ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Медициналық этика және деонтология» Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет2/6
Дата31.01.2018
өлшемі1,02 Mb.
#37105
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6

кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д., профессор М.Ә. Бөлешов

Терапия

кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д., профессор м.а. Э.К. Бекмурзаева

«Қоғамдық пәндер»

кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.к., доцент К.Б.Кемелбеков

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


«№2 қоғамдық денсаулықты сақтау » кафедрасы


CИЛЛАБУС
Пәні: « Медициналық этика және деонтология »

Мамандығы: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағатының көлемі (кредиттің)- 135сағат (3кредит)

Курсы және оқу семестрі-IIIкурс, Vсеместр

Шымкент 2013 ж

Силлабус жұмыс бағдарламасына сәйкес дайындалған.

Жұмыс бағдарламасы «№2 қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедра мәжілісінде талқыланды.

Хаттама №____ «____» ____________ 2013ж.


Кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор м.а. А.М.Жаксыбергенов

7. Оқытушылар туралы мәлімет:

  1. Заведующий кафедрой: Жаксыбергенов Абай Маратович, м.ғ.д., профессор., м.а..Қазақ тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

  2. Султанбеков Касымхан Адильханович, м.ғ.к.,доцент,.м.а. Қазақ және орыс тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

  3. Несипбаева Замзагуль Жолдасбековна, аға оқытушы. Қазақ тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

4. КожатаеваАсемгульРахымовна, аға оқытушы.Орыс тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

5. Жамалова Мираж Сабитовна,қоғамдық денсаулық сақтау магистрі. Қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.



8. Байланыс ақпараттар

Кафедраның мекен-жайы: Әл-Фараби алаңы, 1. Казниихимпроект 5 қабат

Ауд – 1,2,3,4,5,501,502.

Эл.адрес:2 kds_oz 2 @ mail.ru


9.Пәнніңсаясаты:

Студенттергеқойылатынталаптар :

1.Себепсіз сабақтанқалмау;

2. ОСӨЖ, тәжірибиеліксабақуақытындабелсенді болу;

3. Сабаққадайындалыпкелу;

4. Сабаққакешігіпкелмеу;

5.Сабақ уақытындабасқаістерменайналыспау;

6.Оқытушылар мен курстастарынашыдамды, ашықжәнемейірімді болу.

7. Кафедраныңмүлкінеұқыптаппайдалану

8. Себеппенжіберілгенсабақтыөзуақытысындаөтемжасау

9. Себепсіздәрістіжібермеу, болғанжағдайда студентке айыптықшараларқолданылады (3 дәріссабақтарындәлелсізжіберсестуденттіңрейтингі 0,1 баллғатөмендетіледі.

10.СӨЖ-ді силлабустакөрсетілгенталаптарғасәйкес, уақытылы,тізімбойыншаөткізу, болғанжағдайда студент айыптықшарасыналады.(СӨЖ-діуақытысындатапсырмасастуденттіңрейтингі 0,1 баллғатөмендетіледі).



2. Бағдарлама

1. Кіріспе

Медициналық этика мен деонтология- медицина қызметкерлеріне жоғары гуманистік, моралдық- этикалық және эстетикалық талаптарды, әрдайым кәсіби деңгейді біліктілікті жетілдіруді, патриотизимді – өз Отанына, халқына шын берілгендікті жетілдіруіді, өз ісі мен парызына жауапкершілікті қалыптастырудың және тәрбиелеудің негізі ретінде.

Этика (ethika,ethos)- грек сөзінен қазақшаға аударғанда әдет,әдеп деген мағына беретін, игеру, обектісі мораль болып табылатын философиялық ғылым. Адамгершілік туралы ілімді айқындау үшін «Этика» терминін енгізген Аристотель. Деонтология(гректің « deon»- парыз және « logos»- ілім -деген сөздерінен құралған)- парыз туралы ілім. Деонтология терминін XIX ғасырдың бас кезінде адамнынң кәсіби мінез-құлқы туралы ғылым ретінде енгізген ағылшын философы И.Бентам.

Медицинадағы этика мен деонтология жалпы этиканың бір саласы ретінде дәрігердің науқасқа, оның туысқандарына,әріптестеріне, кіші медицина қызметкерлеріне, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне қатысты қарым-қатынасы мен іс- әрекеті, мінез-құлық принциптерін қарастырады, сондай-ақ дәрігердің медициналық деонтология қағидаларына сай келуі зерделенеді.

Адам өмірі ,оның денсаулығы баға жетпес құндылық болғандықтан дәрігердің моралдық- адамгершіліктік дамуының мәдени сәйкестікті анықтау мен іздеудің мүмкін болар стратегиялары мен таңдау жолдарын ұсына отырып синтездейді және жалпылайды.

Бір жағынан бұл курс дәрігердің кәсіби қызметінің барлық салаларда көрінуінің өзіндік моделі, басқа жағынан- медициналық пәндердің, олардың әрқайсысының өзінше терең әрі нақты қарастыратын мәселелерінің прологы іспеттес.

Курстың негізгі бөлімі дәрігердің кәсіби қызметінің этикалық, деонтологиялық принциптеріне арналады. Курсты құрудың логикасы кәсіби этика мен деонтологияны меңгеру бойынша кәсіби позицияны игерудің жолдары мен тәсілдерін дамыту. Медицинадағы этика мен деонтология медицина тарихындағы әр түрлі позициялардың өзара әрекеттесу процесінде келісімдік , консенсустік стратегияны жасауға үлес қосады.
2.Пәннің мақсаты:

Студенттерді өнегелік мәдениет саласында мәдени жетістіктерді біліп, негізгі заңдылықтары мен формаларын игеруге бағыттау, мораль мен өнегелік туралы білімді меңгеру және қалыптастыру, күнделікті өмірде және кәсіби салада адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерді, өнегелік нормаларды зерттеп, қазіргі заманғы этикет ережелерін білу.


3. Оқыту мақсаттары:

-адамзаттың мәдени тәжірибесін игеру, қоғамдық қатынастар жүйесінде

моралдің орнын анықтау;

-этика дамуының жалпы заңдылықтарына анализ беру;

-өнегелік мәдениеттегі әмбебап тарихи этнорегионалды ұлттық

феномендерін зерттеу, жалпыадамзаттық өнегелік құндылықтарды игеру;

-қызметтік міндеттерін орындау мақсатында машықтарды игеру үшін

қолданбалы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде қазіргі заманғы;

өнегелік мәселелерге мінездеме беру.
4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білуі керек:

-этика тарихи типтерінің саналуандығын;

-моралдің құрылымы мен функциясын;

-моралдің негізгі категорияларын;

-тұлғаның өнегелік қалыптасуындағы этикалық білімнің маңызын;

-тұлғаның өнегелік мәдениетінің мәнін;

-болашақ дәрігер тұлғасының өзін-өзі өнегелік тәрбиелеудің формасы мен әдістерін;

Студент істей алуы керек:

-өнегелік мәдениет феноменін, оның адам өміріндегі ролін түсіндіріп,

өнегелік бағдарлар мен құндылықтар туралы білу;

-этикалық мәселелерді шешіп, кәсіби міндеттерді орындау барысында

адамның адамға,қоғамға, қоршаған ортаға қатынасын реттеу;

-ғылыми негізде өзінің еңбегін ұйымдастырып, оның кәсіби әрекетінде

қолдану;

-этика талаптары мен әлеуметтік салдарды ескере отырып, кәсіби

шешімдерді қабылдау;
5. Реквизитке дейінгі: Медицина тарихы,әлеуметтану.

6. Реквизиттен кейінгі: Қоғамдық денсаулық сақтау, коммуникативті дағдылар.

7. Пәннің қысқаша мазмұны:

Медицинадағы этика мен деонтология ( Гипократтық кезеңге дейін) құлдық формацияның бастапқы даму сатысында көне үнділік трактаттарда, көне Шығыс, көне Греция және көне Римнің атақты дәрігер – философтарының шығармаларында дәрігерлік қызыметтің және дәрігер дайндаудың ережелері, дәрігердің ішкі және сыртқы кейіпіне қойылатын талаптар қарастырылған.

Медициналық этика мен деонтология тек дәрігерлік қызметті қамтамасыз ететін ғана емес, сонымен қатар өмір, бейбітшілік, қоғамдық, мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздік сияқты басты құндылықтарды сақтауына кепілдік беретін мәдени стратегияларды табуға назар аударады.


8. Тақырыптық жоспары:

Дәрістердің




Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақтылығы

1 кредит



«Этика» ұғымы және оның мәні. Гиппократ этикасы және деонтологиясы.

Жалпы шолу

2



Медициналық этиканың негізгі қағидалары және тәртібі.

Тақырыптық

2



Адам ағзаларын трансплантациялаудың моралдық мәселелері.

Мәселелік

2



Клондаудың этикалық мәселелері.

Мәселелік

1



«Деонтология» ұғымы және оның түрлері.

Жалпы шолу

1

2 кредит





Ғылыми-медициналық және этикалық контекстегі ятрогения мәселесі.

Мәселелік

2



Эвтаназия биомедициналық этиканың мәселесі ретінде.

Тақырыптық

2



Қазіргі заманғы медициналық деонтология мәселелері.

Мәселелік

1



Дәрігер мен науқас арақатынасының моралдық моделдері.

Тақырыптық

1



Адамды зерттеу кезіндегі этикалық комитеттің рөлі.

Мәселелік

1




Барлығы:




15


Тәжірибелік сабақтың



Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақтылығы

1 Кредит

1

Этика және деонтология пәні, әдістері, қызметтері және көптүрлілігі

Пікірталас

2

2

Көне Шығыстағы (Үнді, Қытай) медициналық этика және деонтологияның қалыптасуы мен даму тарихы, мәселелері

Пікірталас

3

3

Көне Греция мен Римдегі медициналық этика және деонтологияның қалыптасуы мен даму тарихы, мәселелері

Ауызша сұрау

3

4

Ортағасырлық Шығыстағы медициналық этика және деонтологияның қалыптасуы мен даму тарихы, мәселелері

Кіші топтарда жұмыс

3

5

Медицина эмблемасы, моделі: тарихы және мәні

Пікірталас

2

6

Клондаудың этикалық мәселелері.

Ауызша сұрау

2

2 Кредит

1

Қазіргі замандағы медициналық этиканың және деонтологияның негізгі мәселелері


Жұптасып жұмыс істеу

3

2

Этикет және оның түрлері

Ауызша сұрау

2

3

Деонтологияның психологиялық аспектілері

Пікірталас

2

4

Дәрігердің әріптестерімен, науқаспен, оның туысқандарымен және кіші медицина қызметкерлерімен қарым- қатынасының этикасы және деонтологиясы

Кіші топтарда жұмыс

3

5

Қазіргі заманғы психиатрия мен психотерапияның этикалық және деонтологиялық мәселелері

Пікірталас

3

6

Дәрігер мен науқас арақатынасының моралдық моделдері.

Ауызша сұрау

2




Барлығы:




30


Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар



Тақырыбы

Тапсыру түрі

Бақылау кестесі

(мерзімі көрсетіледі)

Сағат саны



Гиппократ этикасы және деонтологиясы

Презентация

2-3

4



Суррогат аналықты реттейтін ҚР халықаралық және отандық заңнамалары.

Реферат

3-4

4



Жасанды түсік тастау- моралдық- этикалық, медициналық деонтологиялық дилемма ретінде

Реферат

4-5

6



Өмірге және өлімге деген діни-философиялық және моралдық-этикалық аспектілер.

Презентация

5-6

6



Науқстарға білім беру бағдарламалары

Реферат

6-7

6



Ағзаларды алмастырудың діни аспектілері.

Презентация

7-8

6



Медицинада тін жасушаларын қолдану, биоэтикалық мәселелер

Презентация

8-9

5



Клондау мен жасанды ұрықтандырудың моралдық- этикалық мәселелері

Реферат

9-10

6



Шындықтың этикалық ережесі және дәрігердің «Қасиетті өтірігі»

Реферат

10-11

6



Парацельстің "Жақсылық жаса" қағидасы

Презентация

11-12

6



Дәрігер мен науқас арақатынасының моралдық моделдері.

Реферат

12-13

6



Қазіргі заманғы дәрігер келбеті мен пішіні,киімі.

Презентация

13-14

6



Аюрведадағы этика бағыттары.

Тест тапсырмасын құру

13-14

6



Гиппократтың”Дәрігер” туралы еңбегі

Презентация

14-15

6



Адамға биомедициналық зерттеулер жүргізудің этикалық мәселелері

Реферат

14-15

3



Қазіргі заманғы дәрігерді дайындаудағы деонтология мәселелері

Тест тапсырмаларын

құру

15-16

2



Мораль түсінігі мен мәні, оның құрылымы

Презентация

16-17

2



Қазіргі заманғы дәрігердің моралдық міндеті мен құқығы, жауапкершілігі (Дәрігерлік құпия, эвтаназия, ятрогения және т.б.мәселер)

Реферат

17-18

2



Аралық бақылау 7-апта «Медицинада тін жасушаларын қолдану , биоэтикалық мәселелер»

Тесттік тапсырма

7

1



Аралық бақылау 15-апта «Гиппократтың «Дәрігер» туралы еңбегі»

Тесттік тапсырма

15

1




Барлығы:







90


9. Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі:

1 Шрейдер Ю.А. Этика. Введение в предмет.-М.,2005.

2Малеина М.Н. Человек и медицина в современном праве.-М.,2007

3Медицинская этика и деонтология.-М 2005

4Иванюшкин А.Я. Профессиональная этика в медицине.-М.,2008

5 Шрейдер Ю.А. Этика.Введение в предмет.-М.,2005

6.Молдабеков Ж.Ж. Этика-кәсіби этика –мораль-жеке тұлға психикасы-кәсіби сана-кәсіби борыш-көзқарас-қатынастың құрылымы-этикет-Астана фолиант, 2008ж.

Қосымша


Қосымша:

1. Биоэтика принципы правила проблемы Под ред. Б.Г.Юдина.М.2005

2. Гусейнова А.А. Введение в этику

3. Введение в биоэтику. Ред. Юдин Б.Г. –М., 2005

4.Биомедицинская этика. Под ред. В.И.Покровского.-М.,2006

5.Врачебная ассоциации, медицинская этика и общемедицинские проблемы: Сб.официальных материалов М.,2007

6.Чикин С.Я. Современные проблемы биомедицинской этики.-М.,2007.

7.Студенттерді ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлау жолдары мен әдістері VII-ші Мәшһүр Жүсіп оқулары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Павлодар, 2010. –Б.59-64


Каталог: kafedra -> oz 2 -> kds
kds -> Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы «№2 қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедрасы
kafedra -> Учебно-методический комплекс по дисциплине «культурология» Для направления 521400
kafedra -> Побічна дія ліків
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Пән коды: tkn мамандық : «Дәрігерлік емдеу ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет