Жұмыс бағдарламасы «Экология және тұрақты даму»



бет7/10
Дата14.04.2017
өлшемі2,35 Mb.
#13922
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жұмысты орындау барысы


  1. Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінен (жасыл зона, автомагистраль маңы, тұрғын үйлер жанынан, т.б.) және әр түрлі биіктіктен ағаш жапырақтарын жинаңыздар

  2. Жапырақтардың бетіне мөлдір жабысқақ пленканы жапсырыңыздар.

  3. Пленканы жабысқақ шаң қабатымен жапырақтардан алып, ақ қағаз бетіне жапсырыңыздар.

  4. Алынған үлгілерді бір-бірімен салыстырыңыздар.

Нәтижелерді өңдеу мен қорытындылар


Зерттелген территорияның әр түрлі бөліктерінің шаңданып, ластануы туралы қортынды жасаңыздар.

Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары:



  1. Сіз тұратын аудандағы шаңның негізгі көздері қандай?

  2. Шаңның ағзаларға зияны қандай?

  3. Ауадағы шаңның мөлшерін қалай кемітуге болады?

  4. Автомобильдер шығаратын газдардың құрамы қандай?

  5. Экологиялық таза отын түрлері қандай?



Практикалық сабақтың тақырыбы №2

Тақырыбы: Қоршаған ортатағы антропогенді ластанушыларды анықтау.

Кіріспе. Автотранспорт – атмосфераны азот оксидтерімен ( N0 және N02 азот оксидтерінің қоспасы), көміртегі (11) оксидтері (С0), негізгі ластаушылардың бірі. Ауаның транспорттық ластану үлесі осы бойынша жалпы ластануының СО 60 %, N0х 50 % астам үлесін құрайды.

Автотранспорттың зиянды заттарға бөлінген қалдықтары белгілі уақыт аралығында атмосфераға шығарлатын газдардың мөлшерімен сипатталады.

Шығарылатын зиянды заттарға көміртегі оксидтері (концентрациясы 0,3 – 10 %), көмірсутектер – жанбай қалған отын (3 %) және азот оксидтері (0,8 %), күйе жатады.

Автотранспорттың атмосфераға бөліп шығаратын зиянды заттарының мөлшері есепке әдіспен бағалауға болады. Шығарылатын қалдықтардың мөлшерін есептеудегі бастапқы мәліметтерге мыналар жатады.



  • автотранспорттың отындық шығынының нормасы автотрассаның белгілі бір бөлігінен уақыт бірлігінде жүріп өткен әр түрлі типті автотранспорттың саны;

  • автотранспорттың отындық шығынының нормасы (қала жағдайында автотранспорт қозғалып кележатқандағы отынның орташа шығынының мөлшері).

1-кесте


Автотранспорт типі

Отынның орташа шығын мөлшері (100км/л)

Отынның меншікті шығыны У, (1км/л)

жең!л автомобиль

11 - 13

0,11 – 0,13

Жүк автомобилі

29 – 0,33

0,29 – 0,33

Автобус

41 - 44

0,41 – 0,44

дизельді жүк машинасы

31 - 34

0,31 – 0,34

Жанармай түріне байланысты автотранспорттын бөліп шығаратын зиянды заттарын анықтайтын импирикалық коэффициенттерінің мәні 2-кестеде берілген

2 – кесте

Отын түрі

Коэффициенттер мәні (К)

Көміртегі оксиді (СО)

Көмірсулары

Азот оксиді

бензин

0,6

0,1

0,04

дизель отыны

0,1

0,03

0,04

К коэффициентінің шамасы сандық жағынан 1 км жол жүруге қажет (яғни меншікті шығын), отын мөлшері жанған кездегі берілген компоненттің (литрмен) бөлінген зиянды заттардың шамасына тең.

Мақсаты: қоршаған ортаның антропогенді ластаушыларвның негізгі түрлерімен және оларды жедел сараптамалау әдістерімен танысу.


  1. тапсырма. Автотранспорттың ауаға шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептеу.

Құрал – жабдықтар: қалам, қағаз, микрокалькулятор.

Жұмысты орындау барысы


Оқу орнына (тұратын жерде) жақын терезеден жақсы көрінетін автотрассаның 0,5-1 км бөлігін тандап алыңыздар.

  1. Қадамыңызды орташа ұзындығын алдын ала анықтап, тандап алынған жолдың ұзындығын өлшеп шығыңыздар (L М)

  2. 20 минут ішінде жолмен жүріп өткен автотранспорттын санын анықтаңыздар. 3 –кестені толтырыңыздар (мысал үшін «Жеңіл автомобильдерь» қатары толтырылған):

3-кесте


Автокөліктің түрі

Саны, дана

Барлығы 20 минут ішінде

1 сағатта, N1 дана

1 сағаттағы жалпы жол, L, км

Жеңіл автомобильдер

11111111111111

14

42




Жүк машинасы













Автобустар













Дизельді жүк машиналары













сағаттағы автокөлік санын есептеу үшін 20 минутта алынған санды 3-ке көбейту қажет.



  1. Мына формула бойынша, әр түрлі автомобилдердің 1 сағатта жүріп өткен жалпы жолын (L, км) есептеңіздер:

L1 = N1 х 1

Мұндағы N1 – 1 сағаттағы әр түрлі автомобильдердің саны

1 – автокөлік түрінің белгісі

1 – тандап алынған жолдың ұзындығы,

Алынған нәтижелерді кестеге жазыңыздар.


  1. Әр түрлі автомашина дивигательдерінің жағатын жанармайының мөлшерін (Q1,л) есептеңіздер:

Q1 = L1 х Y1

L1 мәнін 9 – кестеден алыңыздар.

Алынған нәтижелерді – кестеге толтырыңыздар.

Әр түрдің автокөдіктер қолданған жанармайының жалпы мөлшерін (ΣQ) анықтап, нәтижелерді 4 – кестеге толтырыңыздар.


4 – кесте

Автомобиль түрі


N1

Q1, соның ішінде







бензин

Дизельді жанармай

жеңіл автомобильдер










жүк автомашиналары










Автобустар










Дизельді жүк машиналары













Барлығы ΣQ







Қалыпты жағдайда жанармайдың әр түріне және барлығы үшін бөлініп шыққан зиянды заттардың (литрмен) мөлшерін есептеңіздер. Нәтижелерді 5-кестеге толтырыңыздар.


5- кесте

Жанармай түрі

Q, л

Зиянды заттардың мөлшері, л






СО

Көмір- сулар

NO2


Бензин




Дизельді отын



Нәтижелерді өндеу мен қорытындылар


  1. Есептеңіздер:

  • мына формула бойынша бөлініп шыққан зиянды заттардың массасын (m, г)

m =V х М /22,4

  • қоршаған ортаның санитарлық рұқсат етілетін жағдайын қамтамасыз ету үшін бөлініп шыққан зиянды заттарды сүйылту үшін қажет таза ауаның мөлшерін.

Нәтижелерді 6– кестеге жазыңыздар.
6 – кесте

Зиянды заттың түрі

мөлшері, л

масса, г

сұйылтуға қажет ауаның мөлшері, м3

ПДК мәні мг/м2

СО













көмсулар













N02













Рұқсат етілетін шекті концентрациялар мәні анықтамаларда берілген.

  1. Автомагистралға тұрғын үйлер мен ғимараттардың жақындығын есепке ала отырвп, өздеріңіздің зерттеген территорияның экологиялық жағдайы туралы қорытынды жазыңыздар.


Практикалық сабақтың тақырыбы №3

Тақырыбы: Экологиялық зиянды заттар мен әсер ету факторларын анықтау.

Кіріспе. Қазіргі кездегі қоғамда күнделікті жүздеген мың химиялық заттар қолданылады. Бұл заттар арасындағы көптеген химиялық реакцияларды, олардың жеке және бірлескен улылық эффектілерін бақылау мүмкін емес? Аса қауіпті он заттар мен әсер ету факторларынан ауыр металдарды (Zn, Cu, Mn, Hg, Co, Mo, Pb, Cd, As), үшқыш органикалық қосылыстар, формальдегид, пестицидтер, жанудың жанама өнімдері (СО2, СО2, NO2 SO2), щаң, асбест, бактериалар, күн сәулесінің жетіспеуі, радиацианы атауға болады.

Болашақта қалдықты аз шығаратын жаңа технологияларды енгізу, бұл – заттардың қоршаған ортаның тіршілігі мен адам денсаулығы үшін қауіпті әсерін кемітуге мүмкіндік береді. Бірақ қазірдің өзінде өздеріңіздің денсаулығыңызды сақтауда жартылай болса да қаупін төмендете аласыздар.



Мақсаты: Тұрмыста қолданатын анағұрлым қауіпті заттарды және олардын қорғану әдістерін анықтау.

Ақпараттық кесте (15-кесте)


Жұмысты орындау барысы


7және 8-кестелердің мазмұнын оқыңыздар. 16-кестенің соңғы қатарын қауіпті заттардан қорғану үшін қандай нұсқаулар беруге болады. (толтырыңыздар).

Өздеріңіздің өміріңізді экологиялық қауіпті заттар мен орта факторларының әсері тұрғысынан анализдеңіз.

Өзіңізді және жақындарыңызды ортаның қолайсыз факторларынан қорғау үшін қандай шараларды іс-жүзінде жасауға болады?

Экологиялық императив тұрғысынан тұрмыстағы өзіңіздің мінез-құлқыңызды сараптаңыз: қоршаған ортадан денсаулыққа зиянды факторларды атаңыздар: денсаулық жағдайын жақсарту үшін ең алдымен не істеу керектігін отбасы мүшелерімен талқылаңыздар.


Экологиялық қауіпті факторлар 7– кесте

Қауіпті заттың не заттар тобының аты

Қауіпті заттардың көзі

Ағзаға тигізуі мүмкін әсері

Қауіпті заттардан қорғауға нұсқаулар

1. Ауыр металдар (Hg, Pb, Cd, As, Cu, Zn, Mn, Co, және т.б.)

Бояулар, шайынды сулар, қалдықтарды жағу, сынапты шамдар, автомашиналардың газдары, жасанды мата, пластмасса.

Cd – қаңқада өзгерістер, бұйрек аурулары;

As -терінің қатерлі ісігі;

Hg - жүйке жүйесін зақымдайды;

Pb - бүйрек, бауыр аурулары.



Ауыз суды тазалғыш фильтрден өткізу; суда еритін бояуларды пайдалану, көліктерді қорғасыннан тазартылған бензинмен қамтамасыз ету.

2. Ұшқыш органикалық қосылыстар

Еріткіштер, тазалағыш құралдар, дезинфекциялаушы заттар, бояулар, желім, пестицидтер, ағаш сүрегінің консерванттары

Хлорлы еріткіштер – қатерлі ісіктер, ісіктер

Галогенді көмірсулар – жүйке және жүрек тамыр жүйесін, бүйрек, бауырды зақымдайды иммунитетті төмендететін диоксиндердің организмде түзілуі, кемістіктер мен мутациялар туғызады



Қауіпті заттардан бас тарту, жақсы желденетін бөлмеде жұмыс істеу.

3.Формальде

гид


Пресстелген плиткалар, желім, кілемді жабыңдар

Тыныс алу мүшелерінің ауруы қатерлі ісік, бас айналу

Формальдегидті жақсы сіңіретін бөлме өсімдіктерін өсіру, қабырғаларға шлак (табиғи смола) жағу

4.Пестицид

тер


Пестицидтердің барлық түрлері

Ағзалардағы көптеген заттармен реакцияға түсіп,белгісіз қосылыстар түзуі мүмкін




5. Жану өнімдері (СО, NO26 CO26 SO2 және т.б.)

Темеке түтіні, газ плиталары, автомобильдердің газдары

Тыныс алу жүйесі мүшелерінің аурулары, қатерлі ісіктер, бас ауруы

Темекіден бас тарту, мөлмелерді жақсы желдету, автокөлік жұмысын бақылау

6. Шаң

Дизельді транспорт, жылу электростанциялары, қалдықтарды жағу, тазартқыш құралдары жоқ өндіріс орындары

Аллергия, тыныс алу мүшелерінің аурулары

Ылғалды тазарту, желдеткіштерге торлы перделер тұту, бұзылған шаң сорғыштарды пайдаланбау

7. Асбест

Құрылыс материалдары, жылу изоляторлары

Аллергиялар, тыныс алу жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер (10 – 30 жылдан кейінгі эффект)

Асбесті тор материалдарды арнайы пленкалармен қаптау

8. Ауру туғызушы бактериалар

Ластанған және шаңданған бөлмелер

Асқазан, ішек аурулары

Сабынды ыстық сумен жуу, азық-түлікті жабық ыдыста сақтау, тоңазытқыштарды пайдалану

9. Күн сәулесінің жетіспеуі

Қалалар ауасының ластануы, күн тәртібінің (режим) дұрыс болмауы

Д витаминінің жетіспеуі

Таза ауада серуендеу

10. Радиация

Құрылыс материалдары, ядролық қаруды сынау, авариялар

Қатерлі ісік аурулары

Бөлмелерді желдету, таза азық-түлікті пайдалану, и ммунитетті күшейту.

8– кесте


Үйлеріңіздегі экологиялық жағдайды жақсарту жолдары

Орта факторлары

Факторлардың қолайсыз нәтижелерінін әсері

Зиянсыз құралдармен ауыстыру мүмкіндігі және зиянды әсерді жою жолдары

1. Тұрғын үйдегі температура

Жылу жоғалту, көп мөлшерде энергия жұмсау




2. Жасанды маталар мен кілем өнімдері (капрон, нейлон, полиэфирлі, полиакрилонитрильді, поливинилхлоридті, полилефинді)

Теріні тітіркендіру және ұшқыш улы өнімдердің бөлініп шығуынан аллергияның пайда болуы




Косметика және парфимерия:

иіс су (духи), далап (помада губная),


опа (пудра),


кремдер,

шампуньдер,
иіс сабын,
шаш бояу

тырнақ боятын лак,

шашқа арналған лак,

дене дезодоранты,

ауа дезодоранты.


Аллергия реакция

уақыты өтіп кеткен далаптағы висмут пен майлардың улы әсері

цинк қосылыстарының улы әсері

конъюктивиттер, дерматиттер, әкпенің зақымдануы

аллергияның пайда болуы

аллергияның пайда болуы

аллергияның пайда болуы

ацетон және басқа да еріткіштердің қан, жүйке және тыныс алу жүйесіне есіріткілік әсер етуі;

терінің тітіркенуі, канцерогенді әсер;

кілегейлі қабықшалардың тітіркенуі, түншықтырғыштық әсер;

есеріткілік әсер;






  1. Жуғыш заттар

кір жуатын ұнтақтар
тазартқыш заттар

дақ кетірушілер

аяқ киім майы


Аллергия, катаральдық өзгерістер, кілейгейлі қабықшалардың тітіркенуі

Аллергия, катаральдық өзгерістер, кілегейлі қабықшалардың тітіркенуі; өзендер мен көл суларына түссе- тірі ағзаларды жояды;

көмірсулардың галогентуындыларын қара;

кілейгелі қабықшалардың қабынуы






5.Ағартушы және дезинфекциялаушы заттар

Тері мен кілегейлі қабықшалардың тітіркенуі, сондай-ақ формалиннің канцерогенді әсері




6. Пестицидтер

Улы әсер (акометрин Н, диазинон, дибром, дихлор, карбофос, нафталин, мысты купорос, нитрафен, тиазон,




7. Құрылыс материалдары: желімдер,

майлы бояу,

майлы лактар, паркет лагы, эмаль-лактар нитроэмаль

линолеум,

жиһаз маталары мен перделер.


Тері мен кілегейлі қабықшаларды тітіркендіреді: «Момент», «Феникс» жүйке жүйесін зақымдап, қатерлі ісік туғызуы мүмкін;

ауыр металлдар мен органикалық еріткіштердің улы әсері;

улы және канцерогенді заттардың әсері;

өрт қаупі, есірткі заттары бар, қан түзу мүшелерін зақымдайды;

хлорвинил мен пластификаторлар созылмалы улану туғызуы мүмкін;

химиялық талшықтар электрленді, ылғалды нашар сіңіреді, улы қоспалары бар;






8. Қаптау материалдары:

металдық


полиэтиленді, полистриролды және т.б.
көп қабатты және көп компонентті қаптау материалы

Қоршаған ортаны ластайды, қымбат материалдарды бүлдіреді;

Бактериялар ыдырата алмайды және ерімейді, қыздырғанда улы қосылыстар түзе отырып ыдырайды;

қайта өңдеуге жатпайды, қоршаған ортаны ластайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет