Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Тобы: Күні: Тәрбиеші: Білім беру саласы



Дата27.12.2016
өлшемі28,48 Kb.
#5815
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу және жазу.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жабайы жануарлар(әңгіме құрастыру).

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Жан-жануарларды қорғауға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік.

Сөздік жұмысы: жабайы аң.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: жабайы жануарлар суреттері.

Билингвалды компонент: Жабайы жануарлар- Дикие животные

Қолданылған әдебиеттер: Сауат ашу және жазу (әдістемелік құрал) 35 бет


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Шаттық шеңбер

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз!



Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене түрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдірді.




Ұйымдастыру-іздену

2. Сұрақ-жауап.

– Жабайы аңдарға нелер жатады?

– Неліктен жабайы аңдар дейміз?

– Жабайы аңдарды қайдан көруге болады?

3.«Хайуанаттар бағына орналастыр» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: хайуанаттар бағына әкелген аңдарды торларға орналастыру керек.Суретте торлар-дың пішіні әртүрлі берілген. Пілді үлкен, қоянды кіші торға орналастыру керек.

4. Жұмбақтар шешу.

Өзі қу, жүрген жері айғай да шу.

Шешуі: түлкі.

Өзіне болған қорған – орман, ішінде бар бір аң қорбаң-қорбаң.

Шешуі: аю.

1.Жабайы аңдар қорегі туралы балалардың білетіндерін сұрау.


Жабайы жануарлардың қорегі

Піл – ең үлкен жануар. Ол шөп, бұта сияқты өсімдіктермен қоректенеді.

Керік – ең биік жануар. Ол да өсімдіктермен қоректенеді.

Тиін саңырауқұлақ, қарағайдың бүрінің дәнін қорек етеді. Ол жазда қызғы азығын жинап қояды.

Жыртқыш аңдар өздерінен кіші, әлсіз жануарларды аулап жейді. Мысалы: түлкі – өте иісшіл аң. Қар астында тығылып жатқан тышқанды жылдам тауып, ұстап алады.

Аю ормандағы жидектерді теріп, өзеннен балық ұстап жейді. Аю, қабылан, қасқыр – жыртқыш аңдар.

2. Ә. Дүйсековтың «Піл» өлеңін оқу.

Піл әдісті біледі,

Тұмсығымен іледі.

– Піл көтергіш кран! – деп, Бала біткен күледі.

3. Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастыру, тапсырмаларды орындау.

Суретте ормандағы жабайы аңдардың тіршілігі туралы әңгімелейді.

Үзік сызықтарды қосып, түлкінің бейнесін салу және оны бояу.

Тізбекті жалғастырып сызу. (10-бет)

4. Сергіту сәтін өткізу.


дидактикалық ойынды қызыға ойнады.
Жұмбақтар шешуін жарыса тапты.
Сұрақтарға толық жауап берді.
Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастыру, тапсырмаларды орындау.

Бірнеше бала өлеңнің мазмұнын қалай түсінгендерін баяндады.

Дәптермен жұмысты ұқыпты орындады.




Рефлексифті түзету

III. Қорытындылау.

1. Жабайы аңдарға қандай қамқорлық көрсету керек?



2. Жабайы аңдар немен қоректенеді?3. Сен қандай жабайы аңдарды көрдің?

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылап, пысықтады.

Күтілетін нәтиже:

Білу: жабайы жануарлар туралы түсініктерін арттырды.

Игеру: Жан-жануарларды қорғауды, оларға қамқор болуды түсініп игерді.

Меңгеру: Жазуға қолдарын жаттықтырып ,көркем жазуды меңгерту
Каталог: uploads -> doc -> 01b1
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01b1 -> Сабақтың тақырыбы : § Табиғат және адам Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты
01b1 -> Сабақтын түрі: Жеңіл атлетика Сабақтың тақырыбы: Қысқа қашықтыққа жүгірудің әдістерін үйрету ( 60м )
01b1 -> Сабақтың атауы Дара және күрделі етістіктер Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет