Үйірме міндеттері. «Жас суретші»



бет1/2
Дата07.09.2020
өлшемі23,17 Kb.
#77551
  1   2
Байланысты:
«Жас суретші» үйірмесі
«Жас суретші» үйірмесі, ЛЕКЦИЯ 7

Күншалған орта мектебі

Үйірме



Жетекші: Хамитова А.К.

2015-2016

Үйірме міндеттері.

«Жас суретші» үйірмесі эмоциялық-бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани қызметі қалыптасуының шарты болып табылады. Пәнді тереңірек танып білуге бағытталады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытады.



Мақсаты:

  1. Эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу, өнегелі тәжірибесін байыту, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу.

  2. Қиялын, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік іс-әрекетте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту.

  3. Халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

  4. Аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту.

  5. Қолдың моторикасын, икемділігін дамыту.

Міндеті:

  1. Өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту.

  2. Сурет, кескіндеме, композиция, граттография, оригами, мозайка, аппликация бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру.

  3. Бейнелеу өнері түрлерімен (графика, кескіндеме, мүсін, дизайн) таныстыру.

  4. Көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру).

  5. Сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету.

  6. Оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін жақсарту.

  7. Өмір шындығы көріністерін, табиғатты және өнердегі бояу түстерін оның сезімдік әсерін балалардың көре, сезіне білуін, бейнелеу іс-әрекеті барысында олардың кеңістік туралы түсінігін, қиялын, елестету қабілетін жүйелі түрде дамыту.

Үйірмеге қатынасатын оқушылар тізімі








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет