Көрнекіліктер:Жол жағдайлары бар суреттер.
Ойын барысы:
Балалар бір-бір суреттен алып, не бейнеленгенін, сол жағдайдан қалай шығуға болатынын айтып береді.
«Жол әліппесі»
Мақсаты: тыйым салынатын, ұйғаратын, ескертетін, ақпараттық-сілтемелер бар түрлері бойынша жүйелеу, жол белгілері бойынша дұрыс жүру туралы білімдерін бекіту.
Көрнекіліктер: Жол жағдайлары бар карточкалар, жол белгілері.
Ойын барысы:
Балалар өздеріне карточкаларды таңдайды. Жүргізуші қолындағы белгілерді кезекпен көрсетеді. Кімнің қолында керек карточка болса сол өз таңдауын дәлелдейді.
«Бағдаршам және реттеуші»
Мақсаты: Балалардың реттеуші жұмысы туралы білімдерін анықтау; оның ымдарының мәнін түсіндіру; балаларды реттеушінің ымдары мен бағдаршам түстерімен ара қатынасын белгілеуге үйрету.
Көрнекіліктер:Реттеуші, реттеушінің такяқшасы, бағдаршамның белгілері.
Ойын барысы:
Тәрбиешінің түсіндіргенінен кейін балалар реттеушінің рөліне тұрып, ымдарын көрсетеді. Қалғандары реттеушінің ымдарына қарай бағдаршамның керекті түстерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |