ЖҰмыс бағдарламасы пән, пән коды: Еңбек гигиенасы, eg 5303 Мамандық : 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет1/23
Дата10.03.2017
өлшемі3,97 Mb.
#11293
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы



044 -59/28-(77



Еңбек гигиенасы



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы


«БЕКІТЕМІН»

ОӘТЖ жөніндегі проректор

м. ғ.д. Анартаева М.Ұ.

______________________
«______» _________ 2013ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән, пән коды: Еңбек гигиенасы, EG 5303




Мамандық: 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Оқу сағатының көлемі (кредит) -360 сағат/ 8 кредит
Оқу курсы мен семестрі : V- курс, 9-10 - семестр

2013 ж.

Жұмыс бағдарламасы ҚР ДСМ №731 17.09.2010 жылы бекітілген «Еңбек гигиенасы» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде «Гигиена-1, дне шынықтыру және валеология» кафедрасымен құрастырылды.

Жұмыс бағдарламасы «Гигиена-1, дне шынықтыру және валеология» Кафедра мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № «_11_» _19.06 . 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к.,

доцент ________________ Долтаева Б.З


ОҚМФА қоғамдық денсаулық сақтау және медико-профилактикалық пәндер бойынша жүйелік әдістемелік комиссия мәжілісінде қаралды.


Хаттама № « 11 » 21.06. 2013ж.

Комиссия төрайымы м.ғ.к., доцент м.а. _______________ Бейсембаева З.И

Әдістемелік кеңесте мақұлданды.

«___»________2013ж


Хаттама №_____


2.Бағдарлама:

2.1. Кіріспе

Еңбек гигиенасы – еңбек жағдайларының гигиеналық әсерлерін және жұмыскерлердің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығына әсерін, сонымен қатар еңбек жағдайларының жағымсыз әсерлерін ескертудің тәжірибелік шараларын және ғылыми негіздерін өңдейтін ғылым. Еңбек гигиенасының негізгі мазмұны болып созылмалы сырқаттардың үдеуін, жұмыскерлердің еңбек ету жағдайында жарақаттанулар мен олардың асқынуларын, жарақаттау және сырқаттарды медициналық алдын-алу болып табылады.



Еңбек гигиенасы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бакалаврлардың біліміне қажетті, профилактикалық медициналық ғылыми саласының бірі.

2.2. Пәннің мақсаты: еңбек гигиенасы саласында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу бойынша қоғамдық денсаулықты сақтау маманын даярлау.

2.3. Оқытудың міндеттері:

  • ҚР Конституциясының, «ҚР халықтың денсаулығын қорғау туралы» Заңының, «ҚР еңбекті қорғау туралы» заңының, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының және басқа құқықтық және нормативтік актілерінің негізгі ережелері енген санитарлық дәрігерінің ісін реттеуші Заңдылық актілер туралы білім беру;

  • денсаулықты қорғау және қоғамдық денсаулық жағдайын бағалауды үйрету;

  • еңбек гигиенасының теориялық және тәжірибелік негіздері туралы білім беру;

  • гигиеналық әдістерін, оның ішінде физиологиялық, токсикологиялық және өндірістік ортаны және еңбек процесінің факторларын зерттеу әдістерін оқыту;

  • профилактикалық шараларды дәрістеу және олардың тиімділігін бағалау тәжірибесін үйрету;

  • әр түрлі еңбек түрімен айналысатын тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

  • улану және жарақаттау, сонымен қатар тұрғындар арасындағы жұмыскерлердің кәсіптік аурушаңдығының алдын-алу, жалпы аурушаңдығын төмендетуге мүмкіндік ететін, факторларының қауіптерін анықтау мақсатында жүргізілетін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық шаралары туралы білім беру;

  • бақылау объектілерінде алдын-алу шараларының жүйесін өңдеу мақсатында еңбек процессінің факторларының және өндірістік ортаның жағдайын талдауға және бағалауға үйрету;

  • өндірістік ортаның және еңбек процессін зерделеу үшін зертханалық және аспаптық зерттеулерді жүргізу әдістерін үйрету;

  • ведомствалық кәсіпорындарда және баска объектілерге ағымды санитарлық қадағалауды жүргізуді;

  • есепке алу-есеп беру құжаттарын дұрыс рәсімдеуді;

  • салауатты өмір салтының негіздерін және принциптерін насихаттауды;

  • өндірістік мекемелерде кәсіптік қауіптілікті бағалауды үйрету.


2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент

білуі тиіс:

  • ҚР халыктың денсаулығын қорғау, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды, еңбек гигиенасы саласында санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандар ісінің құқықтық негіздерін, құқықтық және нормативтік құжаттарын;

  • еңбек гигиенасы бөлімінің құжаттарын;

  • жұмысшы тұрғындардың денсаулық көрсеткіштерін есептеу және талдау әдістемесін;

  • өндірістік мекемелерде кәсіптік қауіптілікті есептеу әдістемесін;

  • жұмысшылар организміне қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсерінің маханизмдерін, өндіріске тәуелді және кәсіптік аурулар түрлері, медициналык-әлеуметтік сараптама сұрақтарын;

  • ұлттық денсаулық сақтауды ұйымдастыру, соның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастырудың негізгі принциптерін, еңбек етуші тұрғындарды медицина көмегімен қамтамасыз ету жүйесіне еңбек гигиенасы саласындағы маманының орны мен рөлін;

  • алғашқы және кезеңді медициналық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу ережелерін;

  • түрлі жұмыс түрлерінде еңбектің және тиімді режимін ұйымдастыру негіздерін;

  • жұмысшы организмін өндіріс ортаның қолайсыз факторлар әсерін анықтау және алдын алудың гигиеналық және салауатты шараларды ұйымдастыру мен жүргізу принциптерінің негіздерін;

  • өндірістік ортаның зиянды заттарын, физикалық химиялық және биологиялық факторларын гигиеналық нормалау негіздерін;

істей алуы тиіс:

  • еңбек гигиенасы саласында маманның кәсіби іс-әрекетін регламенттейтін нормативті-құқықтық құжаттарды рәсімдеуді;

  • еңбек гигиенасы саласында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының әртүрлі деңгейінде бақыланатын шешімді қабылдауды;

  • мемлекеттік және орыс тілінде еңбек гигиенасы бойынша медициналық, есеп-қисаптық, іскерлік құжаттармен жұмыс жасауды;

  • санитарлық-эпидемиологиялық жағдай шиеленіскенде әртүрлі объектілердің санитарлық-гигиеналық жағдайын бағалауды;

  • өнеркәсіп мекемелеріндегі кәсіптік деңгейін жұмыстың ауырлығы, серпінділігі және баска да зиянды өндіріс факторларды ескере отырып бағалауды;

  • қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінің төмендеуі бойынша алдын-алу шараларының тиімділігін бағалауды;

  • жеке процесстер бойынша хронометражды зерттеу жүргізу және санитарлық-гигиеналық сипаттама жасауды;

  • еңбек жағдайына және өндіріске толығымен гигиеналық баға беруді;

  • еңбек іс-әрекеті процессінде организмнің қызметтік жағдайын зерттеу әдістері мен жұмыс принципін талқылауды;

  • еңбек гигиенасы саласында ағымды және ескертпелі санитарлық қадағалауды іске асыруды;

  • өндірісте жарақаттануды, сырқаттануды және кәсіби улауды талдап, зерттеу және тіркеуден өткізуді;

  • мемлекеттік стандарттарды ескере отырып санитарлық–техникалық қондырғылардың тиімділігін гигиеналық бағалауды, құралдармен жұмыс істеуді;

  • тұрғындар арасында салауатты өмір салтын өткізуде өндірістік ортаның және организмнің өзара әсерлесу заңдылықтарын біле отырып, кәсіптік аурулар мен өндірістік жаракаттардың алдын-алуды.


машықтануы тиіс:

  • компьютерлік технологияны қолдана отырып еңбек гигиенасы бойынша есеп-тіркеу құжаттарын рәсімдеуді;

  • еңбек гигиенасы саласында мемлекеттік ағымды және ескертпелі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды іске асыруды;

  • әртүрлі өндірістік объектілердің жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді;

  • өндірістік ортаның қолайсыз факторларының әсер етуіне байланысты, еңбек етуші тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалауды;

  • МСЭК еңбек гигиенасы бөлімінің жұмыс жоспарын құрастыруды;

  • әртүрлі өндіріс орындарында кәсіби қауіптілікті бағалауды.


2.5 Реквизитке дейінгі: жалпы гигиена, экология және тұрақты даму, қоғамдық денсаулық, кәсіптік аурулар, тағам гигиенасы, коммуналды гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

2.6 Реквизиттен кейінгі: магистратура пәндері.
2.7 Тақырыптық жоспар: тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік, семинар, зертханалық, өзіндік жұмыс)

2.7.1 Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізлу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)




1-ші семестр

Кредит №1

1

Еңбек гигиенасы. Пәні, мазмұны, міндеттері, әдістері.

Кіріспелік

1

2

Еңбек гигиенасы саласындағы ағымдағы және ескертпелі санитарлық қадағалау

Шолу

1

3

Өндірістік зияндылықтарды (микроклимат, шу және діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, өндірістік улар, төмен және жоғары атмосфералық қысым) және өндірістік жарықтандыру, желдету, жылытуды гигиеналық бағалау.

Шолу

1




Жалпы сағаты:




3

Кредит №2

4

Еңбек гигиенасындағы өндірістік физикалық факторлар және оларды бағалау. Өндірістік микроклимат.

Шолу

1

5

Өндірістік шу, діріл, инфрадыбыс. Гигиеналық нормалау және алдын-алу шаралары.

Шолу

1




Жалпы сағаты:




2

Кредит №3

6

Өндірістік аэрозольдер. Өндірістегі шаңдану және газдануды гигиеналық нор­малау мен бағалау және олардьң алдын-алу әдістері.

Шолу

1

7

Өндірістік желдету, қолайлы еңбек жағдайын жасаудағы оның маңызы.

Шолу

1




Жалпы сағаты:




2

Кредит №4

8

Еңбек ету үдерісі барысында (ОЖЖ, қан жүйесі, жүрек-қантамырлар, бұлшықет, тыныс алу ағзалары) жекелеген ағзаларға еңбек ету үдерісінің әсер етуін гигиеналық-физиологиялық зерделеудің қазіргі кездегі әдістері.

Шолу

1

9

Еңбек жағдайын гигиеналық-физиологиялық бағалау: еңбектің ауырлығы және кернеуі, зияндылығы және қауіптілігі.

Шолу

1

10

Еңбек жағдайы бойынша өндірісті аттестациялау.

Шолу

1




Жалпы сағаты:




3




Барлығы 1- ші семестр




10




2- ші семестр

Кредит №5

1

Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау, кезеңдері.

Шолу

1

2

Өндірістік нысанның құрылысын жобалау және салу, жобаны гигиеналық сараптау.

Шолу

1

3

Қосалқы ғимараттар және бөлмелер жобасын сараптау (әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар).

Шолу

1

4

Өндірістік құралдар және жаңа технологиялық үдерістердің жобасын гигие­налық сарапталуы.

Шолу

1




Жалпы сағаты:




4

Кредит №6

5

Көмір өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы.

Мәселелік

1

6

Металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы.

Мәселелік

1

7

Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы.

Мәселелік

1




Жалпы сағаты:




3

Кредит №7

8

Құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы.

Мәселелік

1

9

Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы.

Мәселелік

1

10

Жасөспірімдер және әйелдердің еңбек гигиенасы.

Мәселелік

1




Жалпы сағаты:




3

Кредит №8

11

Жұмыскерлердің денсаулық жағдайын кешенді бағалау. Кезеңді және алдын-ала медициналық тексеру.

Шолу

1

12

Өндірістегі аурушаңдық. Еңбек етуші тұрғындардың аурушаңдығын және денсаулық жағдайын талдау.

Мәселелік

1

13

Аурушандықты және кәсіптік улануларды тексеру, тіркеу және есебі.

Шолу

1




Жалпы сағаты:




3




2-ші семестр




13




Барлығы




23


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет