Клиникада қанды морфологиялық зерттеу кеңінен қолданылады. Бұл тәсілмен қанның пішіндік элементтерінің сандық және сапалық жағдайын бағалайды: эритроциттердің саны мен оның құрамындағы гемолабин мөлшерін, лейкоциттердің жалпы саны мен әр түрлі пішіндерінің өзара қатынасын, тромбоциттердің санын анықтайды
Эритроциттер
01
02
03
04
Эритроциттер төмендеу себебі: Эритроциттер санының төмендеуі анемия деп аталады. Бұл патологиялық жағдайдың себептері көп, және ол әрдайым қан түзу жүйесімен байланысты емес. Себептері:
Дұрыс тамақтанбау (белок және дәрумендерге кедей тағам);
Қан жоғалту;
Лейкоздар;
Гемолиз (токсикалық заттардың немесе аутоиммунды процесс арқасында қан жасушаларының өлуі)
NB! Эритроциттер санын анықтауда эритрогемометр, электрофотоколориметр, электрондық есептегіштер қолданылады.
Лейкоциттер
Лейкоциттер қан ағымындағы ақ түсті жасушалар. Бұл жасушалар иммунды жүйенің негізі десе болады. Ағзаға инфекция, токсикалық заттар, бөгде заттар түскенде осы лейкоциттер сонымен күресіп, ағзаны қорғайды. Лейкоциттердің түзілуі қызыл сүйек кемігінде және лимфа түйіндерінде жүреді. Лейкоциттер бірнеше түрге бөлінеді, олар: нейтрофильдер, базофильдер, моноциттер, лимфоциттер. Олардың әрқайсысы сыртқы түріне және атқаратын қызметіне байланысты ажыратылады.
Лейкоциттердің жоғарылау себептері:
1.Физиологиялық лейкоциттердің жоғарылау: Тағам қабылдаудан кейін,; Белсенді физикалық жүктемеден кейін; Жүктіліктің екінші жартысында; Егу жасалғаннан кейін; Етеккір кезінде;
2.Қабыну реакциясы кезінде (патологиялық): Іріңді қабыну аурулары (абсцесс, флегмона, бронхит, гайморит, аппендицит және т.б); Күйіктер және травмалар; Операциядан кейін; Ревматизмнің асқыну кезінде; Онкологиялық аурулар кезінде; Лейкоз кезінде (иммунды жүйе стимуляциясы жүргенде);
Гематокрит – зертеудегі қаның жалпы көлемінің ондағы бар эритроциттерге пайыздық қатынасын айтады. Пайызбен өлшенеді.