Ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: денсаулық, қатынас, таным, шығармашылық, әлеумет.
Бөлімі: Математика негізі. Тіл дамыту. Музыка. Жаратылыстану. Сурет.
Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісі»
Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптарды саралап ертегілерді еске түсіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері,сандар, ақ қағаз, бояулар.
Сөздік жұмыс: қу, қаштым.
I.Кіріспе:
Күндей жарқырап ,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Балалар маған қарап күлімдейміз, Бір-бірімізге жылулық мейірімін сыйлаймыз.Орнымызға отырып
сабақты бастайық.
«Атадан қашты,ападан қашты»бұл ертегі не туралы?
Балалар жауабы:«Бауырсақ»
II. Негізгі бөлім:
Тәрбиеші:Ертеде бір ата мен әже болыпты, ата әжеге бауырсақ пісіруді тапсырады.Осы кезде әже,егерде сен маған жыл мезгілін айтсаң тәтті бауырсақ пісіремін депті.Ал ата болса есіне түсіре алмай бізге келіп көмек сұрап отыр,Балалар атаға көмектесеміз бе?
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Ай аттарын ретімен кім айтады?
- Аптаның қай күні?
-Аптада неше күн бар?
- Қандай мерекелерді тойладық?
-Балалар атаға көмектесіп,атаға әже бауырсақ пісіреді. Ыстық бауырсақты әже терезеге суытып қояды. Осы кезде ыстық бауырсақ домалап қаша жөнеледі.«Атадан қаштым, ападан қаштым» алдынан қоян шыға келеді.
Қоян: Иісің қандай тәтті? Атың кім?
Бауырсақ: Бауырсақпын
Қоян: Мен сені жеймін!
Бауырсақ: Қоян сен мені жемеші мен саған өлең айтып берейін.
Қоян: Маған өлең керек емес, мына тапсырмаларды орындасаң жіберемін.
Тәрбиеші: Бауырсаққа көмектесейік.
1 тапсырма:1-ден 5-ке дейін сандарды ретімен орналастыр.
2 тапсырма:1-ден 5-ке дейін тура және кері сана.
3 тапсырма: 1-ден5-ке дейін санамақ айт.
Серіту сәті:
Ал, балалар, келіңдер,
Бой жазайық бәріміз-
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Топ-топ басып аяқпен,
Орнымызға барамыз.
Қоян бауырсақты жібереді.Бауырсақ әндете жөнеледі.Алдынан қорбаңдап аю шығады. Аюдың қолындағы тапсырмасын орындау.Бауырсаққа балалар көмектеседі.
1-тапсырма:сурет бойынша әңгіме.
2-тапсырма: Көңілді гимнастика.Қолымызды көтереміз,оң қолды төмен түсіріңдер,сол қолды жоғары, оңға бұрылу, солға бұрылу.
3-тапсырма: Екі пішінді пайдаланып үй құрастыр.(Ұжымдық жұмыс) Бауырсақ аюдың тапсырмасын орындап домалап әрі кетеді.Осы кезде алдынан аш қасқыр шыға келеді.Тістерін ақсита сен кімсің?Исің қандай тәтті? Мен сені жеймін!Бауырсақ сен мені жеме мен саған өлең айтамын.
Қасқыр:Сенің өлеңіңнің қажеті жоқ сен оданда менің тапсырмама көмектес. Менің қолымдағы мына суреттердің атын айт.
1-тапсырма: Суреттегі заттарды атап тақпақ айту.
2-тапсырма: Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.
1. Қыста ақ,
Жазда сұр. (қоян)
2.Қорбаң- қорбаң етеді,
Орманда ол жүреді (аю)
3.Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай-шу. (түлкі).
Бауырсақ әндете домалап кете барады.Осы кезде алдынан қуланып қу түлкі шыға келеді. Түлкі бірден, бауырсақ сенің дауысың қандай әдемі! Сен маған өзің туралы және мен туралы ән айтып берші. Дос болайық. Түлкі бауырсақ балалармен қосылып ән айтады.
III. Қорытынды: Балалар сабақ соңында бауырсақ кейіпкерлерін ақ қағаз бетіне түсіріп, көрме ұйымдастырады
Достарыңызбен бөлісу: |