Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы «19» қыркүйек 2016 ж



бет1/6
Дата08.09.2017
өлшемі1,69 Mb.
#31905
  1   2   3   4   5   6
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«19» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлім: Сурет салу

Тақырыбы: «Күзгі орман»

Мақсаты: Инновациялық технологияларды қолдана отырып қылқаламмен және бояумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне дақ түсіру кезіндегі қолдың қимыл-қозғалысын дамыту, ұқыпты жұмыс істеуге үйрету, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: себет, тұғыр.

Қолданады: акварель бояуы, ақ қағаз, қылқалам, су сүрткіш және тұғырлар, интерактивті тақта, күзгі орманның суреті.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

  • Балалар, Толғанай есімді қуыршақ бізге бүгін қонаққа келіпті. Ол күзгі орманды аралап, жапырақ жинап жүргенде, қолындағы себетін бір жерге қойып кеткен екен, енді соны таба алмай қалыпты. Сендерден себетін сұрауға келеген көрінеді. Естеріңе түсіріп көріңдер, біз себетті қайдан көрдік? (Егер балалар айта алмаса, тәрбиеші өзі айтады). Мынау ма?

  • (Қуыршақ қуанып) Иә, осы, қандай жақсы болды, рахмет сендерге. Ақ лақ өзі келемін деп еді, келіп қалар.

Осы кезде есікті қағып ақ лақ кіреді (күтуші әкеліп береді).

  • Балалар, мен өткен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сендерден сурет салуды үйреніп, сурет салып әкелемін деп уәде беріп едім. Сол уәдемді орындап, суретті алып келдім.

Интерактивті тақтаны қолдану.

Жапырақтардың түсіп жатқаны бейнеленген үлгі суретті көрсетеді.






  • Ақ лақтың суреті қандай тамаша! Ол нені салғанын кім айтады?

Балалар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ақ лақтың бірден әкеліп көрсеткен суреті туралы әңгімелейді.
Далада бақылағандары, ағаш бұтақтарындағы жапырақтар азайғанын, жерде түсіп жатқан жапырақтар күннен-күнге көбейгенін әңгімелеп айтады. Тәрбиешінің көмегімен «жер алтын сары жапырақтармен көмкерілген» деген ой қорытады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Күз туралы бір шумақ өлең оқу.

Үлгіні көрсету:

  • Ақ лақ суретті жақсы салып үйреніпті , ендң біз түсіп жатқан жапырақтарды салып үйренейік. Ол үшін қылқаламды қолымызға ұстап, бояуға батырып аламыз да, былай сүйкей жағамыз (өзі үлгі түрінде жапырақ салып көрсетеді).

Дербес жұмыс, жеке көмек көрсету.

Балалардың суреттерін Толғанай екеуі аралап көреді. Аяқталған жұмыстарды жинап алып, тақтаға іледі. Толғанай балалардың еңбекқорлығына таңданып, салған жұмыстарына ризашылығын білдіріп, мадақтайды:

Толғанай: - Ақ лақ, менің себетімді балаларға әкеліп бергенің қандай жақсы болды. Балалардың бәрі сурет салуды үйреніп алыпты, мен де енді сендерден сурет салуды үйренемін. Мен сендерге арнап

ақ лақ туралы тақпақ айтып

берейін бе, тыңдайсыңдар ма?

Жүні жібек шудадай,

Ай мүйізді аппағым.

Үстіңді жүр былғамай,

Баспа жердің бастпағын.

Ақ лақ: - Рахмет, Толғанай, мен айтқан тілді аламын. Балалар ұқыпты, таза жұмыс істеуді үйреніпті, енді мұнда екеуміз бірге келетін боламыз.



Күз туралы өлеңді тыңдайды.
Балалар алдарындағы ағаштар салынған қағазға түсіп келе жатқан жапырақтарды салып көреді.

Қылқаламмен бояуды сүйкей жағу тәсілімен қағазға жапырақтардың суретін салады. Бояу түстерін өздері таңдайды.





  • Иә, тыңдаймыз.

Балалар мұқият тыңдап отырады.



Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың суреттеріне ауызша баға беріледі.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бірнеше сұрақтар қою арқылы қорытындылау, белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар өздерінің салған суреттерін тамашалайды, басқалардікімен салыстырады.



Жеке жұмыс: Шабденова Амина, Маратқызы Әмина, Даниярұлы Әділбекке акварель бояуымен ұқыпты сурет салға дағдыландыру.
Күтілген нәтиже:

Біледі: Күзгі жапырақтардың ерекшеліктері жайында түсініктері қалыптасады.

Игереді: Қылқаламмен, бояумен қағаз бетінде дұрыс жұмыс жасау, жапырақтарды үлгідегі тәрізді етіп икемді әрі шебер салу дағдысын игереді.

Меңгереді: Ұқыпты жұмыс істеуді меңгереді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«19» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлім: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Мен қандай баламын?»

Мақсаты: Әрбір баланың жеке тұлға екендігін түсіндіру. Қыз бала мен ұл баланың ерекшеліктері туралы түсінік беру. Өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру. Өзара жағымды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: құндыз, керік

Қолданады: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше, бала санына қарай айна.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Шаттық шеңбері.

  • Қайырлы күн, балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Қанеки, бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып, бір-бірімізге мақтау айтып, қуаныш сыйлап көрейікші!

  • Ол үшін бір-бірімізге қарама-қарсы тұрайық. Шын жүректен бір-бірімізге мақтау сөз айтайық.

Балалар шаттық шеңберін құрып тұрып, бір-бірлеріне шын жүректен мақтау сөздер айтады.



Ұйымдастырушылық- ізденістік

Әңгімелесу:

  • Балалар, «Өзін-өзі тану әлемінің» картасындағы бірінші аялдамаға назар аударайық. Бұл аялдамадан «Біз қандай баламыз?» деген сұраққа жауап тауып, қандай бала болу керектігін үйренетін боласыңдар.

  • Қане, осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрастырайық.

Әңгімелеу.

«Айна» ертегісін оқып беру.

  • Балалар, кірпі, қоян, керік орманнан не тауып алды?

  • Кішкентай достарымыз айнадан неге әртүрлі суреттерді көрді деп ойлайсыңдар?

  • Балалар, айнаға қараңдаршы. Сендер кімді көріп тұрсыңдар?

  • Ал, енді бір-бірлеріңе қарап, ұқсастықтарың мен айырмашылықтарыңды айтыңдаршы.

Ойын: «Мен қандаймын?»

Балалар тапсырмалар бойынша:

- ұлдар мен қыздар;

- бойларына қарай;

- шаштарының түстеріне қарай;

- көздерінің түстеріне қарай, т.б. бөлінеді.



  • Міне, балалар, байқадыңдар ғой:

- балалар ұлдар мен қыздар болып бөлінеді екен;

- балалардың түрлері, бойлары жүрісі әртүрлі болады екен;

- балалардың күлкісі, ойлаған ойлары, сөйлеген сөздері де әртүрлі;


  • Бұл ойын біздің бір-бірімізге ұқсамайтынын, әртүрлі, ерекше екенімізді көрсетті. Міне, қандай ғажап! Әрқайсысың бір-біріне ұқсамайтын ерекше жеке тұлғасыңдар.

Дәйексөз:

«Жақсы қыз – жағадағы құндыз, жақсы ұл – аспандағы жұлдыз»



Сергіту сәті:

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау – менің оң қолым,

Мынау – менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Дәптермен жұмыс:

Дәптерде ұл мен қыздың және олардың киімдерінің суреттері берілген. Бағыт арқылы ұл бала мен қыз баланың киімдерін тауып, бояңдар.



Ғажайып сөздер:

Біз бір-бірімізді сыйлаймыз.

Біз бір-бірімізге көмектесеміз.

Балалар «Өзін-өзі тану әлемінің» картасына қызыға қарайды.


Балалардың жауаптары.

Балалар ертегіні мұқият тыңдап отырады.


Балалардың жауаптары.


Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Дәйексөзді қайталап айтады.
Балалар сергіту сәтін қайталап айтады, қимыл-қозғалыспен бірге орындайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.


Балалар ғажайып сөздерді қайталап айтады.




Рефлексиялық-түзетушілік

  • Балалар, бүгін біз әрқайсысымыз ерекше тұлға екенімізді, бір-бірімізге ұқсамайтындығымызды,

ұлдар – мықты, батыл;

қыздар – нәзік, әрі сыпайы болатынын білдік. Ұлдар өздерін нағыз ер жігітше ұстаулары керектігін, қыздар нәзік, оларға қамқор болып, көмектесу нағыз жігіттің ісі екенін түсіндік.



Жүректен жүрекке

Ойыншық жүрекшені бір-бірлеріне ұсынып, ұл бала мен қыз баланың өзіне тән қасиеттерін айтып, тілектерін білдіреді.



Балалар мұқият тыңдап отырады.


Балалар бір-бірлеріне тән қасиеттер айтып, тілектер білдіреді.

Жеке жұмыс: Балаларға ұл мен қыздардың айырмашылықтарын айыра білуге үйрету.
Күтілген нәтиже:

Біледі: Қыз бала мен ұл баланың ерекшеліктері туралы.

Игереді: Әрбір баланың жеке тұлға екендігін.

Меңгереді: Өзара жағымды қарым-қатынас жасауды.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«20» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Күз жомарт» (өлеңді жаттау)

Мақсаты: Күздің ерекшеліктері туралы алған білімдерін толықтыру. Күз байлығы, оның алуан түрлілігі туралы айтып, өлеңді дауыс ырғағымен келтіре оқып жеткізу. Күз байлығы адамдардың еңбегімен келетінін ұғындыру, оны бағалай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: тоңазып, саудырап.

Қолданады: күз туралы суреттер, жеміс түрлері, жұмыс дәптерлері, түрлі түсті қарындаштар.

Билингвальды компонент: жомарт күз – щедрая осень, жапырақ – лист.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

  • Арайлап атсын таңымыз,

Жайдары болсын күніміз!

Жайнасын бүгін, жарқырап,

Армысың, жомарт күз!

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Таңмен, күнмен, достарымен амандасып, бір-біріне жылылық сыйлайды.


Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балаларға жұмбақ жасыру.

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

  • Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

  • Балалар, бүгін ақын Ермек Өтетілеуұлының «Күз – жомарт» деген өлеңімен танысамыз.

Тоңазып атырап,

Көк жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

«Күз – жомарт», - дейміз біз,

Жемісін жейміз біз.

  • Жомарт күз деп – жемістердің пісетін, астық жиналып, жиын-терін болатын кезді айтамыз.

Сөздік жұмыс:

  • Тоңазып сөзі – тоңу, суық деген мағынаны білдіреді.

Саудырап деп жапырақтардың сарғайып, қурап, жерге түсуін айтады.

Билингвальды компонент: жомарт күз – щедрая осень, жапырақ – лист.

Сергіту сәті:

  • Мерейлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ризамыз.

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз.

  • Неліктен «Күз – жомарт» деп айтамыз?




  • Тоңазып деген сөзді қалай түсінесіңдер?



  • Саудырап деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

Өлеңнің мағынасын түсіндіре отырып, түсініксіз сөздерді қайталату.

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.



Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Д/о: «Кім жылдам?»

Ойынның шарты:Себеттің айналасында жемістер мен көкөністер аралас жатыр. Себеттің ішіне тек жемістерді жинап салу керек.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Жауабы:


  • Жылдың күз мезгілі.




  • Күз мезгілінде күн суытады, жапырақтар сарғайып, жерге түседі, жемістер, көкөністер піседі.

Балалар өлеңді қайталай отырып жаттайды.


Балалар жомарт күз туралы түсінгендерін айтып береді.


Балалар тоңазып, саудырап сөздерін бірнеше рет қайталап, мағынасын түсінеді.

Балалар қайталап айтады.

Қимылмен көрсетеді.


  • Күз мезгілінде барлық жеміс піседі, астық жиын-терін болады.

  • Күзде күн суытып, жерге қырау тұрады, соны жер тоңазыды деп айтамыз.

  • Күзде ағаш жапырағы сарғайып, қурап, жерге саудырап түседі.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

Ойынның шартымен танысып, жемістер мен көкөністердің арасынан жемістерді жинап, себетке салады.


Рефлексиялық-түзетушілік

Жұмбақ шешу:

«Жазда тұрып жоғары,

Күзде жерге қонады».

  • Тоңазып деп қай кезде айтылады?

Қорытындылау, мадақтау.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Жауабы: жапырақ.



  • Күз мезгілінде күн суытып, жерге қырау тұрады, соны жер тоңазыды дейді.

Жеке жұмыс: Айбек Кәусар, Мағаз Інжу, Серикова Гүлзейнепке Е. Өтетілеуұлының «Күз – жомарт» атты өлеңін қайталап, жаттатқызу.
Күтілген нәтиже:

Біледі: Өлеңдегі күздің ерекшеліктерін дауыс ырғағын келтіре қайталап, жаттайды.

Игереді: Жемістер мен көкөністер пісіп, жинайтын, еңбектенентін кез күз мезгілінде болатынын түсінеді.

Меңгереді: Жемістер мен көкөністер туралы жұмбақтардың шешуін табады. Ойын барысында жемістер мен көкөністерді ажыратады. Өлеңді мәнерлеп жатқа айтады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«20» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Көкөніс (қияр, сәбіз, қызылша)»

Мақсаты: Балаларды көкөністің пайдасын түсіндіре отырып, мүсіндеуге үйрету. Белсенділігін, шығармашылығын дамыту. Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданады: үлестірмелі материал (көкөністің суреттері), муляждар, интерактивті тақта.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шенбері;

Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуандым.


Балалар қол қимылдарын жасайды,бір-бірін құшақтайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік



Балаларға диск таспасынан арамшөп басып кеткен бақшаның суретің көрсету. Балалардың әр дұрыс жауабынан кейін арамшөптерді өшіріп отырады. Барлық сұраққа жауап берілген соң бақшаға қаптап көкөністер (қияр, сәбіз, қызанақ) шығады.

  • Қандай көкөністі білесіндер?

  • Көкөністер қайда өседі?

  • Көкөністің қандай пайдасы бар?

  • Үйде бақша салуға көмектесесіңдер ме?

№1 үстелде сәбіздің муляжы.

№2 үстелде қиярдың муляжы.

№3 үстелде қызанақ муляжы.

Балалар қызығушылығына қарай 3 топқа бөліп отырады. Үш топты қадағалау.

-Балалар,қазір жұмбақ жасырамыз, сендер шешуін табындар.

№1 Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып,

Әкелді әкем бір күні.

№2 Бақшада қызыл түйіршек,

Балалар оған үйірсек.

№3 Бұл топ балаларына қияр туралы жұмбақ құру ұсынылады.



  • Жақсы, жарайсыңдар! Енді осы көкөністерді мүсіндейк.

Үлгіні көрсету, түсіндіру:

Қызғылт сары түсті ермек сазды алып, жұмсартып,тақтайша үстінде жалпақтаймыз.

Қалыппен бастырып, қалақшамен мүсінді алып, қатты қағазға орналастырамыз.

Жасыл түсті ермексазды жіңішкелеп, сопақтап, жалпақтау арқылы жапырақтарды жасаймыз.



Сергіту сәті;

көкөністер бейнеленген суреттерді балаларға үлестіріп беру.

-Жасыл түсті ермексазды есіп жіңішкелеп, сабағы ретінде орналастырамыз. Кескіштеп бедерлейміз.

Дербес іс-әрекет, жеке көмек көрсету.


-Сәбіз, қияр т.б.

-Бақшада.
-Дәрумені болады.

-Иә, -Жоқ.

Олардың шетінен атап сипаттайды.


  • Сәбіз.



  • Қызанақ.




  • Қияр.

Балалар әуен ырғағымен билейді, айналады, музыка тоқтағанда балалар бірігіп, «салат» болып орналасады. Салатқа не қосылатынын білетін балалар бір-бірімен бірігіп тұра қалады.Қалған көкөністер көрмеге қойылады.




Рефлексиялық- түзетушілік

Үш топтың жетекшілері балалардың жұмыстарын қарап шығып, мадақтайды.

Әдемі жасалған көкөністер себетке салынады.

М.Нүктенованың «Көкөністер дауы» ертегісін айтып беру арқылы сабақты қортындылайды.


Балалар ертегіні тындап,көкөністер туралы ұғымдары кеңейе түседі.


Жеке жұмыс: Бахит Альтаир, Болатбек Аружан, Даниярұлы Әділбектің көкөністердің пайдасы туралы білімдерін бекіту, мүсіндеу дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже:

Біледі: көкөністер және жемістердің өзара айырмашылықтарын;

Игереді: заттық мүсіндеу;

Меңгереді: көкөністердің пайдасын;

«Көкөністер дауы» ертегісі.

Бақшашы:

Өнім биыл тамаша!

Көз тоймайды қараса:



Сәбіз, картоп, кәдіш пен қып - қызыл піскен қызанақ,

қырыққабатқа қарашы!



Тәрбиеші:

Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.

Көкөністер:

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсысымыз ең дәмдіміз?


Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші:

Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.

Бұршақ:

Кішкене түймедеймін мен

Ұнаймын мен бәріне


Дәмді тағамдармен
Сый жасаймын бәріне

Тәрбиеші:

Ызаланғаннан қызылша қып - қызыл болып кетті.

Қызылша:

Мен де бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге


Менсіз борщ болмайды
Винегрете үстелде

Қырыққабат:

Мақтанғаннан не пайда

Менсіз дәмді щи қайда


Мені қосса самсаға
Жейді бәрі тамсана

Қияр:

Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде


Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!

Қарбыз:

Кім білмейді шалқанды?

Талайлар маған таңғалды.


Бәріне сый боламын.
Тауып көр менен дарханды!

Сәбіз:

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?


Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!

Қызанақ:

Піскен кезде қызанақ;

Көз тартар қызыл түсімен.


Бар ма адам сүйсінбей

Томат шырынын ішпеген?



Пияз:

Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық - барлық тағамға.


Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.

Картоп:

Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар


Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!

Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.

Көкөністер:

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсысымыз ең дәмдіміз?


Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші:

Көкөністер бәрі де

Денсаулыққа пайдалы


Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет