5. Балалар айтысы. Айтыстың ерекше дамыған жерлері - үнді елі, Арабтардың бәдәулиелер арасы, қарақалпақ, башқұрт, алтай елдері т.б. жерлер. Қазақ айтысы - суырыпсалмалық өнер бәсекесі. Қалыптасу жағынан айтыс негізінен әдет-ғұрыптарға қатысты туған айтыстар және ақындар айтысы болып бөлінеді. Айтыстың ең көркемі және әлеуметтік мәселелер көтеретіні ақындар айтысы болып табылады. Айтыс көркем бейнелі сөздерді талғампаздықпен қолдануды қажет етеді.
Айтыс өнеріне деген алғашқы ықылас бала кезден басталады. Ең алдымен айтыстағы ұтқыр сөз тауып, қисынды ой айтуға негізделген диалогтық форма баланы ерекше қызықтырады. Айтыста бала өз ойын ең жоқ дегенде бір шумақ өлеңмен бере білу керек. Сондықтан да, әдетте, балалар айтысқа есейе бастаған шақта ден қоя бастайды.
Балалар арасында ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан жаттанды жауаптасулар көп кездеседі(Ұл: домбырам басы ырғай-ды, қыздар қолын бұлғайды. Бұлғаса да бармаймын, әлдене деп қарғайды. Қыз: домбырам басы ырғай-ды, қыздар қолын бұлғайды. Шақырғанда бармасаң, «көк шешек» деп қарғайды т.с.с.). Балалар арасындағы сөз қақтығысының көбінесе, қыздар мен ұлдар арасында болып келетіндігі, олардың психологиялық ерекшеліктерінен болса керек. Балалар репертуарында үлкендер шығарып берген айтыс өлеңдері де бар(Бала мен шілдің айтысы). Мысалы:
Бала:
Шілмісің, кекілікпісің, неменесің?
Беткейге тұзақ құрсам кез келесің.
Қаңғырып қайдан келдің сорлы байғұс,
Шілім-ау, шыныңды айтшы, енді өлесің
Шіл:
Екеуі. Шіл, кекілік ағайынды,
Жаныңа өлең айтып жағайынды.
Аға-екеш, мені өлтірмей қоя берші
Жақсылық еттіп баян бағайынды.
Бұнда балалар өмірі мен шіл тірлігінің біраз танымдық қырлары ашылады. «Қонады біздің ауыл қиыр шетке, сені мен өлтірмеймін біттей етке» деп баланың шілді босатып қоя беруінде де үлкен ғибрат жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |