ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының


) Тақырыбы №1. Пропедевтикалық клиниканың міндеттері. Ауру тарихының схемасы. Науқастарды сұрастыру. Жалпы тексеру



бет9/38
Дата07.05.2017
өлшемі7,25 Mb.
#15851
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38

1) Тақырыбы №1. Пропедевтикалық клиниканың міндеттері. Ауру тарихының схемасы. Науқастарды сұрастыру. Жалпы тексеру.

2) Мақсаты: Науқастарды тексеру әдістерін, сонымен қатар жеке клиникалық белгілердің көріністері және олардың пайда болу механизмдерін үйрену, науқастарды тексеру жоспарымен, ауру тарихының схемасымен, сұрастыру әдістемесімен, кезеңділігімен, негізгі шағымдарды анықтау және олардың сипаттамасымен, ауру және өмір тарихымен таныстыру, науқасқа дұрыс, кезеңді жалпы қарауды жүргізуді үйрену.

3) Оқыту мақсаты:


Студент білуі керек:

  • науқасты тексеру жоспарын

  • науқасты сұрастыру жоспарын

  • науқасты сұрастыру әдістемесін

  • медициналық құжаттардың, ауру тарихының құрылымы мен маңызы

  • медициналық этика және деонтология сұрақтары

Студент үйреніп алуы қажет:

  • науқасқа дұрыс, кезеңді жалпы қарауды жүргізуді үйрену

  • науқасты ауру тарихы сызбасы бойынша сұрастыруды жүргізу

4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ауруды қалай анықтауға болады?

  2. Аурудың симптомдары дегеніміз не?

  3. Қандай симптомдар субьективтіге жатады?

  4. Қандай симптомдар обьективтіге жатады?

  5. Науқасты сұрастыру барысында нені анықтаймыз?

  6. Диагностикалық зерттеу әдістері қалай бөлінеді?

  7. Науқасты тексерудің негізгі клиникалық әдістерін атаңыз.

  8. Науқасты тексерудің қосымша клиникалық әдістерін атаңыз.

  9. Пассивті қалып дегеніміз не?

  10. Белсенді қалып дегеніміз не?

  11. Мәжбүрлі қалып дегеніміз не?

  12. Сананың бұзылу деңгейлерін атаңыз.

  13. Дене конституциясына түсінік беріңіз.

  14. Тері жабындысы қалай өзгеруі мүмкін?

  15. Жалпы қарауды жүргізу әдістемесі.

  16. Науқастың жалпы жағдайын бағалау.

  17. Сананың бұзылу түрлері.

  18. Науқастың төсектегі қалпы.

  19. Дене бітімінің түрлері.

  20. Науқастың тері жабындысының жағайына баға беру.

  21. Шаш пен түкті жабындылардың өзгеруі.

  22. Тері асты май қабатының даму дәрежесін анықтау.

  23. Шеткері лимфа түйіндерін тексеру.

  24. Шеткері ісінулерді анықтау.

  25. Бұлшықеттің даму деңгейі мен күшін зерттеу.

  26. Буындарды зерттеу.

5) Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топпен жұмыс, жағдайларды талдау

6) Әдебиет:

негізгі:

қосымша:

7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.)

Сұрақтар:

  1. Цианоздың түрлері.

  2. Тері асты май қабатының даму дәрежесін қалай анықтауға болады?

  3. Кахексия деген не?

  4. Анасарка деген не?

  5. Ісіктерді қалай анықтауға болады?

  6. Экзофтальм деген не?

  7. «Каротидтер биі» симптомын сипаттап беріңіз.

  8. Жемсау дегеніміз не?

  9. «Барабан таяқшалары» және сағат әйнектері тәрізді тырнақ белгілері қандай ауруларға тән?

  10. Дермографизм деген не?



Тесттер:


1. Жүрек-тамыр жүйесіне жатпайды:

а) жүрек;

б) үлкен қан айналым шеңбері;

в) кіші қан айналым шеңбері;

г) қақпа вена жүйесі;

д) лимфа жүйесі.

2. Кіші қан айналым шеңберінің негізгі қызметі:

а) мүшелерді артериялық қанмен қамтамасыз ету;

б) өкпе перфузиясын қамтамасыз ету;

в) оттегімен қаныққан артериялық қанды жүректің сол бөліміне

жеткізу;

г) адекватты өкпе вентиляциясы;

д) ешқайсысы емес.

3. Жүректе қандай қуыс жоқ:

а) сол жүрекше;

б) оң жүрекше;

в) қарыншааралық перде;

г) сол қарынша;

д) оң қарынша.

4. Тыныс алу жүйесіне келесі мүшелер кіреді:

а) жоғарғы тыныс алу жолдары;

б) төменгі тыныс жолдары;

в) өкпе және плевра;

г) тыныс алу қимылын қамтамасыз ететін қосымша аппарат;

д) барлық аталғандар.

5. Жоғарғы тыныс жолдарына жатпайды:

а) мұрын қуысы;

б) мұрын жұтқыншақ;

в) жұтқыншақ;

г) ауыз қуысы;

д) көмей.

6. Төменгі тыныс жолдарына жатады:

а) мұрын қуысы;

б) мұрын жұтқыншақ;

в) жұтқыншақ;

г) көмей;

д) бронхылар.

7. Құрсақ қуысы аймағына жатпайды:

а) мезогастрий;

б) эпигастрий;

в) гипогастрий;

г) бұғана асты.

8. Пепсиноген асқазанның қандай жасушаларынан бөлінеді?

а) негізгі жасушаларымен

б) жабынды

в) қосымша

г) дұрыс жауабы жоқ

д) барлық аталғандар

9. Асқазанның шырышты қабатында қандай топ бездері бар?

а) кардиалды бездер

б) антралды

в) фундалды

г) барлық аталғандар

д) дұрыс жауабы жоқ

10. Тұз қышқылының бөлінуін тежейтін факторлар:

а) вазоинтестиналды полипептид (түрі)

б) гастроинтестиналды полипептид

в) соматостатин

г) Н+ иондарының жоғары концентрациясы

д) барлық аталғандар

11. Интраперитонеалды ... басқаның барлығы орналасады.

а) асқазаннан

б) аш ішектен

в) көлденең өрбеуші ішектен

г) сигма тәрізді ішектен

д) жоғары және төмен өрлеуші ішектерден

12. Мезопеританеалды ... орналасады.

а) жоғары және төмен өрлеуші ішектер

б) аш ішек

в) көлденең өрбеуші

г) талақ және бауыр

д) асқазан

13. Құрсақ қуысында ... басқаның барлығы орналасады.

а) асқазаннан

б) аш және тоқ ішектерден

в) бауыр және ұйқы безінен

г) талақ, бүйректерден

д) тік ішектен

14. Мүшелердің интраперитонеалды орналасуы дегеніміз:

а) барлық жағынан висцералды ішастармен қапталуы

б) үш жағынан қапталуы

в) бір жағынан қапталуы

г) екі жағынан қапталуы

д) барлық аталғандар

15. Асқазан келесі бөлімдерден тұрады:

а) кардиалды бөлім

б) асқазан түбі

в) денесі

г) үлкен иірім

д) барлық аталғандар

16. Өңеш неше физиологиялық тарылудан тұрады:

а) үш


б) екі

в) бір


г) төрт

д) бес


17. Аталған перкуссия түрлерінің қайсысы терең перкуссияға жатады:

а) салыстырмалы;

б) қатты;

в) топографиялық;

г) әлсіз;

д) тікелей.

18. Аталған перкуссия түрлерінің қайсысы аспаптық перкуссияға жатады:

а) салыстырмалы;

б) топографиялық;

в) тікелей;

г) тікелей емес;

д) терең.

19. Науқастың жалпы жағдайын бағалау:

а) ауыр;


б) қанағаттанарлық;

в) орташа;

г) өте ауыр;

д) жеңіл.

20. Сананы бағалау:

а) анық;


б) ступор;

в) сопор;

г) кома;

д) көңілді.

21. Науқастың төсектегі қалпын бағалау:

а) пассивті;

б) мәжбүрлік;

в) активті;

г) ортопноэ.

22. Дене конституциясының түрлері:

а) астеникалық

б) нормостеникалық

в) семіздік

с) гиперстеникалық

23. Ісінулер диффузды «жұмсақ» көбінесе науқастың бетінен көрінеді. Ол таңертең көбейіп, кешке қарай азаяды, терінің бозаруымен қатар, ісінудің түрін көрсетіңіз:

а) жүректік ісінулер;

б) бүйректік ісінулер;

в) аллергиялық ісіну;

г) қабынулық ісіну;

д) гипотериоз (микседема).

24. «Пропедевтика» термині ... дегенді білдіреді.

а) оқу


б) оқыту

в) кіріспе

г) диагностика

д) емдеу


25. Тұқым қуалаушылық туралы мәлімет анамнездің қай бөліміне жатады?

а) паспорттық бөлім

б) шағымдары

в) ауру тарихы

г) өмір тарихы

д) эпид. анамнез

26. Науқас қоршаған ортаға бейқам, сұрақтарға жауап береді, қарашықтық және сіңірлік рефлекстері сақталған. Оның санасын қалай бағалайды?

а) анық


б) бұлыңғырланған

в) ступор

г) сопор

д) кома


27.Өкпесінің созылмалы ауруы бар науқастарға қандай кеуде қуысының формасы тән?

а) астеникалық

б) гиперстеникалық

в) воронка тәрізді

г) бөшке тәрізді

д) кифосколиотикалық

28.Пальпация арқылы ... басқасының барлығын анықтай алады.

а) кеуде қуысының серпімділігінен

б) дауыс дірілінен

в) өкпе шекарасынан

г) кеуде қуысының ауырсуынан

д) тері асты сықырдан

29. Аталған топографиялық сызықтардың ішінде ... сызығынан басқасы кеуде қуысының алдыңғы бөлігінде орналасқан.

а) артқы ортаңғы

б) төс

в) төс маңы



г) бұғана ортаңғы

д) алдыңғы ортаңғы

30. Аталған топографиялық сызықтардың ішінде қайсысы жұпсыз сызық?

а) төс


б) жауырын

в) бұғана ортаңғы

г) артқы-қолтықасты

д) ортаңғы-қолтықасты

31.Перкуторлы дыбыстың максималды ену тереңдігі:

а) 2 см


б) 3 см

в) 7 см


г) 10 см

д) 0,5 см

32. Ішкі аурулардың аспапты аускультациясын алғаш рет өңдеп және енгізген ғалым кім?

а) Авиценна

б) Ауэнбруггер

в) Гиппократ

г) Образцов

д) Лаеннек

33. Ятрогенді реакция – бұл ... шақырылған жағдай.

а) тағаммен улы заттарды қабылдаумен

б) дәрігердің әсерінен (мед.қызметкердің)

в) методологиялық факторлар

г) эмоционалды күйзеліспен

д) артық физикалық жүктемемен

34. Кеуде қуысының алдыңғы-артқы және бүйір өлшемдері бірдей. Кеуде қуысының мұндай түрі қалай аталады?

а) нормостеникалық

б) паралитикалық

в) эмфизематозды

г) килетикалық

35.Перкуссия ... тексеруде маңызды орынға ие болады.

а) өкпені

б) ішекті

в) бүйректі

г) қуықты

36. Пальпация әдісімен ... басқаның барлығын анықтауға болады.

а) кеуде қуысының резистенттілігінен

б) дауыс дірілінен

в) тері тургорынан

г) өкпе шекараларынан


Есептер:

Есеп № 1

Науқас ұйықтап жатыр, тынысы терең, сырылды. Оны ояту мүмкін емес. Ине егуде – қолын тартады.

Науқаста қандай жағдай?

Бұл қандай жүйелер мен мүшелердің ауруларында байқалады?



Есеп № 2

Науқастың беті көгерген, көздері тереңге енген, қарашықтары бұлыңғыр, бет әлпеті салбыраған, мұрны тіктелген, беті мұздай терімен жабылған.

Аталған симптомокешенді кім сипаттаған?

Бұл қандай ауруға тән?



Есеп № 3

Науқас екі қолымен төсекке сүйеніп отыр, аяқтары салбырап түскен. Айқын акроцианоз байқалады. Анасарка.

Науқастың оытрған қалпы қалай аталады?

Ол қандай жүйенің ауруларын тән?



Есеп № 4

Науқастың тері асты май қабаты кіндік аймағында 6 см.

Тері асты май қабатының даму дәрежесі қандай? (қанағаттанарлық, жақсы, нашар)

Мұндай жағдай қалай аталады?



1) Тақырыбы №2: Тыныс алу ағзалары аурулары кезіндегі тексеру әдістері: сұрастыру, кеудені тексеру және пальпациялау, өкпе перкуссиясы мен аускультация.


2) Мақсаты: Науқастарды тексеру әдістерін меңгеру, студенттерді тыныс алу мүшелерінде патологиялары науқастарды сұрастыру әдістемесіне үйрету: кезеңділігіне, негізгі шағымдарын және олардың сипаттамасын анықтау, ауру тарихы мен өмір тарихын, жалпы және жергілікті қарау әдістемесін және кеуде қуысын пальпациялау, салыстырмалы және топографиялық перкуссия жүргізу және олардың диагностикалық маңызын, өкпе аускультациясы техникасын меңгеру.


3) Оқыту мақсаты:


Студент білуі керек:

  • Қарауды жүргізудің кезеңділігі және анықталған ауытқуларды интерпретациялау.

  • Кеуде қуысының қалыпты формалары.

  • Кеуде қуысының патологиялық формалары.

  • Тыныс алу түрлері.

  • Тыныс алу мүшелері аурулары кезіндегі тыныс алу ырғағының, жиілігінің және тереңдігінің бұзылуы.

  • Кеуде қуысын пальпациялаудың диагностикалық маңызы.

  • Кеуде қуысын пальпациялау әдістемесі.

  • Кеуде қуысының резистенттілігі туралы түсінік, олардың өзгерісін тудыратын себептер.

  • Дауыс дірілі туралы түсінік, олардың өзгерісін тудыратын себептер.

  • Науқасқа сұрастыру жүргізу.

Студент үйреніп алуы қажет:

  • Науқасты жалпы қарау, кеуде қуысын қарауды жүргізу.

  • Науқастың дене бітімінің түрін анықтау.

  • Тыныс алу түрін, жиілігін және ырғағын анықтау.

  • Кеуде қуысын пальпациялау.

  • Кеуде қуысына топографиялық сызықтарды (оң жақ және сол жақ): алдыңғы ортаңғы, төс, төс маңы, бұғана ортаңғы, қолтық асты, жауырын, омыртқа маңы және артқы ортаңғы (омыртқаның сүйір өсінділері бойынан) жүргізу.

  • Өкпеге салыстырмалы перкуссия жүргізу.

  • Өкпеге топографиялық перкуссия жүргізу.

  • Өкпенің төменгі шекарасын анықтау.

  • Өпкенің экскурсиясын анықтау.

  • Кренинг алаңының шекараларын анықтау.

  • Өкпе ұшының биіктігін оң және сол жақтан анықтау.

  • Тыныс алу мүшелері патологияларының әртүрлі түрлерінің диагностикалық аускультативті белгілерін ажырату.

  • Тыныс жеткіліксіздігінің жасырын және анық белгілерін анықтау.

4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Бронхөкпелік патологиялары бар науқастар қандай шағым білдіреді?

  2. Олардың пайда болу механизмі және әр шағымның сипаттамасы.

  3. Қарау жүргізудің кезеңділігі мен анықталған ауытқулардың түсіндірмесі.

  4. Кеуде қуысының түрлерін атаңыз.

  5. Тыныс алу түрлері.

  6. Тыныс алу мүшелері аурулары кезіндегі тыныс алу ырғағының, жиілігінің, тереңдігінің бұзылуы.

  7. Кеуде қуысын пальпациялаудың диагностикалық маңызы.

  8. Кеуде қуысын пальпациялау әдістемесі.

  9. Кеуде қуысының резистенттіліг туралы түсінік, өзгеру себептері.

  10. Дауыс дірілі туралы түсінік, өзгеру себептері.

  11. Перкуссияны физикалық негіздері.

  12. Перкуссияның ережесі мен жүргізу техникасы.

  13. Перкуссияның түрлері.

  14. Кеуде қуысының топографиялық сызықтары және қабырғаларды санаудың шамалау нүктелері.

  15. Топографиялық перкуссияны жүргізу ережесі, өкпе шекараларын анықтау.

  16. Өкпенің қалыпты шекаралары.

  17. Тыныс алу мүшелері ауруларындағы өкпе үстіндегі перкуторлы дыбыстың нұсқалары.

  18. Өкпе тінінің ауаға толуының жоғарылауында перкуторлы дыбыстың өзгеруі.

  19. Өкпе тінінің тығыздалуында перкуторлы дыбыстың өзгеруі.

  20. Өкпе тінінде қуыс пайда болғанда перкуторлы дыбыстың өзгеруі.

  21. Өкпе тінінде сұйықтық жиналуында перкуторлы дыбыстың өзгеруі.

  22. Стетоскоп және фонендоскоптың құрылысы.

  23. Негізгі тыныс шуларының пайда болу механизмі.

  24. Тыныс шуларының физиологиялық өзгерістері.

5) Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік дағдыларды жасау

6) Әдебиет:

негізгі:

қосымша:

7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.)

Сұрақтар:

  1. Өкпе және плевра ауруларындағы өкпе шекараларының өзгеруі.

  2. Өкпе шекараларының өзгеруінің өкпеден тыс себептері.

  3. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясының мақсаты.

  4. Өкпеге салыстырмалы перкуссия жасаудың ережесі мен тәртібі.

  5. Аускультация әдісі, оны алғашқы рет кім ашқан.

  6. Аускультация түрлері, оның маңызы.

  7. Тікелей және тікелей емес аускультация, анықтамасы.

  8. Патологиялық тыныс шуларының түрлері, олардың пайда болу механизмі.

  9. Патологиялық шулардың диагностикалық маңызы.

  10. Бронхофония, әдістемесі және техникасы, анықтамасы.



Тесттер:

1. Пальпация негізделуі:

а) ағзаның көлеміне және саусақ сезіміне

б) көзге көрінетін өзгерістерді аңғаруға

в) тіндер тербелісінен пайда болғандыбыстарды аңғаруға

г) ағзаның қатты,жұмсақтылығына

д) организмде пайда болған дыбыстарды аңғаруға

2. Перкуссия негізделуі :

а) тіндер тербелісінен пайда болған дыбыстарды аңғаруға

б) ағзаның көлеміне және саусақ сезіміне

в) көзге көрінетін өзгерістерді аңғаруға

г) ағзаның катты, жұмсақтылығына

д) организмде пайда болған дыбыстарды аңғаруға

3. Пальпация әдісін айтарлықтай жетілдірген:

а) В. П. Образцов, Н. Д. Стражеско

б) Г. А. Захарьин

в) С. П. Боткин

г) Гиппократ

д) М. Я. Мудров

4. Перкуторлы дыбыстың негізгі параметрлері:

а) тіндер терендiгi

б) дыбыс ұзақтығы

в) тіндер тербелісі амплитудасы

г) дыбыс күші

д) ағза көлемi

5. Перкуторлы дыбыс қаттылығы ... байланысты.

а) перкуссия күшіне

б) дыбыс ұзақтығына

в) тіндер тербелісі амплитудасына

г) тіндер терендiгiне

д) ағза көлемi

6. Перкуторлы дыбыс ... қатты шығады.

а) ауалы мүшелерден

б) сұйыққа толған қуысты мүшелерден

в) тығыз мүшелерден

г) мүшелер қабынғанда

д) калыпты жагдайда

7. Перкуторлы дыбыстың әлсіреуі, тұйықталуы ... кездеседі.

а) сұйыққа толған қуысты мүшелерде

б) тығыз мүшені перкуссиялағанға

в) кеуде айтарлықтай қалыңдаса

г) перкуторлы дыбыс амплитудасы төмендегенде

д) ауалы мүшені перкуссиялағанда

8. Перкуторлы дыбыстың әлсіреуі, тұйықталуы ... кездеспейдi.

а) ауалы мүшені перкуссиялағанда

б) тығыз мүшені перкуссиялағанда

в) кеуде айтарлықтай қалыңдаса

г) сұйыққа толған қуысты мүшелер

д) перкуторлы дыбыс амплитудасы төмен болғанда

9. Перкуторлы дыбысты төмендететін негізгі әсер:

а) қабынғаннан мүшенің тығыздалуы

б) дыбыс толқындары амплитудасы төмендеуі

в) мүше тығыздығы

г) кеуденің айтарлықтай қалыңдауы

д) кеуденiн жұқаруы

10. Перкутор лы дыбысты күшейтетін негізгі әсер:

а) мүше ауалылығы өсуі

б) дыбыс толқындары амплитудасы өсуі

в) кеуденің жұқаруы

г) мүшеде ауалы қуыстың пайда болуы

д) кеуденiң жұқаруы



Есептер:

Есеп № 1

Науқас С., 45 жаста, терапиялық бөлімшеге тұншығу ұстамасымен келіп түсті. Обьективті: жағдайы орта ауырлықта, есі анық, айқын акроцианоз байқалады. Өкпеде ысқырықты құрғақ сырылдар, экспираторлы ентігу. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Зертханалық: қақырық анализінде үлкен көлемде эозинофилдер, Шарко-Лейден кристалдар, Куршман шиыршықтары.

Сұрақтар:

Бұл қай ауруға тән?

Диагнозды анықтау үшін тағы қандай қосымша тексерулер қажет?

Есеп № 2

Науқас Ж., 28 жаста, терапиялық бөлімшеге дене температурасының 390С –қа дейін көтерілуі, жөтел, ентігу, айқын әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Обьективті: жағдайы ауыр, есі анық, тері беткейлері бозарған. Өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс, оң жақ өкпеде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ – 26 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс.

Сұрақтар:

Сіздің болжам диагнозыңыз?

Диагнозды анықтау үшін тағы қандай қосымша тексерулер қажет?

1) Тақырыбы №3: Тыныс алу ағзалары аурулары кезіндегі синдромдар: өкпе тінінің тығыздалу, бронхтық өткізгіштіктің бұзылуы, плевра қуысында сұйықтық пен ауаның болуы.

2) Мақсаты: Студенттерді тыныс алу ағзалары аурулары кезіндегі синдромдарды: өкпе тінінің тығыздалу, бронхтық өткізгіштіктің бұзылуы, плевра қуысында сұйықтық пен ауаның болуын анықтауды үйрету.


3) Оқыту мақсаты:

Студент білуі керек:

  • Өкпе тінінің тығыздалу синдромының себептері, симптомдары, анықтау әдістері.

  • Бронхтық өткізгіштіктің бұзылуы синдромының себептері, симптомдары, анықтау әдістері.

  • Плевра қуысында сұйықтық пен ауаның болуы синдромының себептері, симптомдары, анықтау әдістері.

Студент үйреніп алуы қажет:

  • Жалпы қақырық аназизін талдау.

  • Қақырықты бактериологиялық егу мәліметтерін талдау.

  • Плевра сұйықтығын зерттеу мәліметтерін талдау.

  • Спирография мәліметтерін талдау.

  • Спирометрия мәліметтерін талдау.

  • Пикфлоуметрия мәліметтерін талдау.

  • Көкірек қуысы рентгенографиясының мәліметтерін талдау.

  • Аускультацияда анықталған мәліметтерін талдау.

4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы немен байланысты?

  2. Өкпе тінінің тығыздалу синдромы бар науқастар қандай шағымдар білдіреді?

  3. Өкпе тінінде қуыс пайда болу синдромы немен байланысты?

  4. Өкпе тінінде қуыс пайда болу синдромы бар науқастар қандай шағымдар білдіреді?

  5. Қандай жағдайларда плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромы байқалады?

  6. Транссудат деген не?

  7. Экссудат деген не?

8. Плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромына қандай белгілер тән?

9. Плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромының рентгенологиялық белгілерін атаңыз.

10. Қандай жағдайларда плевра қуысында ауа жиналу синдромы байқалады?

11. Плевра қуысында ауа жиналу синдромын рентгенологиялық тексеруде не анықталады?

12. Бронхофония, әдістемесі және техникасы, анықтамасы. Жүргізу тәртібі. Диагностикалық маңызы.

13. Өкпе тінінің тығыздалу, бронхтық өткізгіштіктің бұзылуы, плевра қуысында сұйықтық пен ауаның болуы синдромдарын тудыратын себептер.

14. Аталған синдромдарда туындайтын негізгі клиникалық көріністері, симптомдары:

А) шағымдары (ентігу, тұншығу), сипаттамасы.

Б) қарау осмотра, пальпация, перкуссия, аускультация мәліметтері.

15. Объективті тексеру мәліметтері.

16. Қосымша тексеру әдістері: рентгенографиялық әдіс, спирография.

17. Аталған синдромды туындауынан дамыған ауруға сай емдеу принциптері.



5) Білім берудің және оқытудың әдістері: муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс жасау

6) Әдебиет:

негізгі:

қосымша:

7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.):

Сұрақтар:

  1. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромына анықтама беріңіз.

  2. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы бар науқастардың шағымдарын атаңыз.

  3. Өкпе тінінде қуыс түзілу синдромына анықтама беріңіз.

  4. Өкпе тінінде қуыс түзілу синдромы бар науқастар қандай шағым білдіреді?

  5. Плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромына анықтама беріңіз.

  6. Плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромы бар науқастар қандай шағым білдіреді?

  7. Аталған синдромдардың даму механизмі. Диагностикалық маңызы.

  8. Транссудаттың экссудаттан айырмашылығы.

Тесттер:

  1. Өкпедегі ауа жиналу қуысының үстінен пайда болатын перкуторлы дыбысты атаңыз:

  1. қорапты

  2. қорап тәріздес

  3. тимпаникалық

  4. абсолютті тұйық

  5. тұйықталған

2. Крупозды пневмониясы бар науқастардың қызыл бауырлану сатысында зақымдалған бөлігінің үстінен туындайтын перкуторлы дыбысты атаңыз:

  1. қорапты

  2. қорап тәрізді

  3. тимпаникалық

  4. абсолютті тұйық

  5. тұйықталған

3. Ортаңғы қолтықасты сызығы бойынша өкпенің төменгі экскурсиясының қалыпты биіктігін көрсетіңіз:

  1. 1-3 см

  2. 2-4 см

  3. 3-5 см

  4. 4-6 см

  5. 6-8 см

4. Эмфизема кезінде туындайтын өкпедегі перкуторлы дыбысты атаңыз:

  1. тимпаникалық

  2. қорапты

  3. ашық өкпелік

  4. тұйықталған

  5. тұйық

5. Қай мүшені перкуссиялағанда тимпаникалық дыбыс береді:

  1. бұлшықет

  2. жүрек

  3. өкпе

  4. бауыр

  5. асқазан

6. Пальпация ... басқасын анықтауға мүмкіндік береді.

  1. серпімділігінен

  2. дауыс дірілінен

  3. өкпе шекараларынан

  4. ауырсынудан

  5. тері асты сықырдан

7.Дауыс дірілінің күшеюі ... байқалады.

  1. өкпе бөлігінің тығыздалуында

  2. плевра қуысында сұйықтық жиналуында

  3. плевра қуысында ауа жиналуында

  4. бронх саңылауы түгелдей бітелуінде

  5. семіздікте

8. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы туралы тұжырымында дұрыс емес:

  1. Перкуссияны науқасты тұрғызып не жатқызып жүргізу

  2. Плессиметр саусақ тығыз қойылады

  3. Перкуторлы соққыны білезік-шынтақ буынымен жүргізеді

  4. Перкуторлы соққы қысқа және үзікті болуы тиіс

  5. Перкуторлы соққы күші әлсіз болуы тиіс

9. Өкпе шекарасын анықтағанда плессиметр саусақтың қай қырынан белгілейді?

а) саусақтың сыртқы қырынан

б) ішкі қырынан

в) тұйықталған дыбыс жағына қараған қырынан

г) ашық өкпелік дыбыс жағына қараған қырынан

д) саусақтың жоғарғы қырынан

10. Кеуде қуысының алдыңғы беткейінде аталған топографиялық сызықтың ... басқасы орналасқан.

а) артқы ортаңғы

б) төс

в) төс маңы



г) бұғана ортаңғы

д) алдыңғы ортаңғы

11. Амфорлық тыныс ... байқалады.


    1. өкпенің ауалануының жоғары болуында

    2. бронхпен байланысатын қуыс болғанда

    3. тығыздалу болғанда

    4. плевра қуысында сұйықтық жиналғанда

    5. плевра қуысында қан жиналғанда

  1. Кіші калибрлі бронхтар тарылғанда естілетін сырылдар:

    1. ызыңдаған

    2. ысқырықты

    3. гуілдеген

    4. төмен

    5. жоғары

  2. Ылғалды сырылдар ... естіледі.

    1. плевра қуысында қабыну үдерісі болғанда

    2. бронхтар тарылғанда

    3. альвеолалар жабысқанда

    4. бронх қуысында сұйықтық жиналғанда

    5. плевра қуысында сұйықтық жиналғанда

  3. Альвеолада сұйықтық болғанда естілетін тыныстық шу ... деп аталады.

    1. сықыр

    2. ұсақ көпіршікті сырылда

    3. плевраның үйкеліс шуы

    4. құрғақ сырылдар

    5. ірі көпіршікті сырылдар

  4. Амфорлық тыныс ... кезінде естіледі.

    1. пневмосклероз

    2. өкпе эмфиземасы

    3. созылмалы бронхит

    4. пневмония

    5. өкпе абсцессі

  5. Сықыр ... естіледі.

    1. дем алу шыңында

    2. дем шығару соңында

    3. тыныс алудың екі фазасында да

    4. жөтелген соң

  6. Бронхтар саңылауында қоршап жатқан тіндердің патологиялық үдеріске қатысуынсыз сұйықтық жиналуында ... естіледі.

    1. жай естілетін ылғалды сырылдар

    2. ысқырықты сырылдар;

    3. сықыр

    4. қатты естілетін ылғалды сырылдар;

    5. гуілдеген құрғақ сырылдар

  7. Альвеолада аздаған экссудат болған кезде естілетін тыныстық шу:

    1. сықыр

    2. ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар

    3. плевраның үйкеліс шуы

    4. құрғақ ысқырықты сырылдар

    5. ызыңдаған сырылдар

  8. Тыныс алудың екі фазасында да естілетін, қарды басқанды еске түсіретін тыныстық шу:

    1. сырылдар

    2. сықыр

    3. плевраның үйкеліс шуы

    4. ызыңдаған сырылдар

    5. ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар

  9. Сыртқы тыныс алу қызметін анықтауға мүмкіндік беретін әдіс:

    1. Спирография

    2. Бронхография

    3. Томография

    4. Рентгеноскопия

  10. Сықыр қайда пайда болады?

а) кіші калибрлі бронхтарда

б) трахеяда

в) альвеолаларда

г) плевра жапырақшаларында

д) орта калибрлі бронхтарда

22. Рентгенологиялық науқастың оң жақ өкпесінде диаметрі 6 см бронхпен байланысатын қуыс байқалады, сіз қандай тыныстық шуыл естисіз?

а) әлсіреген везикулярлы

б) саккадирленген

в) қатаң

г) бронхиалды

д) тыныстық шулар болмайды

23. Сықырдың пайда болуының негізгі себебі:

а) экссудаттың альвеоладағы аздаған көлемі

б) бронхтар шырышты қабатының ісінуі

в) бронхоспазм

г) гидроторакс

д) бронхтарда тұтқыр қақырықтың жинақталуы

24. Құрғақ сырылдардың туындауына әкелмейді:

а) бронхтар саңылауының тарылуы

б) бронхтардың тегіс бұлшықетінің тарылуы

в) бронхтар шырышты қабатының қабынуы

г) өкпе тінінің серпімділік қасиетінің төмендеуі

25. Қатты тыныс ... байқалады.

а) өкпе тінінің тығыздалуында

б) көмейдің тарылуында

в) бронхтардың тарылуында

г) пневмоторакста

д) өкпедегі қуыстарда

26. Плевраның үйкеліс шуы ...естіледі.

а) экссудативті плевритте

б) құрғақ плевритте

в) гидроторакста

г) пневмоторокста

д) эмфиземада

27. Өкпенің қай синдромында перкуторлы тұйық байқалып, тыныс шулары болмайды?

а) өкпе инфильтратында

б) эмфиземада

в) пневмоторакста

г) гидроторакста

д) дренаждалған өкпе абцессінде

28. Везикулярлы тыныстың әлсіреуі ... болады.

а) жоғары температурада

б) арық кеуде қуысында

в) өкпедегі қуыстарда

г) экссудативті плевритте

д) өкпе тінінің серпімділігінің төмендеуінде

29. Құрғақ сырылдардың пайда болу механизмі қандай?

а) бронхоспазм

б) бронхтарда сұйық экссудаттың болуы

в) альвеола қабырғаларының серпімділігінің жоғалуы

г) плевра жапырақшаларының кедірлігі

д) альвеола қабырғаларының экссудатпен қанығуы

30. Сырылдың пайда болу орнына ... жатады.

а) альвеолалар

б) бронхтар

в) плевралды қуыс

г) дауыс саңылауы

д) трахея




Есептер:

Есеп №1

Науқастың бронхтары тарылған. Өкпені тыңдағанда қандай тынысты анықтауға болады? Оның пайда болу механизмін түсіндіріңіз.



Есеп №2

Өкпенің барлық беткейінде қатаң тыныс естіледі. Оның пайда болу себебін атаңыз?



Есеп №3

Науқаста айқын өкпе эмфиземасы. Өкпе аускультациясында қандай тынысты анықтауға болады? Оның пайда болу механизмін түсіндіріңіз.



Есеп №4

Рентгенологиялық тексеруде науқастың оң жақтағы 7 қабырға деңгейіне дейін плевра қуысында сұйықтық анықталды. Өкпе аускультациясында қандай тынысты анықтауға болады?



Есеп №5

Тыныс алу жүйесі бойынша тексеру кезінде науқаста келесі обьективті белгілер анықталды: тыныс алу жиілігі – минутына 30 рет; дауыс дірілі сол жақ жауырын астынан бірден әлсіреген. Салыстырмалы перкуссияда сол жақта - тимпаникалық тыныс. Тыныс алудың сипаты қандай болады сол жақта (везикулярлы, бронхиальды қатаң, везикулярлы әлсіреген)?



1) Тақырыбы №4. Қанайналым ағзалары ауруларын зерттеу әдістері. (сұрастыру, ірі қантамырлар мен жүрек аймағын тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация).


2) Мақсаты: Қанайналым жүйесінде аурулары бар науқастарға сұрастыру жүргізуді үйрену. Жүрек аймығын қарау және пальпациялау әдістемесін меңгеру. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастардың диагностикалық белгілерін анықтауды үйрену.


3) Оқыту мақсаты:

Студент білуі керек:

  • Жүректің физиологиясын.

  • Жүрек қақпақтарының құрылысын.

  • Коронарлық қанайналымды.

  • Жүрек қызметінің физиологиясын.

  • Артериялардың анатомиялық орналасуын: шынтақ, самай, ұйқы, тобық артерияларын, тізе асты, сан, бұғана асты.

Студент үйреніп алуы қажет:

  • Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастарға сұрастыру жүргізу.

  • Анамнезінен аурудың басталуын, нашарлау жиілігін, себептерін және оның туындау жағдайларын анықтау.

  • Өмір тарихынан бастан өткерген ауруларын, өмір сүру және жұмыс жағдайларын, «зиянды әдеттерін», тұқым қуалаушылық бейімділігін, эндокринді бұзылыстарын, климаттық-ауа райылық жағдайлардың әсерін анықтау.

  • Патологиялық эпигастралды пульсацияны физиологиялықтан айырмашылығын ажырату.

  • Тамырлардың пальпациясын: шынтақ, самай, ұйқы, тобық артерияларын, тізе асты, сан, бұғана асты.

  • Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастардың мәжбүрлі қалпының нұсқаларын сипаттау.

4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тамырларды қарау және пальпациялау әдістерімен тексеру.

  2. Пульстік толқынның таралуы немен байланысты?

  3. Пульстік толқынның таралу жылдамдығы.

  4. Тамырлардың пальпациясы.

  5. Сфигмография, анықтамасы және қасиеттері.

  6. Сфигмографияның түрлері: тіке және көлемді.

  7. Артериалды пульстің қасиеттері.

  8. Везикулярлы тыныстың капиллярлық өзгерісін тексеру: әлсіреуі және күшеюі.

  9. Көктамыр пульсін тексеру. Флебография.

  10. Артериалды гипертензия туралы түсінік.

  11. Артериалды қысымның физиологиялық тербелісі.

  12. Қалыпты сфигмограмманың құрылымы.

  13. Капилляроскопия әдістері.

  14. Жүрек-қантамыр патологиялары бар науқастар қандай шағымдар білдіреді?

  15. Әр шағымның пайда болу механизмі мен сипаттамасы.

  16. Қарауды жүргізу кезеңділігі мен анықталған ауытқуларды талдау.

  17. Артерия, көктамырдың құрылысы.

  18. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды жалпы және жергілікті қарау анықталатын жиі байқалатын симптомдарын белгілеу.

  19. Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларындағы шағымдары және олардың пайда болу механизмі.

  20. Анамнезді жинауда науқастардан нені анықтау қажет.

  21. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастарын жалпы қараудың қандай ерекшеліктері тән.

  22. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастардың анамнезін жинау ерекшелігі.

5) Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік дағдыларды жасау

6) Әдебиет:

негізгі:

қосымша:

7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.)

Сұрақтар:

  1. «Жүрек дөңесі», анықтамасы, оның туындау себептері.

  2. Жүрек түрткісі, анықтамасы, оның туындау себептері.

  3. Жүрек ұшы түрткісі, анықтамасы, оның туындау себептері.

  4. Диастолалық және систолалық діріл, анықтамасы, оның туындау себептері.

  5. Тамырлар пальрациясының әдісі. Шынтақ артериясын пальпациялау.

  6. Артериалды пульсті анықтау.

  7. Артериалды пульстің қасиеттерінің сипаттамасы: ырғағы, жиілігі, қысымы, толымдылығы, биіктігі, формасы.

  8. Сфигмографиялық зерттеу әдісінің маңызы.

Тесттер:

1.Жүрек-тамыр жүйесіне жатпайды:

а) жүрек


в) үлкен қанайналым шеңбері

г) кіші қанайналым шеңбері

д) қақпа көктамырының жүйесі

е) лимфа жүйесі

2. Кіші қанайналым шеңберінің негізгі қызметі

а) ағза мүшелеріне артериалды қанда жеткізу

в) өкпе перфузиясын қамтамасыз ету

г) жүректің сол жағына оттегіге қаныққан артералды қанды жеткізу

д) адекватті өкпелік желдету

е) аталғандардың ешқайсысы емес

3. Жүректің қандай камералары бар?

а) сол жүрекше

в) оң жүрекше

г) қарыншааралық перде

д) оң қарынша

е) сол қарынша

4. Жүрек қызметі келесі фазалардан тұрады:

а) жүрекше систоласы

в) жүрекше диастоласы

г) қарынша систоласы

д) қарыншадиастоласы

е) барлық аталғандар

5. Үлкен қанайналым шеңберіне жатпайды:

а) қолқа


в) өкпе сабауы

г) төменгі қуыс вена

д) жоғарғы қуыс вена

е) бүйрек артериясы

6. Кіші шеңбер ... басталады.

а) қолқадан

в) өкпе сабауынан

г) төменгі қуыс венадан

д) жоғарғы қуыс венадан

е) өкпе веналарынан

7. Сол жүрекше мен сол қарыншаның арасында ... болады.

а) үшжармалы қақпақ

б) митралды қақпақ

в) қолқаның жарты ай тәрізді қақпағы

г) өкпе сабауының жарты ай тәрізді қақпағы

д) аталғандардың барлығы

8.Жүректің сол жақ контуры ... түзілген.

а) қолқамен

б) сол жүрекшемен

в) сол қарыншамен

г) оң қарыншамен

д) өкпе сабауымен

9. Жүректің оң жақ контуры ... түзілген.

а) оң жүрекшемен

б) оң қарыншамен

в) өкпе сабауымен

г) қуыс веналармен

10.ЭКГ-дағы стандартты тіркемелерді көрсетіңіз:

а) avL V1 V2

б) avF V4 V3

в) I II III

г) avR V5 V6

д ) avL avF avR


Есептер:

Есеп №1

45 жастағы ер кісі, ангинозды ұстамадан кейін 4 сағаттан соң қарқынды терапия палатасына түсті. Шағымдары төс артының қатты басыр ауыруы, ол сол қолға, иыққа, жауырынға, жаққа таралуы, өлімнен қорқу сезімі. Нитроглицеринді қабылдаудан кейін жеңілдік тумайды.

Объективті: жағдайы ауыр. Тері беткейі бозарған, салқан тер, еріндері көгерген. АҚ 80/60 мм с.б.б., РS-110/соққы мин. Аритмиялық. Жүрек тондары тұйықталған, шоқырақ ырғағы. Өкпеде везикулярлы тыныс. Тыныс алу жиілігі 16 рет минутына.

Сұрақтары:

1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромдарын анықтаңыз.

2. Тексеру жоспары

3. Емдеу принциптері. Шұғыл көмек.

Есеп №2

Науқас М, 50 жаста. Кардиологқа 500 м қашықтыққа жүргенде, баспалдақпен бірінші қабаттан көтерілгенде, салқын ауаға шыққанда туындайтын төс артының ауырсынуына, ауырсынудың сол иыққа, мойынға таралуына шағымданып келді. Ауырсыну сезімі жүргенді тоқтатқанда немесе нитроглицерин таблеткасын қабылдағаннан кейін 3-5 мин соң басылады.

Объективті: жағдайы орта ауырлықта. Қабақтарда ксантелазмалар байқалады, АҚ 150/100 мм с.б.б. РS-88 соққы 1 мин. Ырғағы аздап қысымды. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы: төстің оң жағы мен оң жақ қыры. Сол жақ V қабырғааралығында бұғана ортаңғы сызығы бойынша. Жоғарғы II қабырғааралықта. Cor тондары жүрек ұшында I тон әлсіреген, қолқа үстінде ІІ тонның металдық акценті. Өкпеде везикулярлы тыныс естіледі.

Сұрақтары:

1. Сіздің болжам диагнозыңыз негіздеуімен?

2. Тексеру жоспары.

3. Емдеу принциптері.

Есеп №3

Науқас М. түнгі уақытта төс артындағы ұстама туындады, нитроглицеринге зорға басылады. Физикалық жүктемені жақсы көтереді. Ұстама кезінде түсірілген ЭКГ-да инфаркт тәріздес өзгеріс байқалады, бұл өзгерістер ұстамаларды басқаннан кейін бірнеше минуттан соң ЭКГ ізсіз жойылады.

Сұрақтары:

1. Болжам диагнозы? Тексеру жоспары.

2. Науқастың мұндай жағдайын қалай сипаттайсыз?

3. Бұл науқастарға қандай препараттарды тағайындаған жөн?



4. Болжамы қандай?

1) Тақырыбы №5: Қанайналым ағзалары аурулары кезіндегі синдромдар: коронарлық жеткіліксіздік, артериалды гипертензия, жүрек функциясының жеткіліксіздігі. Шұғыл жәрдем.

2) Мақсаты: Жүрек-тамыр жүйесі ауруларындағы негізгі синдромдарын: коронарлы жетіспеушілігі, артериалды гипертония, жүрек жетіспеушілігі (стенокардия, инфаркт) бар науқастарға сұрастыру жүргізуді үйрену. Себептерін, симптомдарын, олардың механизмдерін, диагностика әдістерін оқыту.


3) Оқыту мақсаты:

Студент білуі керек:

  • Жүрек жетіспеушілігінің негізгі симптомдарын.

  • Артериалды гипертонияның негізгі симптомдарын.

  • Жіті жүрек жетіспеушілігінің негізгі симптомдарын.

  • Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің негізгі симптомдарын.

  • Артериалды қысымды өлшеу техникасын.

Студент үйреніп алуы қажет:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет