Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум



бет70/78
Дата05.02.2022
өлшемі2,32 Mb.
#2292
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78
$$$002-015-000$3.2.15«Балалар әдебиеті» пәні бойынша


15-ДӘРІС

Туысқан халықтар әдебиетіндегі балаларға арналған шығармалар



&&&
$$$002-015-001$3.2.15.111.Орыс балалар әдебиетінің дамуы
&&&
$$$002-015-001$3.2.15.211Орыс әдебиеттанушылары балалар әдебиеті ерекшеліктері жайында.
&&&
$$$002-015-001$3.2.15.311Орыс балалар әдебиеті шығармалары



  1. Орыс балалар әдебиетінің дамуы.

Орыс балалар әдебиеті сынын қалыптастыруға Н.И.Новиков, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский сынды орыс педагогтары мен жазушылары мол үлес қосты. Олардың балалар кітаптарының тәрбиелік мәні, балалар әдебиетінің ерекшеліктері жайындағы ой-пікірлері үлкен мәнге ие болды. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, А.И.Герцен, Д.И.Писарев қалдырған мол мұра да аса қымбат қазына санатында. Ол мұра орыс балалар әдебиеті сынының негізін қалады. Орыс балалар әдебиеті мен сыны дамуында дәстүр мен жаңашылдық мәселесі басты орын алды. Орыс балалар әдебиеті сынының профессиональды деңгейге жетуі – ХХ ғасырдың 20-жылдары. 1921 жылы балалардың кітап оқу институты(институт детского чтения) ашылды.
1922 жылы Ленинградта пединститут жанындағы балалар кітапханасында үйірме жұмыс істей бастады. Үйірмеде сыншылармен қатар С.Маршак, Б.Житков, В.Бианки және т.б. жазушылар қоян-қолтық қызмет атқарды. 1932 жылы «Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті» бюллетені шыға бастады. Ол 1935 жылы «Балалар әдебиеті» журналына айналды. Балалар әдебиеті сыны саласында өнімді еңбек еткен дамдар шоғыры пайда болды. Баспасөз беттерінде Н.Крупская, А.Луначарский, М.Горький, Д.Фурманов, А.Фадеев, А.Макаренко, К.Федин, Ю.Олеша, Ю.Тынянов сияқты қоғам қайраткерлері мен жазушылар балалар кітаптары жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті.
Балалар әдебиетінің есейіп, өзіндік үлкен дәстүрге ие болғанын көреміз. Бұл дәстүрдің басында орыстың көрнекті жазушылары Аркадий Гайдар, Самуил Маршак, Корней Чуковский, Сергей Михалков, Валентин Катаев, Борис Житков, Лев Кассиль, Агния Барто, Виталий Бианки, тағы басқалары тұрады. Орыс әдебиеті біздің ұлттық балалар әдебиетіміздің дамуына жаңа бағыт сілтеді. Н. А. Некрасовтыц «Мазай атай мен қояндары», В. В. Маяковскийдің әр алуан кәсіп туралы, еңбек сұлулығын жырлаған атақты «Кім боламыны» мен С.Я.Маршактын «Балмұздағы», К.Чуковский, С. Михалков, А. Бартоның өлеңдері — айта берсе, классикалық орыс және кеңес балалар поэзиясының бұл сияқты тамаша үлгілері қаншама!
Қазақ балаларына арнап қазақ әдебиетінің негізін салушы классик жазушыларымыз С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқановтар шығармалар жазды. Сәкеннің жастарды жаңа заман кұруға үндеген отты өлеңдері, Бейімбеттің «Хан күйеуі», «Өтірікке бәйге» сияқты өлеңмен жазылған ертегілері, Ілиястың балаларды өмір тануға үйрететін табиғат жырлары, Мұхтардың «Көксерегі» мен Сәбиттің «Бақташының баласы», «Менің мектептерім» атты кітаптары қазақ балаларының алғашқы кезінен бүгінге дейінгі ұрпағына талмай қызмет етіп келеді. Бүгінгі қазақ балалар әдебиеті осы бір құнарлы топыраққа дән тастап, содан нәр алып өсті.
1941 жылы маусым айында «Балалар әдебиеті» журналының соңғы саны шықты. Соғыстан кейінгі жылдары балалар әдебиеті саласында ғылыми-зерттеу жұмысы кең қанат жайды. Балалар әдебиеті баспасы жанынан Балалар кітабы Үйі ашылды. Бұл лаборатория әдістемелік және библиографиялық құралдар шығаруды жүзеге асырды. 1952 жылдың сәуір айында балалар әдебиеті бойынша Бүкілодақтық мәжіліс(совещание) өткізілді. Кеңес балалар әдебиеті сыны дамуындағы жаңа кезең 50-жылдардың ортасынан басталды. 1953 жылдан бастап Балалар кітабы Үйі кеңес балалар жазушылары жайында сын-библиографиялық очерктер сериясын шығара бастады. 1966 жылы «Балалар әдебиеті» журналы өз жұмысын қайта жандандырды. 1941 жылы маусым айында «Балалар әдебиеті» журналының соңғы саны шықты.Қолдарына қару алып майданға аттанған қаламгерлер А.Гайдар, Л.Кассиль, С.Михалков, Л.Пантелеев, В.Катаев т.б. болды. 1941 жылдың күзінде А.Гайдар қаза тапты.Отан соғысын балаларға арналған кітаптарда бейнелеу принциптері А.Толстойдың, А.Фадеевтің, Н.Тихоновтың, И.Эренбургтің әдебиет жөніндегі мақалалары мен баяндамаларында, С.Маршактың, К.Чуковскийдің, В.Смирнованың балалар әдебиеті туралы сын мақалаларында ұсынылды. Аталмыш принциптер біртіндеп әдебиет практикасында орнықты.
Балалар әдебиеті дамуы мәселелеріне баспасөз үлкен мән берді. Соғыс кезіндегі баспасөз балалар әдебиетінің тәрбиелік мәніне баса назар аударыды. Партия Басқармасының Х пленумына 1945 жылдың мамырында «Балалар әдебиеті соғыс жылдарында» деген тақырыпта А.Кононов баяндама жасады.
Балалар әдебиеттінің негізгі мәселелері жайындағы мақалалар мен ой толғаулар «Правда», «Комсомольская правда», «Учительская газета», «Литература и искусство» газеттерінде және «Новый мир», «Знамя», «Звезда», «Октябрь» журналдарында жарық көрді. Бұл жарияланымдарда балалар шығармаларындағы өмірлік шындық пен көркемдік шындық нақты мәселе ретінде қойылды.
Балалар әдебиетінің соғыс кезіндегі халықтың шынайы өміріне бет бұруы, жас оқырманның халық тәжірибесіне иек сүйеуі оны үлкендер әдебиетімен жақындастырды. Үлкендерге арналып жазылған, соғыс туралы ең жақсы кітаптардың көпшілігі(толықтай немесе үзінділері) балаларға арналып басылды.
Балалар үшін ең жақсы классикалық туындылар мен кеңестік дәуірдегі кітаптар, бірінші кезекте кеңестік Ресейдің өткені жөніндегі кітаптар бірнеше мәрте басылып шықты. Соғыс кезінде орыс аңыздары, Пушкиннің «Полтавасы», Лермонтовтың «Бородиносы», Гогольдің «Тарас Бульбасы», Л.Толстойдың «Севастополь әңгімелері», Фурмановтың «Чапаевы», Серафимовичтің «Железный поток», Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты?» және т.б. кітаптар жарық көрді.
Қиын-қыстау кезеңдегі халықтың күрделі қат-қабат өмірі әдебиеттің барлық жанрлық түрлерінде көрініс тапты: лирикалық өлеңдермен, публицистикалық мақала, очерк, қысқа әңгімелермен қатар, соғыстың басында поэма, баллада, повесть, ал кейіннен тіпті романдар пайда бола бастады. Бір жанр элементінің екіншісінен көрінуі, әр қилы әдеби жанрлардың өзара кірігуі байқалды. Лирика публицистік сипатта көрінсе, эпос лирикалық қасиетпен ерекшеленді.
Соғыс кезіндегі туындылардың арасынан тарихи жанрдағы кітаптар, «жеңгендігіміз туралы ғана емес, біз кімбіз және біз неліктен жеңуіміз керек» дегенді түсіндіретін кітаптар басты орынға ие болды.
Балаларға арналған драматургия, фантастика, ғылыми-көпшілік әдебиет, жасы кіші балаларға арналған түрлі кітапшалар - осының бәрімен де балаларды балалар баспасы қамтамасыз етіп отырды.
Балалар мерзімді баспасөзі ел өміріндегі маңзды оқиғаларға ұйымшылдықпен үн қосып отырды, мектеп, пионер өмірі жайында хабарлаумен болды. «Пионер», «Дружные ребята», «Мурзилка» журналдары шығып тұрды. Біраз үзіліспен Ленинградтық «Костер» журналы шықты. Свердловскіде 1942 жылдан балаларға арналған «Боевые ребята» альманағы шыға бастады.
Соғыс кезіндегі балалар әдебиеті жас ұрпақты ерлік істерге баулу, тәрбиелеу жолында көп шаруа атқарды. А.Гайдардың, С.Маршактың, А.Бартоның, М.Пришвиннің, В.Катаевтың, Л.Кассильдің, В.Кавериннің және тағы басқа көптеген ақын-жазушылардың шығармалары балалар әдебиеті тарихына теңдессіз ерлік куәгерлері ретінде енді.
Соғыстан кейінгі жылдары балалар әдебиеті саласында ғылыми-зерттеу жұмысы кең қанат жайды. Балалар әдебиеті баспасы жанынан Балалар кітабы Үйі ашылды. Бұл лаборатория әдістемелік және библиографиялық құралдар шығаруды жүзеге асырды. 1952 жылдың сәуір айында балалар әдебиеті бойынша Бүкілодақтық мәжіліс(совещание) өткізілді. Кеңес балалар әдебиеті сыны дамуындағы жаңа кезең 50-жылдардың ортасынан басталды. 1953 жылдан бастап Балалар кітабы Үйі кеңес балалар жазушылары жайында сын-библиографиялық очерктер сериясын шығара бастады. 1966 жылы «Балалар әдебиеті» журналы өз жұмысын қайта жандандырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет