Жұмыс бағдарламасы 6М020500 «Филология» мамандығының магистранттарына арналған


-тақырып. Әдебиет сыны және оның қазақ әдебиетінде пайда болу, даму, қалыптасу кезеңдері туралы қазіргі ой-пікірлер



бет8/20
Дата29.12.2021
өлшемі218,5 Kb.
#106514
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
4-тақырып. Әдебиет сыны және оның қазақ әдебиетінде пайда болу, даму, қалыптасу кезеңдері туралы қазіргі ой-пікірлер

Қазан төңкерісіне дейінгі әдеби сын. Алғашқы баспасөздегі әдеби сынға қатысты кейбір пайымдаулар. 20-30-шы жылдардағы әдеби сын. Ондағы негізгі бағыттар мен көркем шығармашылықтан талап ететін басты критерилер. Ел өміріндегі қоғамдық-саяси өзгерістердің әдеби сынға әсері. Әдебиеттің қондырма ретіндегі қызметі және оны коммунистердің идеологиялық құрал ретінде пайдалануы. Үкімет қаулы-қарарлары мен түрлі әдеби одақтар мен ұйымдардың пайда болу, құрылу себептері. Кеңес дәуіріндегі әдеби сынның қазақ әдебиетінің дамуындағы ролі. Әдеби сынның ұлттық мұраларымызды зерттеу мен дамытуды тежеудегі қызметі. Қазақ әдеби сынының өркендеу кезеңдері және көркемдік ізденістерді жан-жақты талдаудағы орны. Кәсіби сыншылықтың жетілуі және әдеби процесс. Қазіргі әдеби сындағы әр түрлі ұстанымдар.



5-тақырып. Қазіргі қазақ поэзиясының даму бағыттары

Поэзиядағы жанрлық өзгерістер. Қазақ поэзиясының өткені, кешегісі, бүгіні және ертеңі туралы толғаныстар. Жыраулар поэзиясындағы ұлттық рух мәселесі. Махамбет поэзиясы және бүгінгі ақындық өнердегі оның ерлік рухын қайталаушылықтың себеп-салдары. Абай ойшылдығын қазіргі поэзияға әсер-ықпалы. М.Жұмабаев, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев шығармашылықтарындағы ортақ қасиеттер мен ұқсастықтар. Қазіргі поэзиядағы отаншылдық рух мәселесі. Лирика мен поэманың арақатынасы. Лирикадағы ұлттық мінез бен көркемдік мәселесі. Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдық мәселесі. Жаңа мазмұн мен ескі форманың арасындағы үйлесімсіздік. Ырғақ мәселесіне байланысты соңғы ғылыми тұжырымдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет