кәсіби имиджіңді танытарлықтай мамандығыңа сай киімді киген жөн.
Тым ерекшеленетін модельдерден аулақ болу;
Қара, ақ түстен, сондай-ақ қара боп көрінетін қою көк түстен қашық болу;
Бет-жүзіңе жақын және жасыл түстілерді кимеу;
Теледидар үшін басты тиімді түстер сапына көбіне қоңыр, көгілдір, сұр түстер енбек;
Ер адамдарға ұзын шұлық киген орынды;
әйелдерге қысқа етектердің әдетте жиырылатынын ескеріп, одан бас тарту ең дұрыс шешім;
бикештерге тым жылтыраған, сылдырлаған асыл бұйымдардан улақ болған жөн;
жарық бет бояуын соғындатады, сол себептен де әйелдерге күнделіктіден сәл-пәл ашығырақ боянған жөн;
ер адамдарға да әдеттегідей косметикадан қашудың жөні жоқ. Олсыз сіздің бейнеңіз слғындау көрінбек;
Маңдайыңызға түскен шашыңыз екі елі көтеріңкі болғаны дұрыс.
Эфирге шықпастан бұрын бәрін мұқият тексеру. Тиек, ілгектеріңіз орнымен салынғанына назар аудару;
Креслоға жатып алмау, өте сақ болу, бірақ тым қысылмау;
Аяқты аяққа салып отыру орынсыз;
Егерде орындығыңыз айналмалы болса, оны пайдаланып қозғалақтай бермеу. Бұндай жағдай көрермендердің назарын аударып, сөйлер сөзіңнің ырғағына әсер етеді.
Әдебиет: 1.Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қад-шева, Э.Д.Сүлейменова «Ресми-іскери қазақ тілі» 1 бөлім Алматы-2001 ж.294-300бб.
2.Г.Ж.Бекова -Тайсойғанова «Қазақ тілі» Астана-2003 ж. 131-132бб
3. А.С.Қыдыршаев, Д.С.Төлегенова «Іскерлік шешендіктану қағидалары»,Орал, 2007