Жұмыс бағдарламасы «Экология және тұрақты даму»


Дәріс №12. Литосфера және оны тиімді пайдалану мен қорғау



бет6/7
Дата07.05.2017
өлшемі1,66 Mb.
#16060
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс №12. Литосфера және оны тиімді пайдалану мен қорғау


  • 1 Литосфера және оны тиімді пайдалану мен қорғау

  • 2. Жел және суэрозиясы

  • 3. Топырақты эрозиядан қорғау

  • 4. Топырақтың ластануы

  • 5. Жердї рекультивациялау

1. Топырақ ресурстарының маңызы

Литосфера — (грекше — Lithos — тас + sphak — шар) — жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км бола­тын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.

Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір-бірімен тығыз байланысты.

Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.

Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байла- нысты болатынын атап көрсеткен.

Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол: топы- рақ түзілу процесі құнарлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсетті.

Топырақ ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ен маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен ролін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арсындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе-теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық-түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады. Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.

Топырақ — сыртқы орта жағдайлары: жылу,су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микроорганизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс-әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті — құнарлылығының қалыптасуына жағдай жасайды.

Топырақтың құнарлылыгы дегеніміз — оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдары өндірісінің негізі.

Топырақ — барлық элементтердің аккумуляторы: ол оларды өзінде жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны,эрозия, құрғақшылық, т.б.) әсеріне қарсы тұра алады. Бірақ топырақ көптеген антропогендік факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану, т.с.с.) ұзақ уақытқа созылатын әсеріне сезімтал келеді. Топырақтың құнарлылығы адам іс- әрекетіне де байланысты.

Топырақ — барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық-түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді. Топырақтың ең маңызды байлық екендігін айта келіп, К.Маркс, еңбек — байлықтың әкесі болса, топырақ — анасы деген.

Топырақ ешнәрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылым әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі (гидропонды, пластопонды, аэропонды) топырақтың ролін дәл өз мәнінде орындай алмайды. Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңызды проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өзідігінен қалпына келу қабілетін сақтап қалуға барынша жағдай жасау.

Топырақ — биосфераның басқа элементтерімен үздіксіз алмасып отыратын, олармен тығыз байланысты және биосфераның кейбір элементтеріне (атмосфералық ауа, жер бетілік және жер астылық сулар) өзі де әсер ете алатын өте күрделі ашық система. Топырақ үнемі климат пен ауа райы компоненттері, флора мен фауна, әсіресе соңғы кезде түрлі антропогендік зиянды әсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процестер көбейіп, өздігінен тазару қабілеті нашарлап, құнарлылығы кемуде.

Топырақтың деградациялануының (латын тілінен аударған- да — "төмендеу", "артқа кету" ) негізгі факторлары :эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану, т.с.с.

Топырақтың қорғау мен бақылау объектісі ретінде қоршаған ортаның басқа объектілерімен салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа мен жер бетілік суларға қарағанда әлдеқайда қозғалыссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи өздігінен тазару қасиеті жоқ. Топыраққа түскен антропогендік ластаушылар онда жинақталып, көбейе береді.

2. Жел және суэрозиясы

Топырақ өте күрделі организм сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады. Онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері жүріп жатады. Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабатының сумен шайылу, желмен ұшу құбылыстарыэрозия деп аталады.

"Эрозия" термині латынның erodere — бұзу деген сөзінен алынған.эрозия дегеніміз топырақ жабынының су, не желмен шайылуы, бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзілу процесінің жүру жылдамдығы ша­мамен 0,5-2,0 см/100жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне 1400-7000 жыл қажет болған болар еді, бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 жыл, тіпті кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дау- ыл нәтижесінде болуы мүмкін.

Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты, не геологиялық және жылдам, не антропогендік эрозия болып бөлінеді.

Қалыпты эрозия — орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердің топырағында жүреді. Ол өте жай байқалып, нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзілу процестерінің нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе алады.

Жылдам эрозия — табиғи өсімдіктер дүниесі жойылып біткен, топырақтың табиғи ерекшеліктері ескерусіз пайдаланылған территорияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүреді.

Кең таралған эрозиялардың түрлері: жазықтық, сызықтық, дефляция, ирригациялық, өндірістік (техногендік), абразия, жайылымдық.

Жазықтық эрозия — тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр, еріген қар суларымен шайылуы.

Сызықтық эрозия — тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар суларының әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы.

Жел эрозиясы, не дефляция — топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желмен ұшуы.

Ирригациялық эрозия — суармалы егін шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегі су массасының берілуіне байланысты болады. Бұл су топыраққа сіңіп үлгірмейді де, топырақ бетімен ағады. Су жіберілетін егістік жер аз ғана болса да тегіс болмаса топырақтың қарашірігі сумен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүреді.

Өндірістік эрозия — пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, әсіресе, ашық әдіспен өндіруде, тұрғын үй, өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ және мұнай трубопроводтарын салу кезінде байқалады.

Абразия кезінде (өзендер, басқа да су көздерінің жағалауларының құлауы) жыртылатын және мал жайылатын жерлердің ауданы кемиді.

Шамадан тыс көп мал жаю кезінде жайылымдық эрозия байқалады.

Механикалық эрозия ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерін топырақтың өздігінен қалпына келу қабілетін ескермей пайдаланған жағдайларда қалыптасады. Бұл кезде топырақтың структурасы бұзылады, физикалық қасиеттері на- шарлап, топырақ түзілу процесінің негізгі агенті — биологиялық белсенділігі әлсірейді. Мысалы, АҚШ — да топырақтың тығыздалуы мен бұзылуы жыл сайын 1 млрд доллар шығын әкеледі.

Егіс далалары, әсіресе, жылына екі рет өнім жинайтын аудандарда ауыр техникалардың әсерінен топырақ тығыздалып, ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді. Бұл зардаптарды болдырмаудың тиімді жолы — топырақты минималды өңдеу, топырақ өңдеуші және басқа да машиналардың өнімділігін олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы арттыру.

Эрозия — құнарлылықтың жауы. Мамандардың есептеулері бойынша, әрбір минут сайын жер шарында 44 га жер ауылшаруашылық айналымынан шығып отырады.эрозияның әсерінен адамзат қоғамы күн сайын 3 мыңнан аса га жерден айрылып отырады. Ал барлығы қазіргі кезде 50 млн га құнарлы жер тозып бітті.эрозияның түрлерінің әсерінен барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімі шамамен 20-40% төмендейді.эрозияның зардаптары бұнымен бітпейді. Топырақ беттеріндегі жыралар, арықтардың түзілуі топырақты өңдеу жұмыстарын қиындатып, топырақ өңдеуші және өнім жинаушы техниканың еңбек өнімділігін төмендетеді. Топырақтың эрозиясы, олай болса, биогеоценоздардағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету ортасының бұзылуы, табиғи комплекстердегі қалыптасқан биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғады.

Эрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлері. Соңғы 150 жылда барлығы 160 млн га жердің 120 млн га эрозияға ұшыраған, 20 млн га жер ауылшаруашылығында пайдалануға жарамсыз.эрозияның әсерінен жыл сайын жердің қоректік заттарға бай 4 млрд тонна құнарлы қабаты жойылып отырады.

Жерорта теңізінің жағалауларына орналасқан елдердің то- пырақтары қатты бұзылған. Пиреней түбегінің шөлді Сиссарлары мен Солтүстік Африканың шөл далалары, Австралия, Канада, Индия, Пакистан мен Қытайдың бірқатар жерлері эрозияға ұшыраған.

Эрозия адамдардың тиімсіз тіршілік әрекеттері, жер ресурстарын дұрыс пайдаланбауы, кейбір шаруашылықтарда нашар агротехниканы қолдану нәтижесінде жүреді.

3. Топырақтыэрозиядан қорғау

Топырақтың эрозиясымен күресу — егін шаруашылығындағы ең негізгі мәселелердің бірі.

Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негізгілерінің бірі — шаруашылық-ұйымдастыру жұмыстары. Бұл — территорияны дұрыс ұйымдастыру. Шаруашылықтарда жерлерді су және жел эрозиясына ұшырау деңгейлеріне байланысты топырақ-Эрозиялық жоспарлар жасалынып, топырақтарға сәйкес эрозияға қарсы іс-шараларын жүргізеді.

Агротехникалық шаралардан беткейлерде жерді көлденеңдеп жырту, ал өте биік беткейлерде су ұстағыш микрорельефтер жасау керек. Жауын-шашын суларын жинау үшін жырту қабатын тереңдету арқылы да қол жеткізуге болады.

Агротехникалық шараларға сол сияқты топырақты аударып емес, тек қана қопсыту,эрозияға ұшыраған жерлерде желге төзімді қабаттарды жасау да жатады. Дефляцияға ұшыраған топырақтарда көп жылдық шөптерді өсіру арқылы ауыспалы егісті қолдану өте тиімді болып саналады.

Эрозияға қарсы күрес шараларының ішінде орман-мелиорация жұмыстарын жүргізу де үлкен роль атқарады. Топырақты құрғақшылық пен ыстық желдерден эрозиядан сақтауда ормандар егудің өте қолайлы екендігін көрнекті ғалымдар А.Т.Болотов, В.В.Докучаев, Н.М.Сибирцев, т.с.с. үнемі атап көрсеткен.

Эрозиямен күресу жолдары:


  1. 1.Айтарлықтай үлкен территорияларда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шек- теу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.

  2. 2.Жайылымдарда эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияларда шөптесін өсімдіктер жабынының зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су және жел эрозиясы болуы мүмкін. Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде (мысалы, жалғыз аяқ жол) су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың енгізгі жолы мал жаю ережелерін сақтау мен рекреациялық қысымды төмендету болып саналады.

3. Егістік жерлерді қорғау шаралары:

—   ауыспалы егістерді дұрыс пайдалану;

—   топырақты бекітетін тамырлары бар шөптер қоспасымен алмастыру;

—   жиектік жырту (рельефтің горизонттарымен);

—   өңдеуден бұрын бұзылатын құмды және құмдақ топырақтарды шығару;

—   шағын егіс танаптарын табиғи ландшафттармен кезектес- тіру;

—   танап қорғайтын орман белдеулерін жасау;

—   топырақтың құрылымын түзуге мүмкіндік туғызатын ор- ганикалық тыңайтқыштарды пайдалану;


—топыраққа әсер ететін қысымды кемітетін техниканы пайдалану.

Суармалы егістердің дүние жүзіндегі ауданы шамамен 250 млн га жуық. Ирригациялық эрозиямен қатар суармалы топырақтар екінші реттік сортаңдануға ұшырайды. Оның мәні — танаптағы топырақ суды сіңіріп, содан соң булану мен өсімдіктерге транспирацияға қажетті судан артық су келіп түседі. Бұл су біртіндеп жер астылық грунт суларына дейін жетіп, оның деңгейінің көтерілуіне себеп болады. Мөлшерсіз, ретсіз суару кезінде қысқа уақыт аралығында (бірнеше жыл) жақындап, интенсивті түрде булана бастайды. Суда еріген тұздар топырақ бетінде жиналады. Мұндай тұздану екінші реттік деп аталады. Суғарудың жоғары деңгейінде және каналдардағы судың топыраққа сіңіп кетуі арқылы грунт суларының мөлшері көбейеді. Суғару каналдарынан судың фильтрациялануынан және дұрыс суармаудан топырақта тұздардың мөлшерінің кө- беюі екінші реттік тұздану деп аталады. Ал бірінші реттік тұздану ретінде адамның әсерінсіз пайда болатын табиғи тұздану процесін атайды. Екінші реттік тұздану тек құрғақ аудандарға тән. Солтүстік аймақтарда шектен тыс суару топырақтың батпақтануына әкеліп соқтырады.

Топырақтың тұздануы деп натрий, кальций, магний тұздарының топырақта өсімдіктердің өсуі мен дамуына зиянды әсер ететін концентрацияда жинақталуын айтады. Бұл құбылыс әсіресе, Египет, Ирак, Индия мен Пакистан, т.б. құрғақшылық климатты аймақтарда белең алып отыр. Жыл сайын Жер шарында тұзданудан 200-300 мың га суармалы жер қатардан шығады. Бүкіл әлемде қазіргі таңда 20-25 млн га жер тұзданып, өнім беру қабілетінен айрылған. Бұл жағдай, әсіресе Орта Азия мен Закавказье елдерінің топырақтарында көбірек байқалып отыр.

Тіпті тұзданудың аз ғана деңгейінде мақтаның өнімі 20­30%, жүгері — 40-50%, бидай — 50-60% қысқарады. Тұздану орташа жүрген аймақтарда мақтаның өнімі екі есе төмендесе, ал бидай тіпті өспейді.

Адамзат қоғамы дамуының экологиялық дағдарыстарының бірі дамыған өркениеттіліктің өз мүмкіндіктерін топырақтың тұздануы нәтижесінде жоғалтқаны белгілі. Мысалы, Ніл аңғарында қазір де суармалы жерлердің 70% тұзданған. Ғалымдардың пікірінше, ертедегі Вавилон өркениеті топырақтың екінші реттік тұздануынан жойылған. Қазір дүние жүзінде суармалы 250 млн га жердің 50-60 млн га жуығы екінші реттік тұздануға, шамамен 25% ұшыраған.

Топырақты тұздану мен батпақтанудан крргау

Топырақтың тұздануына себеп болатын факторлар түрліше. Олардың бірі — құрғаған теңіздерден пайда болған тұздың жел арқылы таралуы. Суда еріген тұздар атмосфералық жауыншашын арқылы да таралады. Галофит-өсімдіктер тұзды ортаға жақсы бейімделіп, топырақтан тұзды сіңіруге қабілетті, соның нәтижесінде топырақтың жоғары қабаттарының одан әрі тұз- дануына себеп болады. Галофиттер тіршілігін тоқтатқан соң және олардың жапырақтары түсіп, олар минералданып, суда еритін тұздардың мөлшері көбейіп, топырақтың одан сайын тұздануына мүмкіншілік жасайды. Галофит — өсімдіктердің әсерінен суда еритін тұздардың топырақта жинақталуы 1 га жерде 500 кг дейін жететін жағдайлар байқалған.

Көбінесе топырақтың тұздануы грунт суларының құрамында болатын тұздар есебінен жүретіндігі жиі байқалады. Егер олар тереңде болмаса, капилляр арқылы булану нәтижесінде топырақтың жоғарғы қабатында тұздар жинақталады. Климат неғүрлым құрғақ және топырақтың механикалық құрамы ауыр болса, соғұрлым бұл процесс қарқынды жүреді.

Екінші реттік тұзданудың алдын алу шараларының бірі тереңдігі 1-1,8 м етіп террриторияда дренаждар жасау. Сол сияқты жаңбырлатып суғару ирригациялық эрозияға қарсы күрес шараларының бірі. Тұзды топырақтарды натрийдің тұздарын гипстеу арқылы тазартады.

Суарудың жетілдірілген технологияларын қолданумен қатар, жер асты суларының деңгейінің көтерілуіне байланысты грунт суларын сорып алу арқылы және топырақты шаю арқылы да тұзданумен күресуге болады. Бірақ бұл кезде де міндетті түрде грунт суларын алып кету керек. Кейбір жағдайда химиялық әдіс те жақсы нәтиже береді. Мысалы, топырақ бетінде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшін гипстеу жүргізіледі. Бірақ бұл әдіс қымбат және қоршаған ортаның тазалығы үшін тиімсіздеу.

Жер ресурстарына үлкен зиян келтіретін үшінші бір фактор — жердің азуы. Оның орын алу себептері — өніммен бірге қоректік заттардың топырақтан әкетілуі. Гумустың жойылуы, су режимінің және басқа да қасиеттерінің топырақтың азуының нәтижесінде, құнарлылығы жойылып, шөлге айналады.

Өніммен бірге әкетілетін қоректік заттарды топыраққа қайтарудың ең тиімді әдісі органикалық тыңайтқыштарды (көң, компост, және т.б.) қолдану, шөп себу, пар жүйесі арқылы топырақты тынықтыру. Топырақтың азуы ең алдымен органикалық заттардың, оның ішінде негізгісі қарашіріктің кемуімен байланысты.

Топырақ құнарлылығының жойылуы топырақты интенсивті өңдеуге, ауыр ауылшаруашылық техникаларды қолдану нәтижесінде топырақтың тығыздануы, ластануға, ең алдымен қышқыл жаңбырлар мен минералдық тыңайтқыштарды тиімсіз пайдалануға байланысты туындап отыр.

4. Топырақтың ластануы

Табиғатты қорғаудың түрлі аспектілерін ескермей жүргізген адамның шаруашылық іс-әрекеттері қоршаған ортаның, соның ішінде топырақтың да ластануына әкеп соғады. Нәтижесінде топырақ өндірістік, құрылыстардың қалдықтарымен, жылу электр станцияларының күлімен, пайдалы қазбалар мен құрылыс материалдарын өндіру кезіндегі жердің бетіне шығарылып тасталған жыныстар тау-тау болып үйілген, мұнай өнімдері жиналған, т.б. "индустриялық далалар" пайда болады.

"Индустриялық далалардың" топырақтарында ештеңе өспейді. Бұның себебі, ластаушы заттардың құрамында табиғи күйде топырақта өте аз мөлшерде кездесетін химиялық элементтер болады. Олар көміртек, күкірт, молибден, мыс, кад­мий, мырыш, алюминий, никель, вольфрам, натрий, хлор, темір, титан, бор, барий, фтор. Бұндай жағдайда химиялық элементтердің топырақтағы қалыптасқан қатынасы бұзылады.

Айта кететін бір жай, топырақтың ластануы тек қана адамның индустриялық қызметтерінен емес, сонымен бірге ауыл- шаруашылық өндірістің ңәтижесінде де жүреді.

Топырақты (сол сияқты ауа мен суды да) едәуір ластаушы көздер мал шаруашылығы комплекстері. Көбінесе сұйық көң дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Мысалы, 100 мың бас өсіретін шошқа комплексі немесе 35 мың бас ірі қара өсіретін комплекстің қоршаған ортаны ластау дәрежесі 400­500 мың халқы бар үлкен өндірістік орталықпен бірдей дәрежеде болады. Сондықтан фермаларда тазартқыш қондырғыларды салу өте қажетті шаралардың бірі.

Сонымен қатар көп жағдайда жанар-жағар майларды сақтау мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топыраққа түскенде топырақтың биологиялық белсенділігін нашарлатады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың, не егістіктердің жиегінде ашық тастауға болмайды.

Мұнай өндіру және барлау жұмыстары топырақтың түрлі жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нәтижесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде битумды заттардың түзілуіне әкеп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезіндегі қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий хлориді, дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп болады. Әдетте, бұндай жерлерде өсімдіктер өспейді.

Көптеген жерлер тұрмыстық және өндірістік қалдықтар жиналған қалдық үйінділерімен ластанады. Бұл үйінділерде тұрғын үйлер, мекемелерден шыққан қалдықтар, әртүрлі синтетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажетті заттардың қалдықтары, моншалар мен кір жуатын орындардан шыққан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар сулары, т.б толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты қатты ластайды.

Топырақ бұлардан басқа пестицидтерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда да біршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түрлері топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себеп болады. Ал пестицидтердің топырақта жинақталуы және ондағы организмдердің жойылуы топырақ түзілу процестеріне әсер етіп, оның құнарлылығын төмендетеді.

Сондықтан шаруашылықтарда пестицидтерді пайдаланудың ережелерін қатаң сақтаулары қажет. Ал тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұсыныстарын басшылыққа алу керек. Табиғи аймақты, топырақтың түрі мен типін, тыңайтқыш берілетін дақылдың ерекшеліктерін ескермеу топырақтың қышқылдануына, не сілтіленуіне әкеліп, қоректік элементтердің антогонизмін туғызады, олардың топырақ ерітіндісіне шығып қалуына жағдай жасайды.

Топырақта бұлардан басқа гельминтті инвазиялар, патогенді микроорганизмдермен ластаушылар фекалды массалар, өндірістік қалдықтар, топырақтан шайылған су, не жануарлардың өліктері, т.б. болуы мүмкін. Топырақтың гельминттермен өте қатты ластануы тұрғын үйлер маңындағы огородтарда жиі байқалған.

5. Жердї рекультивациялау

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде бұрын мәдени дақылдар өсіріліп келген құнарлы жерлер орман, мал жайылымы, т.б. үшін пайдаланылып келген. Ал қазіргі кезде адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде бұл жерлер түрлі басқа мақсаттағы жұмыстар (жолдар мен трубопроводтар салу, т.б.) жүргізу нәтижесінде өте үлкен өзгерістерге ұшырады.

Адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің нәтижесінде өсімдіктері жойылған, гидрологиялық режимі мен рельефі өзгерген, топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлер бұзылған жерлер деп аталады. Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру ауылшаруашылығында пайдалануға жарамды жерлерге біршама зиян келтіреді. Бұл жұмыстар кезінде тереңдігі 400­500 м болатын шұңқырлар түзіледі.

Осындай жерлерді қайтадан шаруашылық мақсаттарға пайдалану үшін оларды қалпына келтіру қажет. Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру процестері рекультивация деп аталады.

Қазіргі кезде ғалымдар мен мамандар бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіріп, оларды ауыл және орман шаруашылықтарына қайтарудың жолдарын іздестіруде.

Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары тау-кен, инженерлік-құрылыс, мелиоративтік, орман шаруашылық- тық, ауылшаруашылықтық іс-шаралар комплексін құрайды.

Жерді рекультивациялаудың екі негізгі этапы бар : тау- техникалық және биологиялық. Тау-техникалық рекультива- циялаудың мақсаты — территорияны жөндеуге дайындау. Ал биологиялық рекультивациялауда топырақ құнарлылығын қал- пына келтіруге бағытталған жұмыстар жүзеге асырылады.

Жерді рекультивациялау жұмыстары бойынша Чехослова­кия мен ГДР мемлекеттерінде бұзылған жерлерге жүгері егіледі.

Жерді рекультивациялау — өте күрделі мәселе. Ол көп жағдайда бұзылған территориялардың нақты экологиялық жағдайларына байланысты. Рекультивациялық жұмыстарды жоспарлау үшін грунт топырағының физико-химиялық құрамын, гидрологиялық режимінің ерекшеліктерін, рельефтің ерекшеліктерін жақсы білу керек.

Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру, мал шаруашылығы комплекстерін, суғару орындарын салу, т.б. топырақ жабынының бұзылуына себеп болатын жұмыстар кезінде рекультивацияланатын жерге жоғарғы қарашірікті топырақ қабатын ауыстыру, орналастыруда барлық тиісті ережелерді қатаң сақтау қажет.

Геологиялық мұнай іздестіру және өңдеу жұмыстары кезінде бұзылған және мұнаймен, түрлі жуғыш улы заттармен ластанған жерлерді рекультивациялаудың маңызы өте зор. Әдетте, норматив бойынша, әрбір бұрғылау скважинасына 2,2 га жер бөлінеді. Бірақ практика жүзінде бұдан әлдеқайда көп жер ауылшаруашылық айналымнан шығып қалады. Әсіресе, ірі гусеницалы тракторлар колоннасында орнатылған бұрғылау қондырғыларын бір орыннан екінші орынға ауыстыру кезінде жердің үлкен аймағы біршама зардап шегеді. Сондықтан, мұнай-газ кен орындарын іздестіру мен эксплуатациялау жұмыстарын бастар алдында ол жерлердің топырағының беткі құнарлы қабатын алып, соңынан қайтадан құнарлы қабат топырағын орнына салуды тиісті орындар талап етулері қажет.

Дәріс №13. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары

Қазақстанның экологиялық проблемалары. ҚР табиғи ортаны тұрақсыздандырушы факторлар және олардың салдарлары. Арал теңізі бассейнінің әлеуметтік-экологиялық проблемалары, Арал аймағындағы экологиялық апатты жоюдың ықтимал жолдары. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізген зардаптары. Семей ядролық сынақ алаңы және ҚР территориясындағы өзге де полигондар. Ядролық сынақтарға қарсы Невада-Семей қозғалысы. Минералдық шикі заттарды игеру және олардың экологиялық зардаптары. Қазақстанның батысындағы жаңа экологиялық шиеленіс аймақтары, Каспий маңы аймағы мен Каспий теңізінің экологиялық проблемалары. Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. 1992 ж. табиғатты қорғау жөніндегі облыстық мемлекеттік комитет негізінде құрылды. Ол комитет 1991-92 ж. “Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі облыстық комитет” деп аталды. Экология және биоресурстар жөніндегі облыстық басқарманың негізгі міндеті-облыста табиғатты қорғау жөнінде, бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, табиғи ресурстарды пайдалану және оларды қалпына келтіруді реттеп отыру; облыс ауқымындағы табиғатты қорғау жұмыстарын үйлестіру, “Қазақстан Республикасындағы қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі” заң талаптарының сақталуын ұйымдастыру және бақылау. Қоршаған ортаның күйіне және оның өндіріс пен адамдардың тұрмыс-тіршілігіне әсерін талдау үшін 1993 ж. сәуір айында облыста экология мәселелеріне арналған тұңғыш кеңес өтті.


Климаты. Облыс аумағындағы ғасырлар бойы үстем болған табиғи құбылыстардың әсерінен тым континенттік климат басым қалыптасқан және бұл сипат солтүстік-батыстан оңтүстік–шығысқа қарай күшейе түседі. Континенттік климат нәтижесінде күн мен түн, қыс пен жаздағы ауа райының шұғыл қарама–қарсылығы байқалып, қыс маусымы жазға тез ауысады. Әлеуметтік-экологиялық проблемалар: халық санының өсуі, ресурстық дағдарыс, халықтың генофондының өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің артуы, зиянды әсерлердің жаңа түрлері. Экологиялық іргелі «Минимум заңының» әлеуметтік экожүйеде көрініс беруі. Соғыстар және терроризм: экологиялық зардаптары. Әскери-өнеркәсіптік кешен және тіршілік ету ортасы. Радиоактавті изотоптардың биосферадағы тасымалдануының кейбір мысалдары. Қоршаған ортаның күйін бағалаудың әдістері және критерийлері. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарының заңгершілік және хұқықтық тұрғыдан реттелуі. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.

Әкологиялық білім беруге деген қажеттілік адамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты. Қоршаған ортаның сапасы адамның негізгі құңығының бірі — денсаулықты және дамудың негізгі мақсатын анықтайды. Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру, табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін анықтау үшін адамның одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін мінез-құлқының арнайы әлеуметтік табиғи заңдылықтарын мөңгеру үшін қажет.

Оқушыларда, студенттерде, сондай-ақ, жалпы халықта табиғатқа деген тутынушылық қатынас басым; экологиялық мәселелердің әр адамның жеке басы үшін маңызды екенін қабылдау деңгейі төмен; адамды қоршағанн ортаны зерттеу мен сауықтыруға арналған жұмыстарға іс жүзінде қатысуға деген қажеттілік дамымаған.



Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты — табиғатқа деген жауамкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялың білім беру дегенде әрбір адам-ның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім тәрбие беру және даму процетерін түсінеміз.

Экодогиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне жене басқаларға сын көзбен қарай білу және т.б.

Қызметі табиғи ортаға және адамың денсаулы-ғына зиянды өсер етуімен байланысты адамдардың барлығының қажетті деңгейде Экологиялы дайындыгы міндетті түрде болуы керек. Оны қызметке тағайындау кезіндегі аттестациялауда есепке алу қажет. Жоғарыда айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралың экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді (экологиялық білім беру) жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептейді.

Бір бірімен байланысты экологиялың білім беру мен білім беру жүйесін экологизациялауды бөліп көрсетуге болады.

Экологиялық білім беру дегеніміз әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғат мен антроиогенді экожүйелердің өзара қатынасыныц жалпы заңдылықтары туралы арнайы білім беру.

Ал білім беру жүйесін экологизациялауэкологиялың ойлардың, ұғымдар, иринциптер мен көзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын дайындау.

Экологиялық құқық

Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан басталады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — негізгі заң. Халықаралық нормаларға сай ол мемлекеттің экологиялық қатынастарды реттеудегі жалпы бағытын анықтайды. Дүние жүзінің коптеген мемле-кеттерінің конституциялары 1948 жылы БҰҰ қабылдаған «Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясында», сонымен қатар адам құқығы бойынша басқа да Халықаралық Пактілерде көрсетіген идеалдарға сүйенеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясыида: «Әрбір азамат оның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға қүқығы бар» — делінген.


Экологиялық факторларлардың адам организміне тигізетін әсері

Адам денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуының ағзаның ортаға толық биімделе аомауы, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз – бұл тек аурудың болмауы емсе, ол толық физикалық, психалогиялық және әлеуметтік қолайлылық.

Ғалымдардың есептеулері бойынша дамдардың дансаулық жағдайы 50-52% өмір сүру салтына, 20-25% тұқым қуалау факторларына, 18-20% қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жана техногенді ауруларды туғызады.

Адам денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр-түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс әрекеті нәтижесіде биосфераға, оған тән емес 4 млн-нан астам заттар шығарылған. Сонымен қатар жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобитиктер, яғни адаммен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар.

Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр-түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б. яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулықа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінің өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік экономикалық жағдайдың нашарлаулы адамның психологиялық күйі мен стрестік құбылыстар арқылы әсер етеді.

Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүниежүзінде шамамен 500 мың адам пестициттермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте үшінші әлем елдерінде жиі кездеседі. АҚШ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.

Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90% қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауратын үлесі ер кісілерде 15-тен 23% дейін, ал әйелдерде 17-ден 25% дейін артқан. Аурулар индустириалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.

Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады.Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-тен 12 ЗЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының екі есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20% артуы 1,4 есе артуына әкеледі.

Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегі топтарға бөліп көрсетуге болады:



  1. Концерогендер- қатерлі ісік туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензоперен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, изотоптар, эпоксиді смолалар, нитриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;

  2. Мутагендер – хромосамалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға:рентген сәулелері, гамма сәулелері, нитрондар, бензопирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады.

  3. Тератогендер- жеке дамуда кемістіктерге әкелетін кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез-келген фактор жатады. Көбінесе теротегендерге мутагендер,сондай-ақ пистициттер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.

Семей ядролық полигонның қоршаған ортаға әсері.

1991 жылғы тамыздың 29-ында халықтың жаппай талап етуімен әлемдегі аса ірі полигондардың бірі жабылды. Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап сыртқы саясатының бейбіт жолын тандап алды. Ядролық сынақтар тоқтатылды. Енді қазақ даласы қорқынышты жер асты дүмбілерінен тітіркенбейтін болды. Семей полигоны әлемдегі ең ашық шашық полигон есебінде қалып отыр. 40-жыл бойы жарылыстан көз ашпаған қазақ даласының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жатқан зардаптары жан түршүгерлік. Егер ғалымдардың нақты деректеріне сүйенсек, Семей өңірінде полигон жұмыс істеген жылдары жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты 1945 жылы американдықтардың Жапонияның Хиросима қаласына тастаған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе күшті екен.

Семей полигоны Қазақстан жеріне, қалқына материалдық әлеуметтік экономикалық қанша зиян келтіргені әлі күнге дейін есептелген жоқ.

Семейдегі 40 жылдық ядролық сынақ қоршаған ортамен ондағы тұрғылықты халықтың денсаулығына орны толмас зиян тигізді. Аурулардың өлім жітімнің деңгейі бұл өлкеде басқа аймақтармен салыстырғанда әлде қайда жоғары. Семей аймағы тұрғындарының денсаулығына және қоршаған орта объектілеріне ықпал ету дәрежесі радиациялық бөліктерге бөлінген.

Радиоактивті тозан жер қыртысын, топырақты, өсімдіктерді су көздерін ластады. Жер асты сулары өсімдік дүниесі жоғалуда. Сынақтар өткізілген кезеңнің зиянды әсері адамдардың екінші және үшінші ұрпақтарына ауыр зардабын тигізуде.

Облыстық онкологиялық диспансерден алынған мәліметтерге қарасақ «Семей облысы бойыншы 1975 жылдан 1990 жылға дейінгі мерзімде жас балалардың ауруға шалдығуы 6 есе, ал өлімі 4 есе дерлік артқан . Әсіресе, жана туған және 1 жас шамасындағы сәбилер өлімі өте жоғары,36% құрайды» .

Семей полгинының адам денсаулығына зияндылығы туралы Семей медициналық институтының ғалымдары Н.Сағымбаева, Ғ.Ысқақовтар жасаған тұжырымдарда енді басты факты, қатерлік ісік ауруларының Семей аймағын басқа өнірлермен салыстырғанда 30% асып кеткендігі, ол адам қазасының 1,4 есе артқандығы айтылады. Содан қарамастан 40 жыл бойына мемлекет полигонға жақын жатқан бір қатар аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға ешқандай қаржы бөлмей келген.

Полигоның негізгі қаласы Курчатовта Қорғаныс министрлігінің, КСРО Жалпы машина жасау министрлігің ірі-ірі ғылыми зерттеу орындары, бұрғышылардың, шахта құрылысшыларының, геологтардың, монтажшылардың өндірістік негіздері шоғырланған болатын.

Полигон аумағында КСРО Жалпы машина жасау минстрлігінің эксперименттік өз базасы болған. Ол 1972 жылдан бері зерттеу және эксперименттік жұмыстар жүргізді. Полигон мүдделері үшін орасан зор ғылыми жіне техникалық мүмкіндіктер жасалған: онда әскери өнеркәсіп кешенінің 31ғылыми зерттеу және конструкторлық институты, ғылыммен өндіріс саласының осындай тағы да, 29 институты қызмет еткені түрлі басылымдардан белгілі.

Солардың бірі басты «Тәжірибелік алаң». Осы алаңда 1963 жылға дейінгі ауада және жер бетінде ядролық сынақтар өткізілген. Бұл жердің радиация белсенділігінің деңгейі өте жоғары. Сол сияқты тағы бір тәжірибелі алаң – «Дегелең».1949 жылғы алғашқы ядролық жарылысқа дейіне бұл жер мал жайылымы болатын. 1984 жылы ол жерде жер асты ядролық жарылысы жасалды.

Осындай тағы бір тәжірибелік алаңы «Балапан» деп аталған. Ондағы скажиналарда, құдықтарда Невададағы сияқты жер асты жарылыстары болған. 1963 жылға дейін жыл сайын әр-түрлі диапазонда иондық радиацияға ұшырамаған Семей облысында бірде бір аудан қалған жоқ.

Семейге көршілес Өскемен, Павлодар, Қарағанды облыстарынын да кейбір аудандары осы полигонның зардабын шекті. Семей өңірінің елімен жерін аяусыз улап, тіршілігін тұл еткен атом апатынан бүгінгі танда бүкіл әлем хабардар.



Радон және ластану көздері

Радон – дәмі мен иесі жоқ түссіз газ, аудан 7,5 есе ауыр, радийдың ыдырау өнімі болып табылады. Радон жер қыртысынан біртіндеп бөлінеді, алайда оның сыртқы ауадағы жинақталуы әлемнің әр-түрлі нүктелері үшін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді. Топырақ эмиссиясын қоспағанда минелардық тектегі құрылыс материалдары:қиыршық ақ тас, цемент, кірпіш және т.б. радон көздері бола алады. Барлық жыныстарда уран мен торри кездеседі.Ал кейбір жыныстарда мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін.Құрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады. Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі. Егер ғимарат нашар желдетілсе, ал құрылыс материалдары мен топырақ уран мен радийдың едәуір үлкен мөлшерін бойында ұстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уақыт болғандығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін. Көп жағдайда радонга байланысты дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады. Жер төлелерді қымтау мен желдету топырақтан радонның өтуін айтарлық азайтады. Табиғи радиоактивтік элементтер қабырғада көп болса, радонның жиналуын қабырғаны герметикалық бояумен сырлау және қатты желдету арқылы азайтуға болады.

Радиацияның табиғи көздеріне космостық сәуле жатады. Олар алынатын радиацияның табиғи көздері дозасының жартысын құрайды.
Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1 Қоршаған ортаның ғаламдық ластануы?

2 Қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелер қандай?


  1. Озон мәселесін қалай түсінесіз?

  2. Озон тесіктері дегеніміз не?

  3. парниктік эффект дегеніміз не?


Дәріс №14. Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг

Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:



  1. қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.

  2. табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.

  3. қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.

Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы:

Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:

  • биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);

  • дистанционды (авиациялық және космостық);

  • аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).

Бақылау обьектілері бойынша:

  • қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);

  • биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).

Мониторингтің негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегі кестеде көрсетілген.

Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен міндеттері

Қоршаған орта жағдайы мониторингі

Міндеті

Мақсаты

Бақылау

Анықтау

Бағалау

Болжау

Шешім қабылдау

Жетілдіру

қоршаған орта жағдайының өзгеруі

адам іс-әрекеті арқасында қоршаған орта жағдайының өзгеруіне алып келетін себептері

адам іс-әрекеті әсерін анықтап, өзгерісгерді бақылау

қоршаған орта жағдайында болатын өзгерісгер

адамның теріс іс-әрекеті нәтижесіндегі зардаптарды жою

қоршаған орта мен қоғам арасындағы тиімді қатынастар стратегиясы

Сонымен, мониторингтің технология процестерін алгоритм түрінде былай бейнелеуге болады:

  • Өлшеу

    • талдау

      • сипаттау

        • моделдеу

          • дұрыс жолын таңдау.

Ic-әрекеттердің мұндай алгоритмі қоршаған ортаның кез-келген мониторингіне тән.

Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар:

Биологиялық мониторинг

- биологиялық орталардағы (организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды.



Базалық мониторинг

- жалпыбиосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, жақын аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи құбылыстарды бақылау.



Биосфералық мониторинг

- биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.



Биоэкологиялық мониторинг

- табиғи ортаның жағдайын оның адам денсаулығына әсері тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер - ауруға ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы және т.б. қолданылады.



Геоэкологиялық мониторинг

- табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады.



Дистанционды мониторинг

- бұл авиациялық және космостық мониторингтің жиынтығы. Кейде бұл ұғымға, көрсеткіштері ақпараттарды жинау орталығына беріліп отыратын, адам аяғы басуы қиын жерлердегі приборлар арқылы алыстан ақпараттарды беру әдістерін (радио, спутник) де жатқызады.



Теңіздердің ластануы мониторингі

- теңіздер мен мұхиттардағы судың сапасын білу мақсатында ақпараттар алу үшін олардың жағдайын болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға және оларды ластанудан қорғау шараларын жүргізуге қажет.



Құрлықтағы сулардың ластануы мониторингі

- су ресурстарын үнемді пайдалану және оларды ластанудан, құрғап кетуден қорғау шараларын жүргізу үшін құрлықтағы сулардың жағдайы туралы ақпараттар алу мақсатында болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Су сапасының көрсеткіштеріне - температура, минералдану, рН, түсі, еріген оттегі, дәмі, ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолдар, пестицидтер және ең бастысы натрий, калий, кальций, магний, хлор, сульфат, карбонат, нитрат иондары жатады.



Ластаушы көздер мониторингі

- ластаушы көздер арқылы су обьектілеріне, атмосфералық ауаға, топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін және ластану деңгейін болжау, бағалау және бақылау жүйесі.



Аймақтық мониторинг

- антропогендік әсерге ұшыраған үлкен өнеркәсіп орындары, қалалар және олардың айналасындағы аймақтар биосферасы туралы ақпарат алу үшін бақылау.

Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста болуы, ал ұлттық - аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек.

Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни, экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады. Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі - биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген өзгерістерді есепке алып отыру.

Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1Мониторинг дегеніміз не?

2.Мониторинг түрлерін атаныз?



Дәріс №15. Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және қоғамның тұрақты дамуы.

Тұрақты қоғам моделі, оның белгілері және қызмет атқару принциптері. Тұрақты даму қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық. Тұрақты даму теориясының ғылыми негіздерін жасау жөніндегі халықаралық ұйымдардың қызметі. ҚР тұрақты даму стратегиясы. ҚР Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы.

ҚР-ның Үкіметі ұсынған «ҚР-ның тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Република Президенті Н. Ә. Назарбаев ББҰ-ның Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірген. Экологиялық мәселелерді шешудің міндеттері «ҚР-ның экологиялық қауіпсіздік»концепциясында қарастырылған (30.04.96ж.)

Жоғарыда айтылып өткендей, адамзат қоғамьіның алдында түрған эколоғиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алын отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәнітабиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктеріп қамтамасыз ету. Қазіргі жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.

Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық қызметі биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудап тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғаммның дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттың, бірқалмиты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдармссыз дамиды. Мұндай дамуды — тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығм өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.

1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежузілік коршаған орта мен даму комиссиясы "Біздің жалпы болашағымы" атты есебінде «коршаған орта ушін қауіпсіз, жолда экономикалың дәуірге» аяқ басуға шақырды, Алғаш рет «тұрақты даму» конценциясы ұсынылды.

«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне кауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың жерін мұраға алған жоқпыз Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалдарынан). 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «XXI ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.

Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған.

Сонымен қатар конференцияда мәлімдеме мен екі концеиция — климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экологая, экономика және әлеуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.

БҰҰның конференциясы барлық елдердіц үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды.

Қазақстан Републикасының Үкіметі ұсынған «Казақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу конценциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейін нақты мысалдар келтірді 1992—1998 жылдар аралығында Казақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды. Казіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестірілуде.

Олар:


• бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

• суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

• жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау болды.

«ХХІғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыттары.



(М.Китинг бойынша)

Мәселе

Мәселенің қысқаша мәні

1

2

Кедейлікпен күрес


Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 млрд-тан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму: білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық көмек.

Тұтынудың құрылымын өзгерту

Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себебі болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.

Халық және тұрақтылық

1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 млрд-дан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы 8 млрд-қа жетеді.

Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту.

Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:

1) СПИД пен күреске жұмылдыру;

2) туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;

3) бала өлімін кеміту;

4) халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;

5) еркектер мен әйелдердің өздерінің балаларының санымен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;

6) халықты ауыз су, таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;

7) балалардың денсаулығын қорғау;

8) қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан қорғау.


Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация)

2000 жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұрады. Қоғамның урбанизациясы экономикалық даму процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60 –ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.

Атмосфераны қорғау

Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны өндіру мен тұтыну.

Жер ресурстарын тиімді пайдалану.

Топырақтардың құнарлылығы су және жер эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауыл шаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.

Ормандарды жоюмен күрес

Ормандар топырақ пен суды атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкіметтерге орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, жүзеге асыру қажет.

Шөлденумен құрғақшылықпен күрес.

Шөлдену- бұл ауа-райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайлымдарының деградиясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылықпен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.

Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану

Теңіз суының ластануының шамамен 70 -ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрлыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.

Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану

Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып отыр, 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:

1) қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40 литр ауыз суымен қамтамасыз ету;

2) өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;

3) барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.



Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру

Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10 000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-нің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 90 келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.

Қатты қалдықтармен шайынды суларды жою

Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 52 млн. адам, оның ішінде 4 млн. балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.

Радиоактивті қалдықтарды жою

Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасмалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200 мың м3 төмен, ал 10 мың м3 жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.

Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі.

Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға, жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3 –не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде – жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.

Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру.

Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың арттуы, демографиялық тенденциялар, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әртүрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.

Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция – климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлеуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.

БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірілді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигон жауып, ядролық қарудан бас тартты. Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйытқысы болды.

Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестірілуде. Олар:


  • Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

  • Суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

  • Жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қазақтан Республикасының тұрақты даму концепциясы дегеніміз не?

2. Экологиялық білім берудегеніміз не?

3. Экологиялық құқық?

4.Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты не?

5.Әкологиялық білім беруге деген қажеттілігі қандай?

6.ҚР-ның Үкіметі ұсынған «ҚР-ның тұрақты дамуға көшу концепциясы» қай уақытта бекітілді?




Практикалық сабақтың тақырыбы №1

Тақырыбы: Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінің ауасының шандану дәрежесін зерттеу.

Кіріспе. Экологиялық тұрғыдан таза, толыққанды қоршаған орта басқа факторлармен бірге адам денсаулығын сақтауда маңызды болып табылады.

Мақсаты: Жасыл желек микроклиматты реттеуде маңызды рөл атқарады: топырақты, үйлердің қабырғасын, жолдарды шектен тыс қызудан қорғап, ауаны ылғалдандырады және тазартады. Олар ауадағы швң мен ағзалардың 70-80 % сіңіріп алады. Ыстық жаз күнінде жасыл газон жолында жер бетінен 1,5 м биіктегі ауаның температурасы асфальтты жолға қарағанда 2,50 С-ға төмен.

Жасыл желек сонымен қатар, дыбыс толқындарын сіңіріп, сыртқы шуды төмендетеді.



Қажетті құрал-жабдықтар. Мөлдір жабысқақ пленка


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет