Жм 5 курсына «Клиникалық электрокардиография» элективті пәні бойынша емтихан тестілері 2012-13



бет1/8
Дата31.01.2018
өлшемі2,88 Mb.
#36326
  1   2   3   4   5   6   7   8
ЖМ 5 курсына «Клиникалық электрокардиография» элективті пәні бойынша емтихан тестілері 2012-13

  1. Жыбыр аритмиясына тән белгіні көрсетіңіз:

А) ЭКГде теріс Р тісшесі қарыншалық комплекс алдында

В) Әр түрлі R-R интервалы

С) Екі өркешті Р тісшесі

D) Әр түрлі PQ интервалы

Е) Тісше Р +/-
2. Жыбыр аритмиясы үшін ЭКГде ең тән өзгерісті көрсетіңіз:

А) Р тісшесі жоқ

В) QRS комплексі алдында теріс Р тісшесі

С) QRS комплексі артында теріс Р тісшесі

D) Әр түрлі PQ интервалы

Е) Бірдей R-R интервалы байқалады


3. ЭКГ бойынша жыбыр аритмиясының ең негізгі белгісі:

А) Әр түрлі ұзақтықтағы және амплитудалы f толқындары болады

В) QRS комплексі алдында теріс Р тісшесі

С) QRS комплексі артында теріс Р тісшесі

D) Әр түрлі PQ интервалы

Е) Бірдей R-R интервалы


4. ЭКГ бойынша жыбыр аритмиясының негізгі белгісін көрсетіңіз?

А) PQ интервалының ұзаруы

В) QRS комплексі алдында теріс Р тісшесі

С) QRS комплексі артында теріс Р тісшесі

D) PQ интервалы өзгермейді

Е) R-R интервалы әр түрлі


5. ЭКГ бойынша жыбыр аритмиясына тән белгі?

А) Р тісшесінің орнында ұзақтықтығы және амплитудасы әр түрлі жыбыр толқындары болады

В) QRS комплексі алдында теріс Р тісшесі

С) QRS комплексі артында теріс Р тісшесі

D) PQ интервалы өзгермейді

Е) R-R интервалы ұзақтығы өзгермейді


6. ЭКГ бойынша жыбыр аритмиясының белгісі:

А) Мөлшері, ұзақтықтығы және амплитудасы әр түрлі жыбыр толқындары болады

В) Р тісшесі QRS комплексіне бірігеді

С) QRS комплексі артында теріс Р тісшесі

D) PQ интервалы өзгермейді

Е) R-R интервалы ұзақтығы өзгермейді


7. ЭКГде – Р тісшесі жоқ, оның орнында әр түрлі амплитудалы және ұзақтықты f толқындары бар, II, III, avF, V1-V2 тіркемелерінде айқын көрінеді.

А) Жыбыр аритмиясы

В) Жүрекшелер тыпыры

С) I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

D) Синустық аритмия

Е) II дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

8. Жүрекшелер тыпыры үшін ЭКГ де келесідей белгі тән:

А) P тісшесі жоқ

В) Р тісшесі QRS комплексіне бірігеді

С) QRS комплексі артында теріс Р тісшесі

D) Тісше Р +/-

Е) Р тісшесі екі өркешті


9. ЭКГ бойынша жүрекшелер тыпырына тән белгі:

А) P тісшесі орнында ұзақтығы, түрі, биіктігі бірдей F толқындары анықталады

В) Р тісшесі QRS комплексіне бірігеді

С) QRS комплексі артында теріс Р тісшесі

D) Тісше Р +/-

Е) PQ интевалы әр түрлі


10. Көрсетілгендердің ішінде ЭКГ бойынша жүрекшелер тыпырына тән белгіні атаңыз?

А) P тісшесінің орнында түрі бойынша араға ұқсайтын жүрекшелік F толқындары болады

В) Жүрекшелер толқыны жиілігі 700-750 рет минутына

С) QRS комплексі артында теріс Р тісшесі

D) Тісше Р +/-

Е) P тісшесі кеңейген, жырықшақталған


11. ЭКГ бойынша жүрекшелер тыпырына ең тән белгі:

А) P тісшесі жоқ, оның орнында түрі бойынша араға ұқсайтын жүрекшелік F толқындары болады

В) Жүрекшелік тоқындар жиілігі 60-80 рет минутына

С) QRS комплексі артында теріс Р тісшесі

D) P тісшесі кеңейген, жырықшақталған

Е) QRS комплексі деформацияланған, кеңейген

12. Жүрекшелер тыпырына тән белгіні атаңыз?

А) Ұзақтығы, түрі, биіктігі бірдей F толқындары анықталады, Р тісшесі болмайды

В) Жүрекшелік тоқындар жиілігі 1200-1500 рет минутына

С) QRS комплексі артында теріс Р тісшесі

D) QRS комплексі алдында теріс Р тісшесі

Е) QRS комплексі кеңейген


13. 55 жасар ер адам жүрек қағу, ентігу, жалпы әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Өзін 3 күннен бері аурумын деп санайды, анамнезінде миокард инфарктімен ауырған. ЭКГде P тісшесі анықталмайды. Жүрекшелік F толқындары, жиілігі 250 рет минутына, ұзақтығы, түрі және биіктігі бойынша бірдей, күрт биіктейтін және доғал төмендейтін (ара тісі тәрізді) бөліктен тұрады. II, III, avF, V1 тіркемелерінде анық көрінеді. R-R интервалдары бірдей. QRS комплексі өзгермеген. Науқаста қандай ырғақ бұзылысы бар?

А) Жүрекшелер жыбыры

В) Жүрекшелер тыпыры, дұрыс түрі

С) Синусты аритмия

D) I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

Е) II дәрежелі атриовентрикулярлық блокада


14. 75 жасар ер адам, жүрек қағу, ентігу, жалпы әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Осы шағымдар бір айдан бері мазалайды, анамнезінде жүрек созылмалы ишемиялық ауруы 10 жылдан бері. ЭКГде P тісшесі тіркелмейді. Жүрекшелік F толқындар бар, жиілігі 270 рет минутына, ұзақтығы, түрі және биіктігі бойынша бірдей, күрт биіктейтін және доғал төмендейтін (ара тісі тәрізді) бөліктен тұрады. II, III, avF, V1 тіркемелерінде анық көрінеді. R-R интервалдары әр түрлі. QRS комплексі өзгермеген. Науқаста қандай ырғақ бұзылысы бар?

А) Жүрекшелер жыбыры

В) Жүрекшелер тыпыры, дұрыс емес түрі

С) Синусты аритмия

D) I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

Е) II дәрежелі атриовентрикулярлық блокада


15. СТӘС – синус түйіні әлсіздігі синдромы белгісі болып табылады:

А) Айқын тұрақты брадикардия

В) Аздаған брадикардия

С) Синусты аритмия

D) Қарыншалық экстрасистолия

Е) I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада


16. СТӘС – синус түйіні әлсіздігі синдромы белгісін атаңыз:

А) Жыбыр аритмиясы, нормосистолиялық түрі

В) Кенет кезеңді түрде синус ырғағының жоғалуы

С) Суправентрикулярлық экстрасистолия

D) Қарыншалық экстрасистолия

Е) I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада


17. СТӘС – синус түйіні әлсіздігі синдромы, бұл:

А) Тахикардия

В) Сол жүрекшеге күш түсу

С) Тұрақты айқын байқалатын жыбыр аритмиясының брадисистолиялық түрі

D) Қарыншалық экстрасистолия

Е) I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада


18. СТӘС – синус түйіні әлсіздігі синдромына тән?

А) Синусты ырғақ

В) Синусты аритмия

С) Синдром тахикардия-брадикардия

D) Қарыншалық экстрасистолия

Е) I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада


19. 60 жасар ер адам, жүрек қағу, жүректің «тоқтап қалу» сезімі, бас айналу, ентігу, әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Анамнезінде – 2 жыл бұрын миокард инфарктімен ауырған. Аускультация кезінде: жүрек тондары тұнқталған, брадикардия, пульс 40-42 рет минутына, АҚҚ – 160/80 мм.сын.бағ. ЭКГ – күрт синусты брадикардия 40 рет минутына. Брадикардия атропин егізгеннен кейін де сақталады. Ортостатикалық сынама кезінде де ырғақтың жиілеуі болмаған. Науқаста қандай асқыну дамыған?

А) Синусты аритмия

В) I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

С) 2 дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

D) СТӘС

Е) Экстрасистолия


20. 40 жасра ер адам, жүрек қағу, жүректің «тоқтап қалу» сезімі, бас айналу, ентігу, әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Анамнезінде 6 ай бұрын респираторлы вирустық инфекциямен ауырған. Аускультация кезінде: жүрек тондары тұнқталған, ырғақсыз, АҚҚ – 110/80 мм.сын.бағ. ЭКГ – жыбыр аритмиясының пароксизмальды түрі қарыншалар жиырылу саны шамамен 185 рет минутына синус түйіні тоқтауымен алмасты. Науқаста қандай ырғақ бұзылысы бар?

А) Синусты аритмия

В) I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

С) 2 дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

D) СТӘС – синус түйіні әлсіздігі синдромы

Е) Экстрасистолия


21. 70 жасар әйел адам, жүрек қағу, жүректің «тоқтап қалу» сезімі, бас айналу, ентігу, әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Анамнезінде – екі рет миокард инфарктімен ауырған. Аускультация кезінде: жүрек тондары тұнық, АҚҚ – 140/80 мм.сын.бағ. ЭКГ – ЖСЖ 35-40 рет минутына. Атропинмен сынама – теріс. Науқаста қандай асқыну дамыған?

А) Синусты аритмия

В) I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

С) 2 дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

D) Синус түйіні әлсіздігі синдромы

Е) Экстрасистолия


22. 30 жасар ер адам, жүрек қағу, жүректің «тоқтап қалу» сезімі, бас айналу, ентігу, әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Анамнезінде – 2 жыл бұрын миокардитпен ауырған. Аускультация кезінде: жүрек тондары тұнық, ырғақсыз. АҚҚ – 100/60 мм.сын.бағ. ЭКГ – қарыншалар жиырылу саны шамамен минутына 185 рет жыбыр аритмиясының пароксизмальды түрі синус түйіні тоқтауымен алмасты. Науқаста қандай ырғақ бұзылысы бар?

А) Синусты аритмия

В) I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

С) 2 дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

D) Синус түйіні әлсіздігі синдромы

Е) Экстрасистолия


23. Жүрекшелер тыпырына тән ЭКГ белгі:

А) Ара тісі тәрізді жүрекшелік F толқындарының болуы (II, III, aVF,V1,V2)

В) V1- V 2 тіркемелерінде теріс Р тісшесі

С) QRS комплексі артында теріс Р тісшесі

D) QRS комплексі QS түрінде

Е) Әр түрлі формада және амплитудалы ретсіз f толқындары (II, III, aVF,V1,V2)


24. Жыбыр аритмиясының тахисистолиялық түрінде 1 минуттағы қарыншалар жиырылу саны:

А) 100 ден артық

В) 60 тан төмен

С) 60 - 90

D) 40 -50

Е) 40 тан төмен


25. Жыбыр аритмиясының брадисистолиялық түрінде 1 минуттағы қарыншалар жиырылу саны:

А) 100


В) 85

С) 65


D) 70

Е) 40 тан төмен

26. 65 жасра ер адам, төс артындағы қысып ауырсыну, оның сол қолға таралуына шағымданады, ауырсыну нитроглицеринмен басылады, физикалық жүктеме кезінде пайда болып, жүрек қағу, жүректің шалыс соғуы мазалайды. Анамнезінде артериялық гипертония 20 жылдан бері мазалайды, максимальды көтерілуі 200/100 мм.сын.бағ. Соңғы жылы тәулігіне 240 мг верапамил қабылдаған. ЭКГде PQ интервалы 0,24 сек артық ұзарған. Науқаста қандай асқыну дамыған?

А) Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы

В)Атриовентрикулярлық блокада I дәрежесі

С) Гис шоғыры оң аяқшасының толық емес блокадасы

D) Гис шоғыры оң аяқшасының толық блокадасы

Е) Синоатриальды блокада


27. Атриовентрикулярлық блокада I дәрежесінде P – Q интервалы тең:

А) 0,12"


В) 0,14"

С) 0,16"


D) 0,08"

Е) 0,26"





  1. P – Q интервалының ұзаруы байқалады:

А) Атрио-вентрикулярлық блокада I дәрежесі

В) Толық атрио-вентрикулярлық блокада

С) Жүрекшелік экстрасистолия

D) Қарыншалық экстрасистолия

Е) Жүрекше гипертрофиясы


  1. Сирек ырғақ (ЖСЖ 40 рет және одан төмен) Морганьи - Эдемс – Стокс ұстамасымен жүруі кездеседі:

А) Толық атрио-вентрикулярлық блокада

В) Атриовентрикулярлық блокада I дәрежесі

С) Гис шоғыры сол аяқшасының блокадасы

D) Қарыншалық экстрасистолии

Е) Жүрекшеаралық блокада


  1. I дәрежелі атрио-вентрикулярлық блокада ЭКГ белгісі:

А) PQ интервалы 0,20 секундтан аз

В) PQ интервалы 0,20 секундтан артық

С) P тісшесінің деформациясы немесе полярлығының өзгеруі

D) Жүрек электр осінің күрт солға ығысуы

Е) Өзгерген QRS комплексінің уақытынан ерте пайда болуы


  1. Атриовентрикулярлық блокада III дәрежесінің ЭКГ белгісі болып табыладыя:

А)Қарыншалық және жүрекшелік ырғақтардың толық ажырауы

В) Қарыншалар жиырылу саны 70 рет минутына

С) Қарыншалар жиырылу саны 180-220 рет минутына

D) Қарыншалар жиырылу саны 90-130 рет минутына

Е) Қарыншалар жиырылу саны 140-250 рет минутына


  1. 70 жасар ер адам клиникаға кенет әлсіздік, бас айналу, бас ауру, төс артындағы қысып ауырсыну, оның нитроглицеринмен басылуы шағымдарымен келіп түсті. Анамнезінде 2 жыл бұрын миокард инфарктімен ауырған. ЭКГде P-Q интервалының біртіндеп қарыншалық комплекс түскенге дейін ұзаруы, одан кейін ұзақ пауза. Бұл өзгерістер қандай патологияға тән:

А) I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

В) II дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

С) III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

D) Жыбыр аритмиясы

Е) Жүрекшелер тыпыры


  1. Венкебах –Самойлов кезеңі тән:

А) I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

В) II дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

С) Синусты аритмии

D) Толық атриовентрикулярлық блокада

Е) Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы


  1. Толық АВ-блокада кезінде жүрекшелер қандай түйіннен импульстер алады:

А) Синус түйіні

В) Атриовентрикулярлық түйін жоғарғы бөлігі

С) Атриовентрикулярлық түйін ортаңғы бөлігі

D) Атриовентрикулярлық түйін төменгі бөлігі

Е) Пуркинье талшықтары


  1. Тұрақты электрокардиостимуляцияға көрсеткіш болып табылады:

А) Синусты брадикардия 44-42 рет 1 мин

В) Морганьи-Адамс-Стокс ұстамасы

С) I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

D) Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы

Е) Гис шоғыры оң аяқшасының толық блокадасы


  1. 60 жасра ер адам, ЖИА. Инфарктен кейінгі кардиосклероз диагнозымен кенет естен танды. Жағдайы эпилептиформды құрысулармен, еріксіз несеп бөлумен және дефекациямен жүрді. ЭКГ де атриовентрикулярлық блокада II дәрежесі, Мобитц I тіркелді. Осы патология кезінде ЭКГде қандай өзгерістер болады?

 А) V5-V6 тіркемелерінде QRS комплексінің кеңеюі

 В) PQ интервалы 0,20 секундтан артық

 С) біртіндеп комплекстен комплекске P-Q интервалының ұзаруы және бір немесе бірнеше QRS комплексінің түсіп қалуы

D) біркелкі ұзарған P- Q интервалы және әр 2 QRS комплексінің түсіп қалуы

Е) Р тісшесі 0,20 с. артық
37. 60 жасар ер адам, реанимация бөлімінде ірі ошақты артқы-диафрагмалық миокард инфаркті бойынша емделуде, кенет қысқа уақытқа естен танып, құрысу синдромы, еріксіз несеп бөлу болған. Жүрек  тондары тұнықталған, ЖСЖ  34 рет   1 минуту. АҚҚ – 130/70 мм сын бағ. ЭКГде атриовентрикулярлық диссоциация. QRS саны   – 34 рет 1 минутына. P саны – 80 рет 1 минутына. QRS комплексі ені – 0,14 сек. Науқаста қандай асқыну пайда болды:
A) синоаурикулярлық блокада – II дәрежесі

B) АB-блокада II дәрежесі Мобитц I

C) АB-блокада II дәрежесі Мобитц II

D) толық АB-блокада

E) Гис шоғыры аяқшасының блокадасы
38. 34 жасар диффузды токсикалық жемсаумен ауыратын әйел адамда ентігу, пайда болып, жүрек қағуы күшейген. Жүрек тондары айқын, ырғақсыз. Жүрек ұшында қысқа систолалық шу естіледі. ЖСЖ – 128 рет 1 мин, РS – 78 рет 1 мин, аритмиялық. ЭКГ: R-R- әр түрлі, II, III av F , V1 тіркемелерінде f толқындары;  P тісшесі жоқ. Науқаста қандай ырғақ бұзылысы бар?


  1. жүрекшелер жыбыры

  2. жүрекшелер тыпыры

  3. жүрекшелік экстрасистолия

  4. қарыншалық экстрасистолия

  5. AV-түйінді пароксизмальды тахикардия

39. Морганьи-Адамс -Стокс синдромы байқалады:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет