Құймалы жүктерді құю және ағызу технологиясы
Вагондардың мұнай базасына (қоймасына) берілу сәтінен қорытынды операцияға дейінгі технологиялық процесс теміржол станциясының мұнай өнімдерін құю және ағызу жөніндегі жұмысының Типтік технологиялық процесінде сипатталған.
Құюдың екі технологиясы бар:
өздігінен ағатын (өздігінен ағып);
арынды – тиелген сорғыштар көмегімен.
Қоймалардың алаңшалар деңгейіне қатысты орналасуы құю технологиясына байланысты болады (Гриневич Г.П. комплексно-механизированные и автоматизированные склады на транспорте. – М.: Транспорт, 1987. – 295 б. қараңыз).
Арынды құю тәсілінде техникалық өнімділігі Я = 320…70 (Ъи3 /ч) болатын орталықтан ағатын сорғыштар пайдаланылады.
Құю алдындағы дайындық операциялары. Жүк жіберуші жұмыскерлері тапсырылған цистерналарды қарайды (ярлықтарын тексереді). Осыдан кейін жұмысшы цистерна жүк тесігінің (қалпағының) ауызшасының шатырынан ЗГГУ шешеді, қалпақты ашады, жұмысшы білетін белгіге дейін құйғаннан кейін көбік пайда болуына жол бермеу үшін құйма жеңдерін қазан түбіне дейін жібереді, ысырмаларды ашады, осыдан кейін құйма басталады.
Дайындық операциясына кететін уақыт Пmex = 320…700 м3 /с құрайды.
Қорытынды операциялар – бұл құйма деңгейін қазанның ең жоғарғы нүктесінде өлшеу сызғышымен – метрштокпен көбік отырғаннан кейін немесе көбік болған жағдайда көбік оқшаулағышты пайдаланып, метрштокты ол арқылы сұйықтыққа түсіріп өлшеу. Метршток шкала ұзындығы 340 см дейін болатын 020-25 мм құбыр түрінде ұсынылады. Шкаланың ең кіші бөліну бағасы – 1 мм. Төменгі ұшының 1 мыс ұштығы болады, ал жоғарғысының – 2 сырғасы болады.
Құйма биіктігі әр нүктеде екі реттен кем емес цистернаның көлденең осьтік сызығы бойынша жүк тесіктің (қалпақтың) екі қарама-қарсы нүктесінде метрштокпен өлшенеді. Екі өлшеу санақтарының арасындағы айырмашылық 0,5 см аспауы керек. 0,5 см астам айырмашылық болған жағдайда өлшеу қайталанады. Құйманың нақты биіктігі деп екі қарама-қарсы нүктеде өткізілген өлшеу нәтижелерінің орташа арифметикалық саны алынады. Алынған нәтиже 0,5 см бастап, үлкейту жағына бүтін сантиметрге дейін жуықталады. Өлшеу биіктігінің Н шамасы бойынша теміржол цистерналарын арнайы мөлшерлеу кестелері бойынша әр цистерна түрі үшін құйылатын жүк (мұнай) көлемі анықталады V, дм3 (литр). Мөлшерлеу кестесі бойынша, құйылатын жүк көлемін V және құймалы жүк тығыздығын /т/ дм3 біле тұрып, жүк салмағы анықталады, тс: Q=Vy.
Сұйықтық тығыздығы деп оның массасы аталады, ол 103 кгс/дм3 (тс/дм3) көлем бірлігінен тұрады. Мұнай өнімінің 200С температурасындағы тығыздығы қалыпты деп саналады, ол денсиметр деп аталатын арнайы аспаппен анықталады. Бұл тығыздық сандық жағынан 40С-де судың меншікті салмағына жатқызылған сұйықтықтың меншікті салмағына тең болады. Өнімнің кез-келген температурасында тығыздықтың сандық мәні бір уақытта өлшеу температурасындағы осы өнімнің (кгс) 1 дм3 (литр) салмағына тең болады. Мұнай өнімінің тығыздығын денсиметрсіз – теміржол цистерналарының мөлшерлеу кестесінде келтірілген орташа температуралық түзетулер кестесі көмегімен анықтауға болады, мысалы 200С-дағы тығыздық – 0,7500-0,7599 болса, онда температуралық түзету 10С-ға 0,000831 құрайды.
Бұл үшін:
а) төлқұжат бойынша мұнай өнімінің +200С тығыздығы анықталады;
в) цистернадағы жүктің орташа температурасы анықталады;
с) жүктің +200С және орташа температура арасындағы айырмашылық анықталады;
д) температуралық түзеду кестесі бойынша +200С-дағы берілген өнімнің тығыздығына сәйкес келетін 10С-қа түзету анықталады;
е) тығыздықтың температуралық түзетілуі температуралар айырмашылығына көбейтіледі;
ж) д) пунктінен алынған көбейтіндіні егер цистернадағы мұнай өнімінің орташа температурасы 200С жоғары болса, 200С-дағы тығыздық мәнінен алады, немесе өнімнің температурасы 200С төмен болса, бұл көбейтіндіні қосады.
Құйылған өнімнің салмағы анықталғаннан кейін жұмысшы құйма жеңдерін алып тастап, тығыздағыш төменіштер қойып, қалпақ қақпағын жабады және ЗПУ бекітеді (мұнай жүктерінің бір бөлігін, мысалы, шикі мұнай, майлар, мазут және т.б. ЗПУ орнатылмаған цистерналарда тасымалдауға рұқсат беріледі).
Дайындау-қорытынды операцияға кететін уақыт tn-3 = 14 мин/цс құрайды. Бұл жерде цистернаны беру (алу) уақыты кірмейді.
Цистерналардың сыйымдылығы мен жүк көтергіштігінің пайдаланылуын жетілдіру үшін мұнай өнімдерін суытылған күйде жүктеген дұрыс, өйткені қыздырылған мұнай өнімдерін суытқан кезде цистерна қазанында біршама кеңістік пайда болады.
Құймалы жүктерді ағызудың екі тәсілі болады: өздігінен ағатын және мәжбүрлеп ағызылатын (сорғышпен).
Ағызуды Л.А.Шадурмен, О.Г.Бойчевскиймен, Л.С.Сигинмен ұсынылған әмбебап төмегі ағызу аспабы (ӘТАА) арқылы ағызуға болады, немесе қалпақтың жоғарғы жүк тесігі арқылы батырылған сорғыш көмегімен (сорып).
Өздігінен ағызу өз кезегінде: ашық және жабық болады.
Ашық ағызу тек ӘТАА арқылы рельсаралық қабылдайтын темірбетон арнашыққа немесе қосымша құбыржол бар болуын талап ететін бүйірлік арнашықтарға жүзеге асырылады.
Ашық төменгі ағызу тәсілінің кемшіліктері: құймалы жүктер жоғалтылады және мұнай өнімінің, қоршаған ортаның ластануы орын алады. Осы себептермен ашық төменгі ағызу тәсілі көпшілік пайдалануға ұсынылмаған.
Мәжбүрлеп ағызу тек жоғарғы жақтан қақпақ жабық болғанда құбыржол және батырылғна сорғыш арқылы тығыздану қамтамасыз етіліп жүзеге асырылады.
ӘТАА арқылы сорғыштар (батырлмаған) көмегімен ағызу технологиясы
ӘТАА төменгі қақпағы ашылып, оған төменгі келтеқұбыр жалғанады,
Алдымен жұмысшы ЗПУ шешіп, рәзеңке тығыздағыштары бар жүк тесігінің (қалпақтың) қақпағын ашады, содан кейін ӘТАА қарнағының жоғарғы ұшын жеті айналымға бұрып, рәзеңкеден жасалған тығыздағыш сақинасы бар клапанды ашады. Осыдан кейін сорғыш қосылып (мөлдір мұнай өнімдерін ағызғанда – бензин, лигроин, керосин) және құймалы жүктің ӘТАА0200 тесігі арқылы ағызылуы басталады,
Ағызу аяқталғаннан кейін жұмысшы аспап қарнағының жоғарғы ұшын бұрап клапандарды жабады, цистерна қалпағының қақпағын жабады, ЗПУ орнатады, келтеқұбырды алады және ӘТАА төменгі қақпағын жабады.
Мұнай өнімдерін құю (ағызу) кезінде цистерналардың бос тұрған уақытын есептеу.
Мұнай өнімдерінің өздігінен ағып, төмені ағызу кезінде бір беріліс цистерналарының бос тұруы, с/под
Мұнда пц – цистерналар саны, шт;
Достарыңызбен бөлісу: |