ЖҰмыс бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе және конструкциялық материалдар технологиясы»



Дата28.01.2018
өлшемі176,43 Kb.
#35066
түріЖұмыс бағдарламасы

Оқу жұмыс бағдарламасының

беттік парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30



Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия кафедрасы

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«Мамандыққа кіріспе және конструкциялық материалдар технологиясы» пәні бойынша
5В070900 «Металлургия» мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар


Мамандық бойынша элективтік

пәндер каталогы негізінде әзірленген пәннің жұмыс бағдарламасын бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/34




БЕКІТЕМІН:

ОІ жөніндегі проректор

__________Пфейфер Н.Э.

(қолы)


«___»_________20___ ж.
Құрастырушылар: т.ғ.к, профессор Сүйіндіков М.М. _______

(қолы)


т.ғ.к., доцент Быков П.О. ________

(қолы)


магистр, аға оқытушы Шошай Ж.Ш. ________

(қолы)
Металлургия кафедрасы


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«Мамандыққа кіріспе және конструкциялық материалдар технологиясы» пәні бойынша
5В070900 «Металлургия» мамандығының студенттеріне арналған
Жұмыс бағдарламасы 5В070900 «Металлургия» мамандығының жұмыс оқу бағдарламасы мен элективті пәндер каталогы негізінде құрастырылған 20__ж. «__»_________№__ хаттама
Кафедра отырысында ұсынылған 20__ ж. «__» _____ №_ хаттама
Кафедра меңгерушісі_________ Сүйіндіков М.М.

(қолы)


Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу әдістемелік кеңесі қолдады 20__ ж. «__» _____ №__ хаттама
ОӘК төрағасы __________ Ахметов Ж.Е.

(қолы)


КЕЛІСІЛГЕН:

ММЖжКФ деканы________ Тоқтағанов Т.Т. 20_ ж..«__»______

(қолы)

Жжәқб құпталған

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А. Варакута 20___ж. «___»_________

(қолы)

Университеттің оқу-әдiстемелiк кеңесi қолдады 20___ж. «____»_____________ Хаттама №____



1 Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты

Студенттердің кен, минералдар, минералды шикізат кенорындары, металлургия саласының негізгі терминдары, қайта балқытудың металлургиялық негізгі процестері, базалық металдарды алудың негізгі технологиясы, республика аумағында ғылым және білім беруші металлургиялық орталықтардың, металлургиялық кәсіпорындардың орналасуы, кен шикізаттарының ерекшеліктері және Қазақстан зауыттарында оларды өңдеу технологиясы туралы білім беру және машықтарына үйрету.


1.2 Пәнді оқытудың міндеті

Металлургиялық өндіріс құрлымы бойынша студенттердің металлургия өндіріснің негізгі технологиялық үрдістерінің келесідей өңдеулер (құю, металдарды қысыммен өңдеу, пісіру, кесумен өңдеу, ұнтақты металлургия және т.б.), Қазақстан республикасының экономикалық дамуына металлургияның рөлі, сонымен қатар ҚР ЖОО –ның қызметтері туралы, кредиттік оқу жүйесі нің негізі және С. Торайғыров атындағы ПМУ ішкі тәртіптері ережелері бойынша жалпы мағлұмат алуы.


Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттердің мағлұматтары болуы керек:

  • С. Торайғыров атындағы ПМУ ішкі ережелері және кридиттік оқу жүйесі;

  • Металдар мен қорытаплардың жіктелуі және оларды қолдану саласы;

  • Металлургиялық өндіріс құрлымы бойынша студенттердің металлургия өндіріснің негізгі технологиялық үрдістерінің келесідей өңдеулер (құю, металдарды қысыммен өңдеу, пісіру, кесумен өңдеу, ұнтақты металлургия және т.б.);

  • Металлургиялық өндіріс құрлымы бойынша студенттердің металлургия өндіріснің негізгі технологиялық үрдістерінің келесідей өңдеулер (құю, металдарды қысыммен өңдеу, пісіру, кесумен өңдеу, ұнтақты металлургия және т.б.),

  • Қазақстан республикасының экономикалық дамуына металлургияның рөлі


Біліміне, қабілетіне және машықтарына қойылатын талаптар

білуі керек:

  • классификацию металлов и сплавов и область их применения;

  • металлургиялық өндірістің негізгі технологиялық үрдістері;

  • металлургиялық өндіріс құрлымы бойынша студенттердің металлургия өндіріснің негізгі технологиялық үрдістерінің келесідей өңдеулер (құю, металдарды қысыммен өңдеу, пісіру, кесумен өңдеу, ұнтақты металлургия және т.б.);

Істей білуі:

құймаларды, дайындамаларды және бөлшектерді құю әдісі бойынша жасаудың және металдарды қысыммен өңдеудің, кесудің, пісірудің және т.б. негізгі операцияларын орындауды.


Тәжірибелік машықтарға үйрену:

  • құймаларды, дайындамаларды және бөлшектерді құю әдісі бойынша жасаудың және металдарды қысыммен өңдеудің, кесудің, пісірудің және т.б. негізгі операцияларын орындауды.


2 Пререквизиты

Осы пәнді оқып ұғыну үшін келесі пәндер бойынша (жалпы білім беретін оқу оырндарынан) алған білімі және машықтары болуы қажетті: математика, физика, химия, сызу.


3 Постреквизиттер
Пәнді оқып меңгеру және алған білімі келесі пәндерді ұғынуға қажетті: материалтану, металлургиялық процессдің технологиясы, металлургиялық процессдің теориясы.

4 Пән мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

р/р


Тақырыптың атауы

Сабақтар түрлері бойынша тікелей қатынас сағаттары

Дәріс

Тәжірибе

Зертхана

СӨЖ

1

С.Торайғыров атындағы ПМУ туралы жалпы мағлұмат. Кредиттік оқу жүйесі, оның қағидалары және жалпы ережелер.

2







6

2

Кредиттік оқу жүйесінде студенттердің білімін бағалау тәртібі, пәндер бойынша қорытынды бағалауды есептеу әдістемесі және GPA.

2







6

3

Металлургия туралы тарихи мағлұматтар. Қазақстанда металлургияның дамуы.

1







3

4

Металдық күйі. Металдардың физика-химиялық қасиеттері, жіктелуі. Периодтық заң.

1







3

5

Конструкциялық материалдардың жіктелуі. Металдар мен қорытпалардың кристалдануы. Пластикалық деформация және материалдардың механикалық қасиеттері

2







6

6

Шикізат және қосымша материалдар. Қазақстанның пайдалы қазбалар кен орындары және негізгі кендері, минералдары.

1







3

7

Металлургиялық өңдеудің жалпы негізгі нобайы. Кен байытудың негізгі әдістері. Қазақстанның кәсіпорындарында қара және түсті металдар кендерін байытылуы.

1







3

8

Шойын мен болатты алу. Домналық және конверторлық процесс және т.б.

4







8

9

ЖОО-дағы межелік бақылау. Оның қызметтері және өткізуді ұйымдастыру.

2







6

10

Электроболатбалқыту және ферроқорытпа өндірісі

1







3

11


Глинозем және алюминий өндірісі. Жеңіл металдар металлургиясы


2







10


12

Ауыр түсті және асыл металдар өндірісі (Cu, Ni, Pb, Zn, Au, Ag).

2







6


13

Машинажасау өңдірістің негіздері. Дайындаманы құю әдісі арқылы алу

1

6




3

14

Дайындамаларды қысыммен өңдеу арқылы алу.

2

4




6

15

Пісіру өндірсі. Ұнтақты металлургия

2

2




6

16

Металдарды кесіп өңдеу негіздері.

2

3




6

17

Емтихандық сессияны өткізуді ұйымдастыру және оның қызметтері.

2







6




Барлығы

30

15




90



4.2 Пәннің тақырыптар мазмұны
1 тақырып. С. Торайғыров атындағы ПМУ туралы жалпы мағлұмат. Кридиттік оқу жүйесі, оның қағидалары және жалпы ережелері.

С. Торайғыров атындағы ПМУ – Павлодар өңіріндегі көне жоғары оқу орнының бірі. Қазақстанда жоғары білім алу. Кридиттік оқу жүйесі, оның қағидалары мен жалпы ережелері.

2 тақырып. Кридиттік оқу жүйесінде студенттердің білімін бағалау тәртібі, пәндер бойынша қорытынды бағалауды есептеу әдістемесі және GPA.

Кридиттік оқу жүйесінде студенттердің білімін бағалау, пәндер бойынша қорытынды бағалауды есептеу әдістемесі және GPA. Рейтинг, балды-рейтингті жүйе түсінігі және т.б.

3 тақырып. Металлургия туралы тарихи мағлұматтар. Қазақстанда металлургияның дамуы.

Негізгі даму дәуірі. Металлургия тарихындағы атаулы күндер. Қазақстанда металлургияның дамуы.

4 тақырып. Металдың күйі. Металдардың физика-химиялық қасиеттері, жіктелуі. Периодтық заң. Металдардың маңызды қасиеттері.

Металдың күйі. Металдардың физика-химиялық қасиеттері, жіктелуі. Периодтық заң. Металдардың маңызды қасиеттері.

5 тақырып. Конструкциялық материалдардың жіктелуі. Металдар мен қорытпалардың кристалдануы. Пластикалық деформация және материалдардың механикалық қасиеттері

Техника мен технологияда заманауи инновациялық-өнеркәсіптік дамудағы материалдардың маңызы.



Металдардың құрылуы. Кристалдық торлар типтері. Реалдық кристалдар құрылуы. Кристалдық құрылу ақаулары және олардың кристалдық құрылу қасиеттеріне әсері. Дәнекше шамасы, кристалдар пішіндері. Модифицирлеу үрдістері.

Кернеу мен деформация. Серпімді және пластикалық деформация. Металдардыңтеориялық және тәжірибелік беріктігі. Деформациялық беріктендіру. Металдардың қирауы. Материалдардың механикалық қасиеттері. Болаттар мен шойындардың жіктелімі. Түсті металл қорытпаларының жіктелімі. Олардың қолданылу саласы.

6 тақырып. Шикізат және қосымша материалдар. Кендер және минералдар. Қазақстанның пайдалы қазба кен орындары және негізгі кендері, минералдары.

Шикізат және қосымша материалдар. Кендер және минералдар. Қазақстанның пайдалы қазба кен орындары және негізгі кендері, минералдары.

7 тақырып. Металлургиялық өңдеудің жалпы негізгі нобайы. Кен байытудың негізгі әдістері. Қазақстанның кәсіпорындарында қара және түсті металдар кендерін байыту.

Металлургиялық өңдеудің жалпы негізгі нобайы. Кенді табу, қазу, дайындау, байыту, металлургиялық өңдеу, материалдар өңдеу(металл бұйымдарын алу). Кен байытудың негізгі әдістері. Қазақстанның кәсіпорындарында қара және түсті металдар кендерін байыту.

8 тақырып. Шойын және болат алу. Домналық және конвертерлік процестер және т.б.

Шойын және болат алу. Домналық және конвертерлік процестер. Шикізат, технологиялық нобайы, үрдістің көрсеткіштері. Қазақстанда домна және конвертлік өндірістердің дамуы

9 тақырып. ЖОО-дағы межелік бақылау. Оның қызметтері және өткізуді ұйымдастыру.

Студенттердің білімін ағымдағы бақылау. Бақылау түрі. ЖОО-дағы межелік бақылау. Оның қызметтері және өткізуді ұйымдастыру.

10 тақырып. Электраболатбалқыту және ферроқортпа өндірісі.

Электраболат балқыту және ферроқортпа өндіріс. Шикізаты, технологиялық нобайы, үрдістің көрсеткіштері.

Ферроқорытпалар және олардың тағайындалуы. Шикізаты, технологиялық нобайы, ферроқорытпаларды балқыту процесіндегі көрсеткіштері.

11 тақырып. Глинозем және алюминий өндірісі. Жеңіл металдар металлургиясы.

Глинозем және алюминий өндірісі. Шикізаты, технологиялық нобайы, үрдістің көрсеткіштері. Қазақстанда глинозем және алюминий өндірісінің дамуы.

12 тақырып. Ауыр түсті және асыл металдар өндірісі (Cu, Ni, Pb, Zn, Au, Ag).

Ауыр түсті және асыл металдар өндірісі (Cu, Ni, Pb, Zn). Шикізаты, технологиялық нобайы, үрдістің көрсеткіштері. Асыл металдар металлургиясы. Шикізаты, технологиялық нобайы, үрдістің көрсеткіштері. Қазақстанда ауыр түсті және асыл металдар өндірісінің дамуы. Сирек металдар туралы жалпы мағлұмат.

13 тақырып Машинажасау өңдірістің негіздері. Дайындаманы құю әдісі арқылы алу.

Құю өндірісінің машина жасаудағы қазіргі орны, маңызы және болашақта дамуы. Құю қорытпалары мен олардың қасиеттері. Құю қорытпаларын дайындау тәсілдері классификациясы. Бір реттік құм-балшық қалыптарында құймалар дайындау.

Құймалар алудың арнайы түрлері. Қабыршықты қалыптарға, балқитын үлгілері бойынша, кокильге, қысыммен, орталықтан тепкіш құю.

14 тақырып. Дайындамаларды қысыммен өңдеу арқылы алу.

Металдарды қысыммен өңдеудің физика- химиялық негізі. МҚӨ негізгі түрлерінің жіктелімі. Илемдеу. Илемдеу өндірісінің өнімі. Соғу және қалыптау. Ыстық көлемдік қалыптау. Сығымдау және созу. Өндірісі технологиясы, жабдықтары, бұйымдардың қасиеттері және олардың тағайындалуы.

15 тақырып. Пісіру өндірсі. Ұнтақты металлургия

Пісіру өндірісінің жалпы сипаттамасы. Доғамен балқытып пісіру. Газбен балқытып пісіру. Флюс астында және оқшауланған ортада пісіру. Электрошлакпен пісіру. Түйістіріп пісіру. Пісірудің арнайы түрлері: диффузиялық, суық түрде, жарылыс арқылы пісіру, үйкеліспен пісіру және басқалар.

Ұнтақты металлургия негіздері. Металл ұнтағын алу өндірісінің әдістері. Металл ұнтақтарынан бұйымдарды жасаудың технлогиялық үрдістері. Металлокерамикалық материалдар және олардан бұйым жасау.

16 тақырып. Металдарды кесіп өңдеу негіздері.

Дайындамаларды фрезерлік және токарлық станоктарда өңдеу. Беттерді ажарлап өңдеу әдістері: жалтырату, суперфиништеу, хонингтеу, шевингтеу. Металдарды электрофизикалық және электрохимиялық әдіспен өңдеу.

17 тақырып. Емтихандық сессияны өткізуді ұйымдастыру және оның қызметтері.

Емтихандық сессияны өткізуді ұйымдастыру және оның қызметтері.
4.3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны мен тізімі
13 тақырып Машинажасау өңдірістің негіздері. Дайындаманы құю әдісі арқылы алу.

Тәжірибелік сабақ № 1. Қорамда қалыптау және қалыпқа балқыған металды құю.

Тәжірибелік сабақ № 2. Өзекше жасау.

Тәжірибелік сабақ № 3. Кокильге құю.

14 тақырып. Дайындамаларды қысыммен өңдеу арқылы алу.

Тәжірибелік сабақ № 4. Сығымдау процесін меңгеру.

Тәжірибелік сабақ № 5. Металдарды илемдеу

15 тақырып. Пісіру өндірсі. Ұнтақты металлургия

Тәжірибелік сабақ № 6. Электродтардың технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтау

16 тақырып. Металдарды кесіп өңдеу негіздері.

Тәжірибелік сабақ № 7. Кесуші аспабтың геометриясын меңгеру.
4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
4.4.1 CӨЖ түрлерінің тізімі




СӨЖ түрі

Есептін түрі

Бақылау түрі

Жұмыс көлемі (cағ)

1

Тәжірибелік сабақтарға дайындалуы, үйге берілген тапсырмаларды орындау

Конспект


Сабаққа қатысу, қорғау

30


2

СӨЖ орындау

Реферат

Ауызша сұрау

20

3

Аудыториялық сабақтан тыс материалдарды меңгеру

Конспект

Ауызша сұрау

20


4

Бақылау шараларына дайындалу



МБ1, МБ2,

20


Барлығы

90


4.4.2 Студенттерге өздігінен оқып-үйренуге арналған тақырыптар
Тақырып 1. Шойын және болат өндірісі. Бақылау түрі: тестілеу+ауызша сұрау.

Ұснылатын әдебиеттер: [1].

Тақырып 2. Түсті металдар мен қорытпалар өндірісі (алюминий және мыс). Бақылау түрі: тестілеу+ауызша сұрау.

Ұснылатын әдебиеттер: [5]

Тақырып 3. Дайындамаларды құю әдісімен алу. Бақылау түрі: тестілеу+ауызша сұрау.

Ұснылатын әдебиеттер: [1], [2]

Тақырып 4. Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы (МҚӨ). Бақылау түрі: тестілеу+ауызша сұрау.

Ұснылатын әдебиеттер: [1], [2]

Тақырып 5. Пісіру өндірісінің технологиясы. Бақылау түрі: ауызша сұрау.

Ұснылатын әдебиеттер: [1], [2]

Тақырып 6. Ұнтақты металлургия негіздері. Бақылау түрі: ауызша сұрау.

Ұснылатын әдебиеттер: [5].

Тақырып 7. Конструкциялық материалдарды кесумен өңдеу технологиясы. Бақылау түрі: ауызша сұрау.

Ұснылатын әдебиеттер: [1], [2]



5 Әдебиеттер тізімі
5.1 Негізгі:

  • Cыздыков О., Оразбаев Б., Нысанбаев Ғ. Конструкциялық материалдар технологиясы. Оқулық – Алматы Республикалық баспа кабинеті, 1993 ж. – 290 б.

  • Сүлеймен Е.Б. Материалтану. Оқулық. – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы 2006. – 261 б.

  • Сүйіндіков М.М. Конструкциялық материалдар технологиясы: – Лабораториялық жұмыстарға арналған әдістемелік құрал: Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы, 2000. – 100 б.

  • Сүлеймен Е.Б., Сүйіндіков М.М. Металтану: – Металлургиялық және машинажасау мамандықтарындағы студенттерді оқытуға арналған әдістемелік құрал: Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы, 2001. – 34 б.

  • Ғазалиев А.М., Жалпы металургия: оқулық. Алматы: Білім, 2010.-781 б.


5.2 Қосымша:


  • Сүлейменов Е.Б., Сүлейменов Т.Ж. Материалтану сөз тізбегінің

орысша-қазақша сөздігі. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1993. – 19 б.

7. Сүлеймен Е.Б. Металтану сөз тіркесінің орысша-қазақша сөздігі. –

Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы, 2005. – 35 б.


Мамандықтың

жұмыс бабындағы оқу

жоспарынан үзінді көшірме





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32





5В070900 «Металлургия» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан үзінді көшірме

Пәннің аталуы: «Мамандыққа кіріспе және конструкциялық материалдар технологиясы»


Оқу

формасы


Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр бойынша бақылау түрі

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кредиттер

академ. сағаттар

кредиттер

аудиториялық сабақтақтар

(акад. сағаттар)



СӨЖ

(ак. сағаттар)



барлығы

ауд

СӨЖ

емт.

сынақ.

КЖ

КЖ







барлығы

дәріс

тәж.

зерт

барлығы

СӨЖМ

Күндізгі ЖОБ негізінде

3

135

45

90

1










1

3

45

30

15




90

45

Кафедра меңгерушісі _________ М.М. Сүйіндіков 20___ж. «____» _____



(қолы)
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет