СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар :
Студенттер СӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тақырыптар бойынша
жазбаша нысанда дайындалады. Студент тарапынан дайындалған СӨЖ оқытушының
офис сағантарында қорғайды. Қорғау кезінде тақырыпты қысқаша түсіндіреді және сол
тақырыпқа байланысты оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі талап
етіледі.
СӨЖ туралы талаптар:
Тақырыптың негізіне кірмес бұрын студент СӨЖ тақырыбына кіріспе жасайды.
Кіріспеде тақырыптың қысқаша тарихына тоқталады, құқықтағы орны мен маңызы
қарастырылады.
Осыдан кейін негізіне тоқталады. Негізгі бөлімде тақырыпты жан жақты ашуға
тырысады. Осы тақырыпқа байланысты ғылыми пікірлер, тәжірибеге тоқталады.
Жұмыста студент тақырып шеңберінде еңбекте қаралған сұрақтарды көрсетіп автордың
субъективті позициясын ашуға тиісті.
Осыдан кейін барып өзіндік қорытынды жасалады. Қорытынды да тақырыпқа
байланысты өзіндік тұжырым, түйіндемелер жасалады.
Студенттер СӨЖ жазу барысында жұмыс бағдарламасында сонымен қатар
силлабустарда көрсетілген әдебиеттерді пайдалана алады. Жұмыстың көлеміне
байланысты шектеулер жоқ, бірақ тақырыпты жеткілікті дәрежеде ашуы тиіс. СӨЖ
орындауда жоспары, мазмұны және қолданылған әдебиет тізімі көрсетіледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімінде, ғылыми еңбектің аталуы, авторы, баспа атауы,
шыққан жері мен жылы көрсетіледі.
СӨЖ мақсаты: тақырып шеңберінде жоспарда көрсетілген сұрақтар бойынша
негізделген ғылыми және тәжірибелік қорытындыларды шығару.