Метаморфтық тау жыныстары және олардың құрылыстық қасиеттері. Гнейстер – граниттен бір жақтық қысымдық әсерімен пайда болған сланцтық құрылысты жыныс. Оларды кесек тас және қиыршықтас түрінде бетон үшін, плита пішінінде тротуар төсеу үшін пайдаланады.
Сланцтер – көпшілігінде саздан пайда болған, түсі қара немесе қоңырлау сұр. Саздық сланцтер қалыңдығы 3-10мм жұқа пластинкаларға оңай ажыратылады. Мұндай пластинкалар аз қабатты үйлер үшін жамылтқыш және қабырға қаптағыш ретінде қолданады.
Кварциттер – кремнеземнен цементтелініп тұтас алып масса болып құралған, қайтадан кристалданылған кварц түйіршіктерінен тұратын метаморфтық тығыз жыныс. Оларды үйлердің және ғимараттардың ерекше жауапты бөлшектері үшін пайдаланады.
Мрамор – жан-жақты биік қысымдық пен жоғарғы температура әсерімен өзгерілген ізбес тасынан құралған жыныстар. Оны үйдің ішін өңдеуге, басқыштар орнатуға, терезе алдына төсеуге т.б. үйді көріктілейтін бұйымдар жасауға кең қолданады.