1-сурет. Астықтың жерде сақтайтын механикаландырылған қоймада жылжу сызбасы:
1- қабылдау шанағы (лария); 2 - астықты қоймаға құятын ожаулы элеватор (нория); 3 - сепаратор мен кептіргіштен тұратын қабылдау-тазарту қондырғысы; 4 - қоймадан астық беретін ожаулы элеватор (нория); 5 – жоғарғы тиеу контейнері; 6 - жерде сақтау қоймасы; 7 - тесіктер немесе қоректен діргіштер; 8 - төменгі түсіру конвейері;9 - босату құбырлары; 10 – вагон
Механикаландырылған қоймалардың мұнаралары техникалық тұрғыдан алғанда мыналармен жабдықталған:
• екі ожауы бар элеватормен (нориямен), пайдалану өнімділігі Өпай = 100 т/сағ. сепаратормен;
жүктемесі 10 тс екі таразымен;
автомобиль көтергішпен, автомашинамен және тіркемемен;
вагон түсіргіші бар таспалы жөнелту конвейерімен;
Өпай = 50 т/сағ кептіру агрегатымен.
2-сурет. Қойманың сызбасы:
1 және 2 -жоғарғы және төменгі конвейер; 3 - ысырмалар;4 - люктің тесігін
жабатын қақпақ; 5 - аралық тіреулер; 6 - жер асты оры
Астықты жабық жерде үйіп сақтау қоймаларының екі түрі болады:
• 1-түрі. Қойманың сызбасы 6.2-суретте көрсетілген.
Жоғарғы конвейерден 1 келетін астық қоймаға төгіледі. Люк тесігінің қақпағы жабылады, оның төменгі жағына тесіктері 300x200 мм, адымы 5 мм ысырмалар 3 орналасқан. Қойманың ені 24 м.
• 2-түрі. Қойманың сызбасы 6.3-суретте көрсетілген.
Қойма дегеніміз ені 20 м, жартылай цилиндр пішінді темірбетон арқа болып табылады. Оған астық қүю әдісі қойманың 1-түріндегідей.
Бірқатар жағдайда астық сақтау үшін қойманың шүғыл қажеттігі тууы мүмкін. Бұл кезде пневмоүрлемелі қабықша түріндегі қойманы пайдалану тнімді болмақ. Мұндай қоймалардың артықшылықтары: аса жеңілдігі, жинақылығы, бүктелген күйінде жақсы тасымалданатыны, арнайы құралдардың көмегінсіз тез арада тұрғызылуы және жиналуы.
3-сурет. Қойманың сызбасы:
1 және 2 - жоғарғы және төменгі конвейерлер; 3 - ысырмалар; 4 - люктің
тесігін жабатын қақпақ; 5 - жер асты оры
Астық науқаны қызу жүргізілетін кезде тұрақты механикалан-дырылған қоймалармен қатар, аса тиімді бола қоймаса да, жылжымалы механикаландырылған құралдары бар павильондық қоймалар пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |