Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»



бет26/136
Дата23.04.2022
өлшемі303,85 Kb.
#140590
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   136
Байланысты:
med is neg 2k kz

Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)
Жоспар:

  • Мейірбике ісі философиясының түсінігі;

  • Мейірбике ісінің даму тарихы;

  • Мейірбике ісі негіздері сабағының мағынасы;

  • Мейірбике маманының міндеттері.


Мейірбике ісі философиясы.
Философия - адамның рухани іс әрекетінің формасы, онын ой- пікірі, өмір турасында түсінігі. Философия әлемді бөлінбейтін түрде үйрететін пән. Адам мен әлемді біріктіреді, сондықтанда әр бір Адам, әрбір науқас бүтін бір әлем. Сау адам немесе науқаспен қаншалық көп және ықыласпен сұхбаттассаңыз, оны соншалық терең пікірлі, шексіз білімді өзіне тән мінезге, пейілге ие екеніне сеніміңіз артады. Оның физикалық азаптарымен рухани қиналуларын білу, сезіну, сізді және күрделі мәселелер әлеміне тартады. Сондықтан да науқаспен ұзақ уақыт, ауру кезеңінің басты бөлімінде бірге болатын мейірбике философиялық ой-өрісін дамытатын мәселеге кең және терең қарайтын маман иесі болуы керек. Қорытындылап айтқанда мейірбике философиясы ол медбикенің практикасына деген қарым-қатынасы мейірбикелік ісіне, әлем бүтіндігіне көзқарасы жөне онда мейірбикенің орны турасындағы дүние қарасын көрсету.
Дүние жүзілік келісімге орай мейірбике ісі философиясы негізгі 4 түсініктемеге негізделген:

  1. Науқас

  2. Мейірбике, мейірбикелік ісі

  3. Қоршаған орта

  1. Денсаулық

Жеке адам туралы түсінік мейірбике ісі философиясында ерекше орын алады. Науқас мейірбике қызметінің обьектісі болып табылады. Мейірбикенің әр түрлі дәрежедегі науқастар мен жұмыс істеуіне тура келеді. Әр бір науқас үшін, медбике құрмет көрсететін атмосфераны жаратады. Қызметкерлер немесе басқа да адамдар жағынан науқасқа кауіп төнсе мейірбике қажетті шараларды қолданады.
Науқас- мейірбикелік күтімге мұқтаж адам.
Мейірбике- мейірбикелік ісі философиясы мен мейірбикелік міндетін білетін кәсіби білімді маман иесі.
Мейірбикелік ісі - қоршаған орта жағдайын өзгертетін адам. Денсаулығымен байланысты мәселелрді шешуге бағытталған ғылым және өнер.
Қоршаған орта-адамның денсаулығына өмір сүруіне әсер ететін басты фактор. Адам өмір сүруінде кездесетін социальды, психологиялык, рухани жағдайлардың жиынтығын өз ішіне алады.
Денсаулық - аурудың жоғалуы емес, жеке адамның қоршаған ортамен динамикалық сәйкестігі болып қаралады.
Мейірбикелік ісі философиясының басты пікірі адамның жетістіктеріне міндетіне құрметпен қарау. Мейірбикелік ісі философиясы мейірбике және жеке санасын анықтайды.
Этика- сөзі юнонша аetһоc- деген сөзден шыққан болып, яғни жүріс тұрыс «әдептілік» деген мағынаны білдіреді. «Әдеп» бұл адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасын тәртіпке салып тұратын жағдай. Медициналық этиканы ең басты міндеттері төмендегілер: Адамдардың, науқастардың саулығы үшін адал қызмет ету әрдайым медициналық жәрдем көрсету науқасқа жан ашу, көңіл кою өзінің әрекеттерінде адамгершілікті, кішіпейілділікті сақтау медицина қызметкерлерінің міндетін түсіну, өз отанына, халқына мейірлі болу. «Әдептілік» түсініктемелері: «намыс», «міндет», «жауапкершілік», «бакыт», «ар», «қадыр кымбат», түсініктемелері жатады.
«Намыс» - бұл өз кәсібінің ұстасы болып, өз абыройын, қадірін сақтау. «Жауапкершілік»- медицина қызметкерлерінің өз міндетін атқару кезінде, кәсібін алдамау, жұмысты толығымен міндетті түрде атқару. «Қадір қымбат»- өз кәсібі, мақтанышы, өз кәсібін сүю, алға ұмтылу. «Ождан» адамның ішкі әдептілігін түсінуі, жауапкерлікті сезінуі, мінез құлқы үшін әдептілік жауапкершілікті сезінуі өз пікіріне, әрекеттеріне баға беру.

  1. Эгогения науқастың өз өзіне әсер етуі

  2. Эгротогения науқастың бір-біріне өзара әсері

3. Ятрогения медицина қызметкерлерінің ұқыпсыздығы, қопалдығы, дұрыс жасамаған іс әрекеттері нәтижесінде пайда болатын науқастардағы жағдай, яғни ятрогения ауру.
Бұл жағдайға төмендегілер себеп болады:
А) Науқастың диагнозын және нәтижелерін асығыс түрде науқасқа жеткізу.
Б) Қызметкелердің әрекетсіздігі немесе көңілсіздігі «сөзсіз» ятрогения.
4. Госпитализм- бұл науқастың ауруханаға және оның жағдайына үйренгеніне дейінгі жағдайлар.
Біріккен Ұлттар Ұйымының денсаулық сақтау мәселелерімен айналысатын ең ірі мекеме /ВОЗ/-ДДСҰ/ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болып саналады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1945 жылы қаңтар айында құрылған. Ол әртүрлі аурулармен күресуде үлкен жұмыс жүргізеді, медицина ғылымымен айналысады, журнал, бюллетеньдер шығарады, сонымен бірге « орта буынды медицина» мамандығына қатысты сұрақтарды шешеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында мейірбике мамандығының мәселелерімен айналысатын арнайы сараптама комитеті бар. Бұрын бұдан басқа мейірбике мамандығына қатысты мәселермен айналысатын «Мейірбикелер мен акушерлердің құрама одағының халықаралық мекемесі» мен « Халықаралық медицинаның кеңесі» 4 жыл сайын конгреске жиналып, орта буынды медицина мамандарының теориялық және тәжірибелік сұрақтарын шешіп отырады.
ДЖДСҰ анықтамасы бойынша « Мейірбике үрдісі» - әртүрлі мейірбикелік қатынастар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет