«Сөйлейтін жол белгілері»
Мақсаты: Жол белгілері бойынша балаларды жүруге үйрету, жол ережесін сақтау, бір-біріне мұқият болу.
Көрнекіліктер: Жол белгілері қойылған, әр ойын алаңы машиналар ойын кейіпкерлері.
Ойын барысы:
Әр баланың алдында жол тұр, әр балаға тапсырмалар беріліп тұр; бірде-бір белгіні назардан өткізбей, барлық ережелерді сақтай отырып, аталған бекетке дейін жету.
«Кесілген белгілер»
Мақсаты: Жол белгілерін ажырату қабілетін дамыту, жол белгілерінің атауын бекіту; балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, көз мөлшері.
Көрнекіліктер: Кесілген белгілер, белгілердің үлгілері.
Ойын барысы:
Ең алдымен балаға қандай жол жүру белгілерін білетінің есіне түсіреді; содан соң үлгі бойынша кесілген белгілерді жинауға ұсынады. Егер де бала оны тез шешіп отырса, оған есте сақтау арқылы жинауға ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |