1 Пәннің мақсаты - магистранттарға девиантты мінез-құлық әлеуметтануы жөнінде толық мағлұмат беру және оның қоғамды танып-білудегі орнын қарастыру. Девиантты мінез-құлық проблемасы қазіргі заманда дүниежүзілік қауымдыстық үшін өте өткір болып табылады. Еуропа және Америка елдерінің статистикасы біртіндеп девиантты мінез-құлық, деструктивті жүріс-тұрыстан бастап ауыр қылмысқа дейінгі түрлерінің өсіп отырғанын көрсетуде. Девиантты мінез-құлықтың динамикасы мен тенденциясы бұл проблеманы біздің елімізде де өзектендіре түседі. Оның үстіне статистика қылмыстың жасарып бара жатқанын көрсетуде. Жасөспірімдер арасындағы топтық ұйымдасқан сипаттағы қылмыстар өсуде. Өкінішке орай қазіргі Қазақстан көптеген девианттық факторлар жиынтығын туғызып отыр. Осыған байланысты девиантты мінез-құлықтың тенденциясы мен осы заманғы сипатын ғылыми тұрғыда саналау ерекше маңызды болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |