«Жол белгілерін үйренеміз» Мақсаты:Жол белгілерімен бағдаршам бойынша білімдерін бекітуді жалғастыру.
Көрнекіліктер:Белгілері бар үлкен, кіші карточкалар.
Ойын барысы: Ойыншылар арасында үлкен карталарды тең бөледі. Жүргізуші жол белгілері бар карточкаларды кезекпен көрсетеді, кімге жақындайды сол белгіні алады да, жоғары оң бұрышына қояды және бұл белгі қалай аталатынын және қандай жағдайларда қолданылатынын айтып береді. Кім белгілерді жағдайларға дұрыс тапса және оны түсіндіре алса сол жеңімпаз.
«Жол жүру ережесі» Мақсаты:Жол негізінің анықтамасын бекіту; негізгі жол белгілермен таныстыру оның мәнімен міндет түсіну. Есте сақтау ой, назарын дамытуға жағдай жасау.
Ойын барысы: Тәрбиеші өзіне инспектордың рөлін алады. Қатысушылар текшелер арқылы ойын аланы бойынша қозғалады. Жасыл шам түсті-қозғалыс рұқсат етіледі; Сары-назар аудар, қызыл-тоқта-ойынша жол береді. Егер де жол белгісі бар фишка алаңда тоқталса, қатысушыға осы топтын «ортақ банкте» белгісін табу керек. Кім көп ұпай жинаса сол женімпаз.1 – карточка – 1 ұпай.