Жұмыс бағдарламасы 6М050100 «Әлеуметтану»



бет13/15
Дата06.02.2022
өлшемі255 Kb.
#79748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Тәжірибелік сабақ №12.

  1. «Сексуалды мінез-құлық» феномені: биологиялық, мәдениеттік, әлеуметтік аспектілері.

  2. Сексуалды азшылық: норма ма әлде ауытқу ма?

  3. Жезөкшелік тарихи және әлеуметтік аспектіде.

  4. Г.Зиммель жезөкшеліктің ақшалай мәні туралы.

  5. Жезөкшелік жыныстық мораль либерализациясы контексінде.



4.4 Магистранттың өзіндік жұмысының мазмұны (Оқу бөлімі-күндізгі)


4.4.1 МӨЖ түрлерінің тізімі



МӨЖ түрлері

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат саны

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Конспект

Сабақтарда қатысу

2*12=24

2

Тәжірибе сабақтарының конспектісін дайындау

Конспект

Сабақтарда қатысу

3*12=36

2

Тәжірибие сабақтарына дайындық, үй жұмысын орындау

Жұмыс дәптері

Сабақтарда қатысу, ауызша жауап

4*12=48

3

Аудиториялық сабаққа кірмеген қосымша материалдарды оқу

Жұмыс дәптері

Сабақтарда қатысу, ауызша жауап

1*12=12

4

Бақылау шараларына дайындық




Жазбаша жауап

2*7,5=15

Барлығы:

135



4.4.2 Магистранттардың өз бетінше оқуына ұсынылған тақырыптар тізімі
1 Тақырып. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының пәні

Ауытқу мінез-құлықтың теориялық-методологиялық және эмпирикалық зерттелу деңгейлері. Әлеуметтік ауытқуды зерттейтін аралас ғылымдар жүйесіндегі девиантты мінез-құлық әлеуметтануының орны.
Ұсынылатын әдебиет: [6, б. 125-130], [10, б. 43-48]
2 Тақырып. Қазіргі заман әлеуметтануындағы девиантты мінез-құлықтың негізгі теориялары
Девиантты мінез-құлықты зерттеудің теориялық-методологиялық тәсілдері: әлеуметтік-құрылымдық бағыт, мәдени тәсіл, тұлғалық моделі.
Ауытқыған мінез-құлықты кеңестік және посткеңестік әлеуметтанулық зерттеу ерекшеліктері әлеуметтік-құрылымдық көзқарасты қабылдау ретінде. Қоғамдағы әлеуметтік ауытқу мен нормаға отандық әлеуметтанушылардың көзқарастары сипаттамасы. Ауытқу мінез-құлық типологиясы мен классификациясының негізгі критерийлері. Мінез-құлықтың объектісі, субъектісі бойынша ауытқу мінез-құлқының классификациясы. Заңға қарсы, асоциалды және деструктивті (құрылымсыз) мінез-құлықтың негізі формалары. Іс-әрекет, қызмет және өмір бейнесі девиантты мінез-құлық көрінісінің деңгейлері ретінде.
Ұсынылатын әдебиет: [6, 141-145 б.], [8, 112-116 б.]
3 Тақырып. Әлеуметтік норма девиантты мінез-құлықты анықтауда бастапқы пункт ретінде
Әлеуметтік нормалардың құрылымы. Әлеуметтік нормалардың негізгі сипаттамалары. Әлеуметтік нормалар қоғамдық қарым-қатынасты ұйымдастырудың ерекше әдісі және түрі ретінде. Норманы жасап шығару адамдық іс-әрекеттің ерекше түрі ретінді. Қазіргі Қазақстандағы құқықтың және адамгершіліктің нормалары. Нормалар мен ауытқудың диалектикалық байланыстары.
Ұсынылатын әдебиет: [6, б. 141-145], [8, б. 112-116]
4 Тақырып. Ауытқу мінез-құлқының бірегейлік механизмі
Нақты өмірлік мәселе тудырған жағдайы девиация факторы ретінде. Мәселе туғызып отырған жағдайдың объективті мағынасы және оны тұлғаның субъективті тұрғыда қабылдауы. Жанжал өмірдің күрделі жағдайларының мазмұндық қыры ретінде. Макрожанжалдың адамдардың күнделікті мінез-құлық деңгейімен байланысы. Тұлғаның биоәлеуметтік ерекшеліктері және девиация.
Ұсынылатын әдебиет: [6, б. 145-149], [8, б. 117-125]
5 Тақырып. Девиантты мінез-құлық механизмі бұқаралық әлеуметтік құбылыс ретінде
Әлеуметтік дезорганизация ұғымы. Әлеуметтік қауымдастық дезорганизациясы және тұлға. Аномия концепциясы, оның батыстық әлеуметтік ойдағы дамуы. Қазіргі Қазақстандағы аномия және ауытқу мінез-құлқы.
Ұсынылатын әдебиет: [6, б. 131-140], [1, б. 39-45]
6 Тақырып. Әлеуметтік бақылаудың мәні, функциялары және құрылымы
Әлеуметтік бақылауды әлеуметтанулық зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері. Әлеуметтік бақылау формалары (сыртқы және ішкі, ресми және бейресми, т.б.). Әлеуметтік бақылау элементтері. Әлеуметтік бақылау механизмдері. Әлеуметтік шектеулер. Индивидтің өзіндік санасы және әлеуметтік бақылау.
Ұсынылатын әдебиет: [6, б. 132-145], [3, б. 112-115]
7 Тақырып. Қазіргі заманғы әлеуметтік бақылаудың негізгі тенденциялары
Ауытқу мінез-құлқының алдын алудың саясатын жүргізудегі медико-биологиялық тәсіл. Девиацияны ескертудегі әлеуметтік профилактикалық тәсіл. Превенцияның негізгі деңгейлері: жалпы әлеуметтік, арнайы және жеке.
Ұсынылатын әдебиет: [2, б. 65-74], [3, б. 114-119]
8 Тақырып. Нашақорлық әлеуметтік мәселе ретінде
«Нашақорлық» - «наркотизация» түсініктерінің байланыстары. Нашақорлықты зерттеудің негізгі әлеуметтанулық тәсілдері. Нашақорлықты зерттеудегі жүйелелік тәсіл. Есірткіге бейімдеудің объективті, субъективті факторлары және мотивтері. Есірткіні зандастыру: қарсы және келісу. Батыс елдеріндегі нашақорлықпен күресудің жаңа әдістері. Нашақорлық процесіне бақылаудағы формалды емес ұйымдар мен нашақорларға әлеуметтік көмек көрсететін қызметкерлердің маңызы.
Ұсынылатын әдебиет: [1, б. 15-28], [5, б. 33-37]
9 Тақырып. Ішімдікке салыну әлеуметтік патология түрі ретінде
Ішімдікке салынудың алдын-алудың басты мәселелері және Қазақстан Республикасындағы маскүнемдік. Қазақстан Республикасындағы алкоголизмнің ерекшеліктері. Ішімдікке салыну мен маскүнемдіктің алдын-алудың негізгі бағыттары. Әлеуметтанулық зерттеудің мемлекетте антиалкогольдік саясатты қалыптастырудағы маңызы.
Ұсынылатын әдебиет: [5, б. 80-88], [1, б. 15-28]
10 Тақырып. Қылмыс әлеуметтанулық зерттеудің объектісі ретінде
Қылмыс әлеуметтануына концептуалды көзқарас. Қылмыстық мінез-құлықты зерттеудің әлеуметтанулық әдістері: кемшіліктері мен жетістіктері. Нақты әлеуметтанулық зерттеулердің қылмыстық әлемдегі саясатты қалыптастырудағы ролі.
Ұсынылатын әдебиет: [4, б. 58-63], [5, б. 113-120]
11 Тақырып. Өз-өзіне қол жұмсау әлеуметтанулық феномен ретінде
Суицидтік мінез-құлықты зерттеудегі әлеуметтанулық тәсіл ерекшелігі. Өз-өзіне қол жұмсауды зерттеудегі негізгі концепциялар мен көзқарастар. Суицидтік мінез-құлықтың алдын алудың жалпы әлеуметтік және спецификалық шаралары.
Ұсынылатын әдебиет: [7, б. 47-56], [8, б. 25-32]
12 Тақырып. Сексуалдық девиациялар: әлеуметтанулық талдау
Мәдени шеңбердегі секс. Сексуалды төңкеріс әлеуметтанулық талдаудың объектісі ретінде. Жезөкшелікке байланысты қазіргі «әлеуметтік мифтер» туралы. Жезөкшелік жыныстық мораль либерализациясы контексінде.
Ұсынылатын әдебиет: [11, б. 87-95], [7, б. 47-56]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет