ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3219 Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»



бет5/38
Дата19.05.2017
өлшемі7,26 Mb.
#16427
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Сұқбаттасу


Науқас адаммен жақын тартып сұқбаттасудың негізгі мақсаты сұрақ қою арқылы оның ауруға байланысты ішкі сезімін есіне түсіртіп, дерек жинау. Бұл қарапайым тәсіл. Дегенмен, ауруды анықтау үдерісінің басты, әрі қиын бөлімі болып есептеледі. Дәрігер жас шамасы, мамандығы, ой-өрісі әр түрлі науқастармен кездеседі. Сондықтан ол науқастың ниетін өзіне бұрып, сендіру үшін оның ішкі дүниесін, рухани мүддесін, қасіретін сезіне білуі керек. Бұл жұмыс медицина қызметкерлерінен ерекше мәдениеттілікті, әдептілікті, жауапкершілік пен адамгершілікті талап етеді. Науқаспен сұқбаттасқанда дәрігер алдымен оның аты-жөнін сұрап сыпайылық, сабырлық байқатқаны абзал.

Сұқбаттасу тәсілі төрт бөлімнен құралады:

  1. Жалпы мәлімет жинау

  2. Шағым жинау

  3. Аурудың даму тарихы

  4. Науқас адамның өмір тарихы

Жалпы мәлімет жинау науқастың аты-жөні, жас шамасы, жынысы, мамандығы, мекен-жайы, жұмыс орны, ауруханаға түскен күні, айы, жылы жайлы деректерді қамтиды. Бұл деректердің аурудың даму себебін талдап анықтауға септігі мол.

Науқастың шағымын жинау .

Науқаспен сұқбаттасқанда әр сөзіне зер салып, ауруына байланысты сезімін анықтап, әңгімесін сабырлылықпен тыңдаған жөн. Сұрақ беріп, айтқанын талдай отырып, ауруды анықтауға қажетті негізгі деректерді ажыратып алуға тырысу керек. Науқастың шағымын жинау тәсілі әр түрлі ағзалар ауруларының белгілерін айқындауға көмектеседі.

Ұқыпты жиналған шағымынан науқастың көңіл-күйін аңғарып, аурудың кейбір белгілерін байқап, оның ауруын анықтау үдерісінде қолданылатын негізгі тәсілдерді алдын ала белгілеп алуға болады.

Аурудың даму тарихы. Науқаспен сұқбаттаса отырып, оның ауруының даму тарихын толық қамти білу үшін мына мәселелерге: аурудың басталу себебі мен уақытына, бұрын қолданылған зерттеу, емдеу тәсілдері мен олардан туындаған қорытындыға, созылмалы аурудың даму барысында байқалған өзгерістерге, оның қайталану себептері мен қосымша анықтау тәсілдеріне, науқастың көңіл-күйіне, ауруға әсерін байқау үшін қолданылған емнің түрлеріне, әрі оның салдарынан пайда болған жаңа белгілерге, науқасты ауруханаға келуге әсер еткен себепке, яғни аурының қайталану немесе қайта көрініс беру себептеріне зер салған жөн. Осы деректерге сүйеніп, аурудың жіті немесе созылмалы ағымдылығын, оның ерекшеліктерін анықтауға болады.

Науқастың өмір тарихымен танысу аурудың даму себебі мен пайда болуына әсер еткен жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл науқас адамның өмірбаянымен танысу арқылы, оның дамып жетілу кезеңдерін нәрестелік, балалық, жасөспірімдік, ержеткен, қарттық шақтарын медициналық тұрғыдан сараптау. Ол үшін мына мәліметтер қажет: туып өскен жерінің ерешеліктері, ата-анасының денсаулығы мен туған отбасына байланысты деректер, нешінші бала болып туылғаны, қандай жағдайда, қалай өсіп жетілгені, өмірінің әр кезеңінде денсаулығында, дене құрылысының қалыптасу барысында байқалған ерекшеліктері, білімінің деңгейі, еңбекке кіріскен жасы, жұмыс орнында әсер тетін зиянды факторлар, әйел адамның еттекірінің басталған кезі, оның ерекшеліктері: жыныстық қатынаста, жүктілік пен босанғанда байқалған ерекше жағдайлар: өзінің отбасының жағдайы неше балалы, тұрғын үйінің жайы, тамақтану, дем алу ерекшеліктері, Сондай-ақ, науқастың өзінде, ата-анасы мен туыс-тумаларында байқалған ауруларға, әсіресе туберкулез, жыныс ағзаларының жұқпалы ауруларына, кейбір әйел немесе ер адамдарға тән ауруларға, басқа да жиі кездесетін сырқаттармен ауырған-ауырмағанына көңіл аударылады. Темекі шегу, нашақорлық, араққұмарлық сияқты зиянды әдеттердің науқас адамға қатысы бар-жоқтығына да зер салынады. Аталған деректер әдетте аурудың ағымының сипатын, себептерін айқындай түседі.

Қарап зерттеу. Дененің өлшемдері мен температурасын анықтау.

Науқас адамды қарап зерттейтін бөлме жылы әрі жарық болуы тиісті. Науқас толық шешінгеннен кейін, белгілі бір қалыптасқан жүйеге сүйене отырып зерттеледі. Бұл тәсіл екі түрге бөлінеді: жалпы шолу және дененің жеке бөлімдерін қарау. Қарап зерттеу, әдетте, жалпы шолудан басталады. Онда науқастың жалпы сырт пішінінің оның жас шамасына сәйкестігіне зер салынады. Өйткені кейбір сырқаттардың әсерінен науқастың тым қартайғандығы немесе басқа өзгерістер байқалуы мүмкін.



Жалпы шолудың реті.

  1. Науқастың жалпы хал-жайын анықтау. Ол қанағаттанарлық, орташа, ауыр және өте ауыр болуы мүмкін.

  2. Науқастың ес-санасының күйін анықтағанда байқалатын өзгерістердің түрлері:

А Дұрыс ес. Мысалы, қойылған сұраққа анық жауап беріп, төңірегіндегі құбыластарды толық аңғарса, науқастың санасының дұрыс болғаны.

Б Абыржу (помрачение). Оған науқастың өз жағдайын дұрыс бағаламай, немқұрайдылықпен қарап, тыныштығы кетіп, мазасыздануы, сұраққа кешеуілдеп селқос жауап беруі сияқты белгілер тән.

В Мелшию (ступор)- қойылған сұраққа қолмен сілкілегенде ғана, онда да дұрыс жауап бермей, ұйқылы-ояу жағдайда қатып қалу.

Г Топастану (сопор). Науқас адам есінен танғанымен, жүйке талшықтарын тітіркендіргенде жауап беру қабілеті сақталады.

Д Естен тану (кома)-тыныс алу мен қанайналым ағзаларының қызметі сақталған науқас адамның тітіркендіргіштердің әсеріне жауап бермей, терең ұйқыда болуы.

Ес-сананың осы аталған өзгерістері қансырағанда, қандағы қанттың мөлшері артып немесе кемігенде, миға қан құйғанда, бүйрек немесе бауыр қызметінің жеткіліксіздігінен, арақпен уланғанда, т.б. себептерден байқалады. Ауыр ағымды инфекциялық аурулармен сырқат адамдардың денесі 40-410С-ға дейін қызса, олар сандырақтап, тым қозып, галлюцинациялық жағдайына ұшырауы мүмкін.



Науқастың төсектегі күй-қалпының түрлері

  1. Жеңіл күй-қалып науқастың өзін-өзі күту жуынып- тарануға, төсегін жинап, өз бетімен тамақтануға, т.б. іс-әрекетті еркін орындауға мүмкіндігінің сақталуы.

2. Амалсыз күй-қалып сырқаты меңдеп, халі нашарлаған науқастың денесін белгілі бір қалыпта үнемі бір қырына, яғни сау жағына жатуға, басын биіктетіп ұйқтауға, ұйқы безі зақымдалған адамның етбетінен жатуға, т.с.с күйде ұстауға мәжбүр болуы.

3.Енжар күй-қалып, әдетте, арықтап әлсіреген немесе ессіз халдегі науқастарда байқалады, оларға медицина қызметкерлерінің немесе туыстарының күтімі қажет, яғни жатқан, отырған қалпын өзгерту, жуындыру, тамақтандыру.



Науқастың жалпы тұлғасын зерттеу.

Бұл тәсілді науқастың денесінің жалпы кейпі мен күйлілік дәрежесін, бойының ұзындығы мен салмағын, кеуде қуысының көлемі мен бітімін және тұлғаны жалпылай сипаттауға қажетті т.б. белгілерді қамтиды. Әр адамның жалпы тұлғасында морфологиялық, әрі функциялық ерекшеліктер болады. Осыған байланысты М,В, Черноруцкий адамның жалпы тұлғасын нормостениялы, гиперстениялы және астениялы деп үш түрге бөлген.

Жалпы тұлғасы астениялы адамның бойы мен көлденең өлшемін салыстырғанда бойының өлшемі басымдау, бет пішіні сопақтау, кеудесі ұзынша, құшықтау, иықтары салбыраңқы, қолтық шұңғылдары терең, құрсақүсті бұрышы 900 –тан кем, кеуде-іш көкеті төмендеу орналасып, қабырғалары омыртқа жотасымен сүйір бұрыштана жалғасқан, қаңқа бұлшықеттері нашар жетілген, денесі арық болады. Бұл топқа жататын адамдарда ішек-қарын, жүйке, өкпе жүйесінің сырқаттары жиі кездеседі.

Нормостения тұлғалы адамның бойы мен көлденең өлшемдері сәйкес, қолтық шұңғылдарының тереңдігі орташа, құрсақүсті бұрышы тік бұрышқа жуық, иықтары тіктеу, бұлшықеттері қуатты әрі серпімді келеді.

Тұлғасы гиперстениялы адамның бойы аласа, денесі толық, етженді, аяқ-қолдары мен мойны қысқа, иықтары тік, кеудесі шалқақтау, құрсақүсті бұрышы 900-тан артық, доғал, қолтық шұңғылдары тайыз, жауырыны жалпақ, кеуде-іш көкеті жоғары орналасып, қабырғалары омыртқа жотасымен тік бұрышқа жуықтана жалғасқан, ал бет-келбеті дөңгелек жүзді. Бұл топқа жүрек аурулары, гипертония, тас түзілу, сезімдік сияқты сырқаттар тән.

Науқас адамның бет пішінінен жігерлі-жігерсіздігін, мамандығының әсерін байқауға болады. Сұңғақ тұлға, еркін және жеңіл қимыл-қозғалыс көңіл-күйдің жақсы екендігін көрсетсе, тұлғаның түрлі өзгерістері сырқаттықты бейнелейді. Мысалы, туберкулез процесі омыртқа жотасын қисайтса немесе іш шеменінен кеуде тым керіліп, асқақтап кетуі мүмкін: миына қан құйылған адам аяғын сүйрете басса, дене қызуы тым көтерілген науқас теңселсе, ортан жіліктің ұршығы шыққан бала үйректің балапан жүрісімен жүреді.

Науқастың дене күйін көзбен шолып және тері астындағы шел майды қолмен байқап анықтауға болады. Ол үшін иықтың орта тұсының, қолтықтың, іштің немесе санның алдыңғы жағының терісін үш саусақпен қапсыра ұстап, қалыңдығын өлшеу керек. Оның қалыңдығы 2 см дей болса, науқастың дене күйі жақсы болғаны. Әдетте ішек қарын ісігімен, туберкулез, қалқанша без ауруларымен сырқат адамдар жүдесе, мешкейлер, дене қимылын аз жасайтындар, ми қосалқысын ісік шалған адамдар семіреді.

Бойды өлшеу үшін бойөлшегіш қолданылады. Бойөлшегіш-өлшемдік белгілері бар, жылжымалы қалақшамен жабдықталған ұзын, ағаш қазықша. Бойын өлшегенде науқас аяқ киімін шешіп, бойөлшегіштің қазықшасына шүйдесін, жауырын ортасын, екі өкшесін тигізіп тұруы керек. Жылжымалы қалақша науқастың төбесіне тірелген деңгей, яғни қазықшадағы цифр-оның бойының ұзындығын көрсетеді. Жас шамасы 25-30-дардағы әр адамның орташа бойы 165-180 см, ал әйел адамның-155-170 см. Мидың кейбір қосалқылары, мысалы гипофиз зақымдалғанда, бірде алыптық гигантизм, енді бірде, керісінше, ергежейлілік байқалуы мүмкін.

Науқастың салмағы ол ауруханаға түскен күні, кейін әр күн сайын, әдетте, таңертең, ашқарынға өлшенеді. Бұл тәсіл науқастың дене күйін анықтауға ғана емес, кейбір аауруларда оған қолданылған емнің әсерін бақылау үшін де қажет. Мысалы, жүрек немесе бүйрек ауруында денеге жиналған артық сұйықтықтың шығарылу деңгейін анықтап, зәршығару жолдарының қызметін қадағалау үшін.

Дененің орта салмағын өлшемей анықтауға да болады. Ол үшін бойдың ұзындығынан100-ді шегеру керек. Сонда, мысалы бойы 170 см адамның орта салмағы 70кг тең болғаны.



Теріні қарау

Тері-дененің сыртқы жабыны. Ол ішкі ортаны қорғап, тынысалу, заталмасу, т.б. процестерге қатысады. Көптеген аурулардың белгілерін теріден көруге болады. Теріні қарап зерттегенде оның түсіне, ылғалдылығына, серпімділігіне зер салыып, қабыршықтану, берту, жара-жарақат, тыртық, қантамырларының білеуленіп, тарамдануы, сусіңділенуі сияқты өзгерістердің бар-жоқтығына көңіл аударған жөн.

Терінің түсі сырқаттарда әр түрлі: ақшыл, сары, қола түсті, т.с.с.

Ақшыл түс қаны азайып, қансыраған, бүйрек ауруларымен, аорта ақауларымен сырқат немесе қанында темір немесе фолий қышқылы тапшы адамдарда байқалса, безгекпен сырқат адамдардың терісі бозғылтсары түсті, ал рак ауруына шалдыққандардың-бозғылт болады. Аддисон ауруынан тері қоңыр реңденсе, алмаспен немесе қорғасынмен уланғандардың терісі ағарады.

Тері дененің қызуы тым көтерілгенде, арақты мөлшерсіз ішкенде, қанда эритроциттердің немесе гемоглабиннің мөлшері тым көбейгенде, морфинмен уланғанда қызарады. Бір есте ұстарлық жай-бауыр ауруларымен сырқат адамдардың алақаны ғана қызаратыны.

Терінің көгеруі гемоглобиннің құрамында оттегі тапшы болғанда байқалуы мүмкін. Бұндай өзгерістер өкпе мен жүрек ауруларында орын алады. Көк рең денені түгел немесе жеке ағзалар мен оның бөліктерін ғана қамтып, жалпы немесе жергілікті түрде болады.

Сары түс өт жолдары таспен бітеліп, ісікпен немесе жалқықпен қысылғанда, эритроциттер тым көп мөлшерде ыдырап, билирубин көп түзілгенде байқалады. Сары түстің ақшылсарыдан қоңырқай жасылға дейінгі әр түрлі реңін тек күн жарық кезде ғана қарап ажыратуға болады. Аталған себептерден сарғаю пайда болған науқастың денесі қышып, онда тырнақтың сызаттары, ұсақ жарлар болу мүмкін. Дене акрихин, пикрин қышқылы сияқты дәрілерден де сарғаяды.

Кейде терінің пигменті азайып, ақтаңдақ пайда болады. Ал ыстықтағанда, қызу көтерілгенде, тер бездері зақымдалғанда, сұйықтықты көп ішкенде терінің ылғалдылығы артады.

Организмнен сұйықтық көп бөлініп шығарылса, тері құрғайды. Оның ссебептері көп: витаминдердің жеткіліксізділігі, жиі-жиі іш өту, ішек-қарын, инфекциялық аурулар т.с.с. Терінің ылғал-құрғақтығы қолмен сипап анықталады.

Терінің серпімділігі анықтау үшін оны қапсыра ұстап, жоғары қарай тартып, жіберіп қалу керек. Серпімділігі жақсы тері тез қалпына келеді. Арық немесе кәрі адамның терісінің, құрғақ терінің серпімділігі, әдетте төмен.

Теріде түрлі-түрлі бөртпелер, есекжем, жалақ, ісік, іріндік, темреткі, тыртық сияқты көптеген аукрулардың белгілері жиі ұшырасады.

Ұсақ тамырлар кеңейгендіктен пайда болып, саусақпен басқанда жойылып қайта көрінетін ақшыл-қызыл түсті дақ қызыл бөртпе розеола сүзекте, грипте, сифилисте байқалады. Жекелеген қызғылт дақтар дәрі-дәрмектердің әсеріне, кейбір іріңді ауруларға тән.

Есекжем- теріде қалыптасатын қышымалы, ақшыл түсті, күлбіреген ошақ. Ол организмнің сезімталдығын күрт арттыратын себептерден, көбінесе дәрі-дәрмектердің әсерінен қалыптасады.

Қанталау- қантамырлары зақымдалғандықтан, тері мен оның шелмай қабатына құйылған қанның ірілі-ұсақты ошақтары. Бұл гемофилия, Верльгоф ауруы, лейкоз сияқты мен жүйесінің сырқаттарында жиі байқалатын белгі.

Ұшық герпес-ішінде сұйықтық болатын, жарылғанда қабыршақтанып кететін, диаметрі 0,5-1см көпіршік көбінесе вирусты инфекцияларда кездеседі.

Кейбір аурулардан, хирургиялық операциялардан, жара-жарақаттардан кейін денеде тыртықтар қалады. Олардың да диагностикалық мәні зор.

Денедегі шаш пен түктің түр сипатының өзгеруі де аурудың белгісі болуы мүмкін. Мысалы, ішкі секреция бездері ауруларының кейбіреуінде шаш өспей немесе түсіп қалса, енді біреуінде, керісінше тіпті әйелдердің бетіне түк қаулап кетеді.

Түрлі аурулардың салдарынан тырнақта қалыптасатын өзгерістер де бірсыпыра. Тырнақтың сынғыштығы кейбір витаминдердің организмге жеткіліксіздігін көрсетсе, өкпенің созылмалы ағымды іріңді сырқаттарына тырнақтың сағат шынысы сияқтанып, ойыстануы тән.

Науқасты қарап зерттегенде оның бүкіл денесінің немесе кейбір мүшелероінің сусіңділеніп ісінгенін көруге болады. ОЛ жердегі саусақпен басып байқағанда, щұңғыл із қалады. Сусіңделінудің жергілікті түрі веналарға қан іркілгенде дамыса, оның жалпы түрі анасарка-жүрек немесе бүйрек ауруларында, аллергеннің әсерінен жедел түрде сезімталдық артқанда байқалады. Сусіңділенудің даму барысы оның себебіне байланысты. Жүрек ауруларында сусіңділену аяқтан басталса, бүйрек ауруларында беттен өрбиді. Жүрек ауруынан ісінген науқас ентігіп, беті көгереді: ол басын жоғары көтеріп, үнемі жастыққа сүйеніп, аяғын төсектен салбыратып, екі қолын тізесіне тіреп отыруға мәжбүр болады.

Бүйрек ауруынан суіңділенуі жылдам өрістейді. Ол науқастың төсектегі қалпына әсер етпейді. Бүйрек сусіңділенуінің ісігі жұмсақ әрі қайтымды. Науқастың беті ағарады.



Жеке мүшелерді қарап зерттеу

Науқастың басын зерттегенде оның көлемі мен бітіміне, бетәлпетіне, көзінің, мұрнының, құлағының, ауыз қуысы ағзаларының ерекшеліктері мен өзгерістеріне зер салынады. Бассүйектің бітімінен ол қалыптасқан кезде орын алған немесе басқа аурулардың белгілерін байқауға болады.

Кейбір аурулардың әсерінен науқастың бет-әлпеті өзгереді. Мысалы, жүрегінің митральдық қақпақшасы ақаулы науқастың бетінің ұшы көкшіл қызғылттанады. Митральдық бет-әлпет. Ал терісі ақшылсары түске еніп, бетінің ұшы көгеріп, ісініп, солпыйған, көнтиген, қызғылттау ернін ашып, үнемі, ауа қармағандай кейін – Корвизар бет-әлпеті – созылмалы ағымды жүрек ауруларына тән. Иценко-Кушинг аурумен науқас адам дөғгелек жүзді, қызыл шырайлы болады, әйелдерге сақал өседі. Перитонит, іш түйнегі сияқты хирургиялық ауыр ағымды сырқаттардан халі өте нашарлаған науқастардың кейпі ерекше (Гиппократ бет-әлпеті). Ондай науқастан суық тер шығады. Денесі қатты бозарады. Беті қушиып, көзі шүңірейіп, жүзінен енжарлық байқалады, Бүйрегі ауратындардың беті, әсіресе көзінің айналасы мен қабағы ісініп, көзі сығырайып кетеді, Базед ауруымен науқастардың бетінің еееті кетіп, өңінен шыдамсыздық, шапшаң әрекетке бейімділік аңғарылады, екі көзі шарасынан шығып, бадырайып кетеді. Сіріспемен сырқаттардың беті жиырылып, тырысады, өңі күлгін тартады.

Көз бен оның төңірегінде байқалатын өзгерістер мынадай: қабақтың салбырап (птоз), ісінуі, көздің шарасынан шығып, бадыраюы, қызаруы, қанталауы, қос қарашақтың бір сәтте әр түрлі кеңеюі. Бұл өзгерістердің біразы нерв жүйесінің түрлі әсерімен байланысты. Қабақтың үнемі ашық тұрып, төмен қарағанда, қарашықпен үйлесімді қимылдамай, бұрыңғы қалпында қалып қоюы (Грефе белгісі), қос жанарды бір нүктеге қадап, сол нүктені біртіндеп жақындатқанда қарашықтардың қосылмауы (Мебиус белгісі), кірпікті сирек қағу (Штельвиг белгісі) сияқты белгілер Базед ауруынан симпатикалық нерв жүйесі зақымдағанда байқалады.

Науқасты қарап зерттегенде оның мұрнына да зәр салған жөн. Мерездің салдарынан мұрынның пұшық болуы, ал түрлі басқадай себептерден қызаруы, көгеруі немесе ісінуі, ентіккенде оның танауы дәлбендеуі мүмкін.

Бірқатар аурулардың белгілері құлшақта да ұшырасады. Мысалы, подагра ауруында құлақ қалқанына нуклеин қышқылды натрий тұздары шөгіп түйіншіктер түзеді.

Ауыз қуысын көптеген аурулардың айнасы деуге болады. Денесі қызған адамның ерні кезеріп, аузы құрғаса, басқа жағдайларда тіл ағарып, жарылып немесе ісінсе, енді бір сырқаттарда қызыл иек қанталап, тістің өзі немесе ұясы зақымдалады. Ауыздың шырышты қабықшасында көптеген ауруларға тән алуан бөртпелер, қабыршықтанған ошақтар, оық жаралар қалыптасады.

Мойын тұсын қарағанда веналардың білуіленіп кеңейгенін, артериялардың соғуын, қалқанша без бен моойындағы лимфа түйіндерінің ұлғайғанын, тыртықтарды және басқа ақау-зақымдарды көруге болады. Сау адамның лимфа түйіндері қолмен басып байқағанда да білінбесе, түрлі сырқаттардың әсерінен олардың көлемі, қатты-жұмсақтығы, төңірегіндегі ағзалармен арақатынасы, сезімталдығы өзгереді. Түрлі ауруларда лимфа түйіндерінің сипаты әртүрлі. Рак метастазы жайлаған лимфа түйіндері бірімен бірі біріккен, төңірегіндегі ағзалармен тұтасқан, басқанда ауырмайтын әрі қатты болады. Лимфогранулематоз ауруында олар өте ұлғайып, бірігіп, теріге жайылмай, оның астында бос жайғасса, туберкулезден – іріңдеп, жыланкөздер қалыптастырып, тыртықтанады.

Жалпы тұлғаны қарап зерттегенде қаңқа бұлшықетінің күші мен көлеміне зер салынады. Түрлі себептерден арықтағанда, нерв жүйесінің кейбір сырқаттарынан қаңқа бұлшықеті семіп, әлсірейді. Науқастың бұлшықет күшін дәрігер оған өз қолын қысөызып, тартқызып байқайды, Аяқ-қол бұлшықетінің көлемі сантиметрлік таспамен өлшенеді.



Омыртқа жотасын қарап зерттеу

Көптеген аурулардан дененің тұлғасы өзгеретіні белгілі. Мысалы, тубберкулезден омыртқа жотасының арқа бөлігі артқа қарай – кифоз, алға – лордоз, немесе бір қырына – сколиоз, қарай жиі қисаяды. Ал Бехтерев ауруынан омыртқалар тұтасып, олардың өзара қимылы шектеліп, тұлға бір қалыпта тік қатып қалуы да мүмкін.


ІV) Иллюстрациялы материалдар: берілген
V) Әдебиет:

негізгі:

қосымша:
VІ) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Медициналық деонтологияға анықтама беріңіз.

  2. Ауру дегеніміз не?

  3. Аурудың себептерін атаңыз.

2



І) Тақырыбы: Науқастарды жалпы тексерудің принциптері: санасын, жағдайын, тері және теріасты май талшықтарын, сүйек-буын жүйесін бағалау.
ІІ) Мақсаты: Науқастарды жалпы тексерудің принциптері: санасын, жағдайын, тері және теріасты май талшықтарын, сүйек-буын жүйесін бағалауды үйрету.

ІІІ) Дәріс тезистері:

Науқасты жалпы қарау (І)nspectІ)o) диагностикалық әдіс ретінде, аспаптық және зертханалық әдістер түрлерінің көптігіне қарамастан, кез-келген мамандықтағы дәрігер үшін өзінің маңызын сақтап келеді. Қарау көмегімен науқас ағзасының жағдайы туралы жалпы түсінік беріп қана қоймай, сонымен қатар «бір көргеннен» дұрыс диагноз (акромегалия, тиреотоксикалық жемсау және т.б.) қоюға мүмкіндік береді. Науқасты қараған кезде анықталған патологиялық белгілер анамнез жинау мен кейінгі тексеруді жүргізуде маңызды ие атқарады.



Қарап көру ережелері. Науқасты қарап тексеретін бөлмеге жарық түсуі қажет. Науқасты қарап отырған бөлме тек жарық қана емес, жылы да болуы шарт. Науқасты алдымен тұрған қалпында, кейін жатқызып тексереді.

Сана-сезім жағдайын бағалау. Ол ашық сана, сонымен қатар бұлыңғыр сана болуы мүмкін. Зақымдалу дәрежесіне қарай сананың мына түрлерін анықталады: ступор (stupor), сопор (sopor), кома (coma).

Науқастың төсектегі қалпы. Белсенді, қозғалыссыз және мәжбүрлік қалыпта болуы мүмкін.

Белсенді жағдай салыстырмалы түрде жеңіл ауруларға, немесе ауыр аурудың бастапқы сатыларына сай келеді. Науқас жағдайға қарай өз қалпын жеңіл өзгерте алады.

Қозғалыссыз жағдай науқас айналасындағы өзгерістерге көңіл бөлмей, қозғалыссыз жатады. Науқастың басы мен аяқ-қолдары ауырлық салмағына қарай салбырап, денесі жастықтан төмен кереуеттің аяқ жағындағы соңына қарай сырғиды.

Мәжбүрлік қалпы науқас жағдайын жеңілдетуге, мысалы, ауыру сезімін, я ентікпені азайтуға бағытталған қалпы. Мысалы, жүрек ауруымен ауыратын адамдар көбінесе оң жақ қырымен жатқанды ұнатады, себебі сол жағында жатқанда жүрек соғысы жиілеп ентігу, ентігуі күшейеді.

Тері қабатын зерттеу. Терінің түсіне, серпімділігіне, ылғалдылығына, әртүрлі бөртпелер мен тыртықтарға көңіл аудару керек.

Терінің түсі тері тамырларының қанмен толығу дәрежесіне, дақтардың санына және сапасына, терінің қалыңдығы мен мөлдірлігіне байланысты болады. Бозарған тері тері тамырларының қанмен толығуы жеткіліксіз болғанда (шығу тегі әртүрлі тері тамырларының тарылуы, коллапс кезінде қанның кеңейген құрсақ қуысы тамырларында жинақталуы, анемияда) байқалады. Анемияның кейбір түрінде бозарған тері өзіндік түске ие болады: сарғыш - Аддисон-Бирмер анемиясында, жасыл реңді - хлорозда (қыздардағы теміртапшылық анемияның ерекше түрі), жердің түсі тәрізді – қатерлі өспелердегі қаназдықта, темекі күлі немесе қоңыр түс – безгекте және «сүт қатылған кофе» түсі – жітілеу бактериалды (септикалық) эндокардитте кездеседі. Бірақ кейде дені сау адамның өзінде тері асты тамырларының нашар дамуынан бет әлпетінің бозғылт тартуы байқалады.

Тері түсінің қызаруы қызба кезінде, жоғары немесе төменгі температуралық жағдайда жұмыс істейтіндердің денесінің тұрақты қызуы, сонымен қатар ұзақ уақыт бойы ашық күн сәулесінің астында болғанда (күнге күю) байқалады. Тұрақты қызыл түсті тері эритремиямен ауыратындарда кездеседі. Кейбір науқастар жағдайында терінің түсі көкшіл тартады, оны көгеру (цианоз) деп атайды. Терінің мұндай реңі қанның құрамындағы бұрынғы қалпына келтірілген гемоглобиннің көбеюіне байланысты болады. Оның екі түрлі себебі бар: бірінші шеткі қан айналымның нашарлауы, екіншісі өкпедегі газ алмасудың жетіспеушілігі. Кейде осы екі себеп те қатар кездеседі, яғни бір адамның басынан кездеседі. Адамның терісі мен кілегей қабаттары сары түске боялуы кездеседі, оның себебі қанның құрамындағы бнемесерубиннің көбеюі болып табылады. Патологиялық бояулардың ішінен терінің қола тәрізді түсін ерекше атап өткен жөн. Мұндай өзгерістер бүйрек үсті безі аурулары, гемохроматоз ауруларының нәтижесінде дамиды. Алдымен бет, мойын, қол сияқты ашық жерлерде, қолтық астында, жыныс мүшелерінде, бел тұсында, ауызда дақ түрінде тарайды. Алақан мен табан терісі, тырнақ, кілегей қабақтар түсін айтарлықтай өзгертпейді. Теріні қараған кезде кей жерлерінде пигментациясы жоғалған ошақтарды (vІ)tІ)lІ)go) көруге болады.

Қолмен сипалап қарау нәтижесінде терінің созылғыштығын және қатаюын, бір сөзбен тургорын анықтауға болады. Терінің тургорын анықтау үшін оны екі саусақтың арасында қыртыстайды. Қалыпты жағдайда тер қыртысы берік, тығыз болады және қолды босатқан уақытта тез арада бұрынғы қалпына келеді. Қартайғанда сұйықтықты жоғалтатын кейбір созылмалы ауруларда, қатты азған кезде терінің беріктігі кеміп, оңай қыртыстанады.

Терінің түсін анықтап болған соң оның ылғалдылығы зерттеледі, қатты терлеу (гипертиреоз, гипогликемия, дене қызғанда, туберкулез, экссудативті плеврит, іріңді сырқаттар, жұқпалы аурулар) ауруларына тән. Терінің құрғақшылығы организмнің суды көп жоғалтуы (диарея, құсу), қантты және қантсыз диабет, қалқанша безінің қызметінің нашарлауы (микседема) қатты жүдеген шақтарда кездеседі.



Тер бетіндегі бөртпелер сипаттамасы әртүрлі: нүктелік петехиялар, розеола, эритема, есекжем, ұшық, т.б. Ол жұқпалы аурулар кезінде кейде бірден диагноз қоюға, немесе оны басқа аурулардан ажыратуға мүмкіншілік туғызады.

Тері асты май қабатын зерттеу. Тері асты май қабатын теріні зерттеумен қатар жүргізеді. Ол кіндік тұсындағы теріні жиырып, қаншалықты жақсы дамығанын анықтайды. Көбіне тері асты май қабаты адамның жалпы салмағына сай келеді. Семіру (adІ)posІ)tas), яғни тері асты май қабатының шектен тыс артық дамуы ішкі және сыртқы ортаның әсер етуінен болады. Ішкі себептерге эндокрин жүйесінің қызметінің бұзылуы жатса, ал экзогендік себептерге тамақ саулық, аз қозғалғандық, арақ-шарапты көп ішкендік жатады. Адамның жүдеп азуы тері асты май қабатының азаюына әкеліп соғады. Мұндай жағдайды алиментарлық дистрофия деп атаймыз. Асқазан-ішек жолдары ауруларымен сырқаттанған кезде науқастың тәбеті төмендеумен қатар асқорыту және сіңіру үдерістері бұзылады. Ал көптеген ауруларда (қарын қалтқысының, өңештің тарылуы, созылмалы бүйрек қызметінің жетіспеушілігі) жиі құсудың нәтижесінде организм қажетті су мөлшерінен және қоректік заттардан айырылып, науқастың салмағы азаяды. Қатты жүдеуді кахексия деп атайды, оған көптеген аурулар себепкер болады: қатерлі ісіктер, созылмалы жұқпалы аурулар (туберкулез және т.б.), ұзаққа созылған уланулар, эндокриндік және психикалық аурулар.

Сүйектер мен буындарды қарау. Оларды зерттегенде конфигурациясына, өзгерудің бар-жоғына, ісінуіне, сипалап және соғып қарағанда ауырған не ауырмайтынына, буындардың сықырлауына, активті және пассивті қозғалыстарына көңіл бөледі. Жіті сарып ауруы кезінде бірнеше буындардың ісінуі, қызаруы байқалып, сондай-ақ оған бірінде жоғалып, екіншісінде қайталанатын ауырсыну сезімі тән. Жұқпалы полиартритте қабыну, т.б. өзгерістер біртіндеп дамып, ревматоидты артриттің соңында буындар қысаяды. Сүйектердің сынуға бейімділігі кальций жетіспеушілігінен болады. Буындарды қарап тексеруді белгілі тәртіппен жүргізуі тиіс. Әрбір буынның жалпылама көрінісін (ісінуі, қисаюы пішін өзгерісі дефигурациясы), үстіндегі терінің қызаруы мен ыстығының бар-жоғын, пальпация кезінде ауыру-ауырмауын, қозғалыс көлемін түгел анықтауымыз керек. Кей жағдайда буындардың ісінуі буынның жан-жағындағы жұмсақ тіндердің қабынуынан (периартрит, бурсит) болады, буынның бұл кезде құрылысы өзгермейді.

Аяқ-қолдарды қарап және тексеру кезінде олардың ісінуі, веналардың варикозды кеңеюі, ойықтар мен тыртықтардың бар-жоғы анықталады. Адам алақанының ұлғаюы акромегалияға тән.

Әсіресе «барабан таяқшалары тәріздес саусақтардың», яғни аяқ-қолдың тек қана соңғы фалангаларының дөңгеленіп үлкеюінің диагностикалық маңызы зор. Осы кезде саусақтардың тырнақтары сағат әйнегі тәріздес болып дөңестенеді. Бұл симптомның патогенезі осы уақытқа дейін белгісіз. Бұл белгілер өкпедегі рііңді аурулар, жүректің туа біткен ақаулары, созылмалы сепсистік эндокардит, бауыр циррозы, артерия-веноздық аневризма ауруларында жиі кездеседі.

Саусақтардың кенеттен бозаруы мен қантамырларының түйілуі – Рейно ауруы, жіті нефрит, гипертонияда болады.



Табанды қарағанда оның формасына көңіл аудару керек (майтабан). Тізе сүйектерінің әркелкі қалыңдауы периостит, кейде мерездік этиологиялы болуы мүмкін.
Каталог: kafedra -> terap bak
kafedra -> Учебно-методический комплекс по дисциплине «культурология» Для направления 521400
kafedra -> Побічна дія ліків
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Пән коды: tkn мамандық : «Дәрігерлік емдеу ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
terap bak -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет