Операция қынап кіреберісінен интроталь кесінділерді (алдыңғы және артқы) үлгілеуге негізделген содан кейін тіндерді қатпарлайды және 4-5 см диаметрлі сфералық алаң қалыптастырып,гематокольпостың түбін
Операция қынап кіреберісінен интроталь кесінділерді (алдыңғы және артқы) үлгілеуге негізделген содан кейін тіндерді қатпарлайды және 4-5 см диаметрлі сфералық алаң қалыптастырып,гематокольпостың түбін жалаңаштайды.
Операция қынап кіреберісінен интроталь кесінділерді (алдыңғы және артқы) үлгілеуге негізделген содан кейін тіндерді қатпарлайды және 4-5 см диаметрлі сфералық алаң қалыптастырып,гематокольпостың түбін жалаңаштайды.
Одан негізі қуыққа қараған U тәрізді сілемей-сілемей асты қиық жасайды.
Гематокольпосты босатқаннан кейін U тәрізді қиықтың ұшын алдыңғы интраполь кесіндімен біріктіріп тігеді,ал артқы интраполь бұтаралық кесіндіні қынап сілемей-сілемей асты қабатының артқы шетімен тігеді.
А,б- көлденең трансинтроиталь ену в -бұлшықет-адвентициялық қабат мобилизациясы және гематокольпос аймағын U тәрізді тілу г- гематокольпосты босатқаннан кейінгі түрі және U тәрізді кесіндінің транспозициясы Д-тігіс салғаннан кейінгі түрі.
Жатыр мойны мен қынап аплазиясы бар науқастарға жатыр жұмысына гистерэктомия және кольпопоэз(ішперделік немесе сигма тәрізді)жасау
Жамбастық ішпердеден жаңа қынап жасау операциясы кезінде тік ішек пен қуық арасында канал жасайды,сосын лапороскоптың көмегімен тік ішектік- жатырлық тереңдікте ішперде қуысын ашады.
Сигма тәрізді ішек ілмегінен жасалған кольпопоэз ректовезикалық тінде үңгір жасауда,сигма тәрізді ішекті резекциялағанда,трансплантатты тоннелге төмен түсіру және қынаптың кіреберісі мен дисталдық бөлігі арасына анастомоз салғанда қолданылады.
Тоқ ішектің өткізгіштігі ұш пен ұшын жалғау арқылы қалқына келтіріледі.