Жұмыс бағдарламасы 6М020500 «Филология» мамандығының магистранттарына арналған


-тақырып. Әдебиет және беллетристика



бет10/20
Дата29.12.2021
өлшемі218,5 Kb.
#106514
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
7-тақырып. Әдебиет және беллетристика

Беллетристика туралы түсінік, түрлі пікірлер, оның даму сатылары, әдеби дамуға ықпалы, орны, ерекшеліктері, көркемдік-идеялық қыры, мағыналық-структуралық элементтері. Беллетристиканың, бүгінгі ғылыми деректі материалдар мәнінің көркем шығармашылыққа тигізіп отырған әсері. Детектив және ғылыми фантастика. Көркем әдебиет пен беллетристиканы түйістіретін жанрлар. Беллетристика және бестселлер. Қоғамдық сұранысқа ие бейкөркем шығармалар мен көркем әдебиет. Әдеби индустрия туралы түсінік. Қазіргі қазақ әдебиеті және модернизм. Әдеби шығарманы модельдеу тәжірибелері.


8-тақырып. Көркем шығарманы талдау және қабылдау мәселелері


Әдебиеттегі диахрондық және синхрондық талдау әдістемелерінің жемісі. Рецептивті-эстетика теориясы. Әдебиеттегі герменевтика және эстетика тәжірибесі. Әдебиеттанудағы формалистік концепциялар. Объективті-аналитикалық талдау және субъективті қабылдау қатынастары. Шығармашылық процесс және қабылдау. Катарсис термині туралы түсінік. Аристотель, Пифагор, Платон, Аквинский, Кант еңбектеріндегі катарсис туралы ой-тұжырымдар. Көркем шығарма жазу мен қабылдауындағы сезім мен қиял қызметі. Автордың ойлау, ой қорыту процессіндегі диалектикалық шешім. Катарсис мақсаты – эстетикалық әсер. Шығарманың сезімталдық аясы оқырман қабылдауында туғызатын тілектестік сезімдердің табиғаты және оны пайдалану. Сезімталдық жұмбақтарын жанды бейнеге көшіру мәселелері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет