманы орындайды.


Тәрбиеші №3 тапсырманы (сандарды 1-ден 10-ға дейін сызып қосу) сандар қатарының ретін қалай меңгергендерін тексеру үшін, өз беттерінше орындауды ұсынады.
Қорытындысын шығарады.



№ 3 тапсырманы орындайды.
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1- ден 10-ға дейінгі сандар қатарын, тура және кері тәртіппен санай білуді, 1-ді қосу және 1-ді азайту арқылы келесі санды шығарып алу тәсілін;
Игерді: сан сәулесінде 1-ді қосу және азайту мысалдарын шығара алуды;


Меңгерді: бір-бірден қосу және алуды; 10- ға дейін тура және кері санауды

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет