Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2016 жыл ағымында атқарған жұмыстары туралы мәлімет Халықты жұмыспен қамту



Дата21.04.2017
өлшемі169,71 Kb.
#14448
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

2016 жыл ағымында атқарған жұмыстары туралы мәлімет
Халықты жұмыспен қамту
2016 жылға халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарына сәйкес, жыл ағымында 3634 адамды бағдарламаға тарту жоспарланса, 4416 адам бағдарламаға тартылып, жоспар 122 пайызға орындалды. Бағдарламаға қатысушылардың санаттары бойынша:

-жұмыссыздар -2893 адам;

-өздігінше жұмыспен қамтылғандар қатарынан-1523 адам;

-табысы аз адамдар-355 адам бағдарламаға тартылды.

Бағдарламаның І-бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» аясында 60 инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланып, 166 адамды жұмыспен қамту көзделсе, есепті мерзімде 169 адам жұмыспен қамтылды. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 660 млн 161 мың теңге және жергілікті бюджеттен 79 млн 406 мың теңге қаржы бөлінді.

Бағдарламаның ІІ-бағыты «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» бойынша, 35 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Олардың 26-ы шағын несие алса, 9 адамның құжаттары қайта дайындалып, 2017 жылы несие берілетін болады. Жыл ағымында 110 адамға 3 млн теңгеге дейін шағын несие беру жоспарланса, 119 адамға 341 млн 500 мың теңге шағын несие берілді.

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап, өз кәсіпкерліктерін дамытуға ниет білдірген 55 азаматқа 6 млн теңгеге дейін 189 млн 250 мың теңге шағын несие беру жұмыстары жүргізілді. Шағын несие алған азаматтар есебінен қосымша 272 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу» бағытында тұрақты жұмыс орындарына жұмыспен қамтудың жылдық жоспары 2684 адам болса, есепті мерзімде 3271 адам жұмыспен қамтылып, жылдық жоспар 122 пайызға орындалды. Оның ішінде 1090 жаңа жұмыс орындары ашылып, жылдық жоспар 141 пайызға орындалды.

Есепті мерзімде қайта даярлауға жоспарланған 35 адам республикалық бюджеттен қаржыландырылып, қайта даярлау курстарында оқуларын бітіріп, тұрақты жұмыспен қамтылды. Осы мақсатқа нақтыланған 3 млн 758 мың теңге қаржыдан 483,8 мың теңге үнемделді.

Ұлттық Қор есебінен қаралған қаржыға 18-ден 24 жас аралығындағы 10 адам, 55-пен 64 жас аралығындағы 25 адам қайта даярлау курстарын бітіріп, тұрақты жұмыспен қамтылды. Ұлттық қордан 4 млн 213 мың теңге қаржы нақтыланды.

Есепті мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтінімдеріне сәйкес, 283 адамға әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылып, жоспар 113 пайызға орындалды. Осы азаматтардың ішінен 34 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 50 млн 50,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Кәсіби, орта арнайы және жоғары оқу орындарын бітірген 230 жастарға «жастар практикасы» ұйымдастырылды. Осы жастар қатарынан 132 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жастар практикасынан өткен азаматтарға еңбекақы есебінде 36 млн 651 мың теңге субсидия берілді.

Жыл ағымында 206 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамту жоспарланса, 215 адам жұмыспен қамтылып, жылдық жоспар 104 пайызға орындалды.

Жыл ағымында ақылы қоғамдық жұмысқа 350 адамды тарту жоспарланса, 353 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. Оның ішінде 117 адам көгалдандыру, 70 адам экологиялық сауықтыру, 155 адам құжаттарды өңдеу және 11 адам еңбек рыногының индикаторларын анықтау жұмыстарына тартылды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 27 млн 690 мың теңге қаржы бөлінді.

Есепті мерзімде аудан аумағынан 10 отбасы 56 отбасы мүшелерімен Солтүстік Қазақстан облысының Аққайын, Ғ.Мүсірепов, Қызылжар және Малютка аудандарына қоныс аударды.

Есепті мерзімде тұрғындар арасында бағдарламаны түсіндіру және ақпараттандыру бойынша жергілікті ақпарат құралдарында-14 рет материалдар жарияланса, республикалық басылымдарда-1, облыстық басылымдарда-2 рет мақалалар және «Хабар» телеарнасында 1 рет бейне-сюжет көрсетілді және 2 бейне-ролик дайындалды. Жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрақты жұмыспен қамту жөнінде облыстық басқарма есебінен 4, аудан бюджетінен 3 баннер, 13 стендтер және жұмыспен қамту нормативтік актілері туралы кітапшалар дайындалды. Аудан әкімі аппаратының интернет ресурсына тұрақты материалдар берілді.


Әлеуметтік көмек көрсету

Сайрам ауданында ҚР 2001 жыл 17 шілдедегі №246-ІІ «Мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» және Қазақстан Республикасының 2005 жыл 28 маусымдағы №63 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңдарының талаптарына сәйкес, аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету ауыл округтері әкімдері жанындағы комиссияның қорытындысы негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан төлемдер жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

2016 жылдың 12 айына 2843 отбасына немесе 10845 балаға 234100,0 мың теңге қаржы балалар жардемақысы тағайындалып төленді.

15 отбасы немесе 55 адамға 2670,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

432 отбасына немесе 1598 адамға 15037,0 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.

"Өрлеу" жобасы бойынша 101 отбасыға немесе 720 адамға жергілікті бюджеттен 13438, мың теңге, ал республикалық бюджеттен 16830,0 мың теңге, барлығы 30268,0 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып төленді.


Мүгедектер және ардагерлерге көмек көрсету
Сайрам ауданы бойынша бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері- 18, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтар- 404, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген басқа санаттағы азаматтар саны 1712, батыр аналар-1635, «Алтын алқа» иегерлері 1856 адам, «Күміс алқа» иегерлері- 2682 адам және 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар аналар-5825 адамды құраса, 2016 жылдың 31 желтоқсанына 8653 мүгедектер есепке алынған, оның ішінде І топтағы мүгедек – 572адам, ІІ топтағы мүгедек – 2705адам, ІІІ топтағы мүгедек – 3764 адам және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар-1455, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар 157 адамды құрап отыр. Мемлекет тарапынан мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар уақытылы және толығымен төленуде.

2016 жылға жергілікті бюджет есебінен жекеленген санаттағы азаматтарға 26079,0 мың теңге қаржы жоспарланса, ағымдағы жылдың 12 айында төмендегідей әлеуметтік қолдаулар көрсетілді:

- жалғызілікті 13 қарттардың зейнетақыларына 311,6 мың теңге қосымша жәрдемақы (2121 теңге) қаржы жеке есеп шоттарына аударылды;

- Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған инфекциясын жұқтырған 14 балалары бар отбасыларға ай сайынғы өтемақы ретінде 46450 теңгеден, яғни есепті мерзімде 7936,5 мың теңге қаржы төленді.

- "15 ақпан Ауған жерінен совет армиясының шығарылғанына байланысты 168 аз қамтылған ауған соғысының ардагерлеріне (10605 теңге) әлеуметтік көмек ретінде 1781,6 мың теңге жеке есеп шоттарына аударылды.

- Шұғыл емделуге мұқтаж және тұрмыс жағдайы нашар 47 аз қамтылған азаматтарға (21210 теңге) бір жолғы әлеуметтік көмек ретінде 837,8 мың теңге жеке есеп шотына аударылды.

- Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын 40 адамдарға 1365,7 мың теңге (21210 теңге) қаржы жеке есеп шотына аударылды.

- 26 сәуір Чернобыль атом станциясының жарылысын жоюға қатысқан 30 аз қамтылған азаматтарға 5 есептік көрсеткіш мөлшерінде (10605 теңге) жеке есеп шоттарына 318,15 мың теңге аударылды.

- 9-Мамыр мерекесіне орай, ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне (210200 теңге), пәк аналарға (10605 теңге), ҰОСҚ теңестірліген азаматқа (10605 теңге) 4475,3 мың теңге көлемінде қаржы жеке есеп шоттарына аударылды.

- ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне басылымдарына (10605 теңге) жеңілдікпен жаздыру үшін 475,6 мың теңге қаржы есеп шотына аударылды.

- 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай 410 аз қамтылған «Алтын алқамен», "Күміс алқа" марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған азаматтарға 4348,1 мың теңге (10605 теңге) қаржы жеке есеп шоттарына аударылды.

Сонымен қатар, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ақсукент» корпортивтік қоры 8090,5 мың теңгеге 18 естуі бойынша мүгедектерге және 72 жүріп-тұруы қиын 1 топтағы мүгедектерге әлеуметтік қызметтер ұсынып отыр. Есепті мерзімде 8090,5 мың теңге қаржы игерілді.

Үйде оқытылып тәрбиленетін мүмкіндігі шектеулі 223 балаларға оқу құралдарын сатып алу үшін аудандық бюджеттен 3957,0 мың теңге (2121 теңге) ата-аналарының жеке есеп шоттарына аударылды.

2016 жылдың 12 айында облыстық Ардагерлер үйінде, «Мейір» ардагерлер үйіне 645 жекеленген санаттағы азаматтар және «Ақсу Жабағлы», «Жаңақорған», «Денсаулық», «Баян жүрек», «Біркөлік», «Күлпаршын», «Мельдеева» шипажайларға 530 мүгедектер сауықтырылса, жергілікті бюджет есебінен жекеленген санаттағы азаматтарды сауықтыру мақсатында 6678,0 мың теңгеге «Ақсу Жабағылы» шипажайына 140 жолдама сатып алынып, 140 адам өз денсаулықтарын сауықтырып қайтты.

2016 жылдың ақпан айынан бастап ЖК «Дауренбекова» аудан бойынша 44 мүгедектерге 4 әлеуметтік такси қызметін ұсынуда. Осы мақсатқа жергілікті бюджет есебінен 2500,9 мың теңге жоспарланып, игерілді.

2016 жылы мүгедекті жеке оңалтудың бағдарламасына сәйкес міндетті гигиеналық заттарға (памперс, несеп және нәжіс қабылдағыш) 504 мұқтаж мүгедектерді қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен 20304,5 мың теңге, республикалық бюджеттен 21831,0 мың теңге игерілді.

2016 жылдың 12 айында облыстық бюджет есебінен 63, ал жергілікті бюджет есебінен 15 мүгедектік қоларба, барлығы болып 78 арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілді.Облыстық бюджет есебіненпротездік-ортопедиялық бұйымдар алу үшін 181 мүгедектерге жолдама, 1195 тифло-, 23 сурдоқұралдары таратылып, есту аппаратын алу үшін және есту аппаратын жөндеуге 24жолдама берілді.

Сайрам ауданында мүгедектерге қол жетімді орта құру мақсатында 2013 жылы 720 әлеуметтік инфрақұрылым нысандар бейімдеуге жататыны анықталды. 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап Сайрам ауданының кейбір ауылдары Шымкент қаласына өтуіне байланысты 180 нысандардың дайындалған паспорттары қалалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылды. 2013 жылы жергілікті бюджет есебінен 153 мемлекеттік мекемелерге сметалық құжаттарын дайындау үшін 4000,0 мың теңге бөлінді.

Осы сметалық құжаттары дайын нысандардың ішінде 2014 жылы ағымында бейімдеуден 94 мемлекеттік мекеме өткізілді. Оның ішінде денсаулық сақтау саласы бойынша - 11 нысан, білім беру мекемелері бойынша -73 нысан, мәдениет саласы бойынша – 8 нысан, мемлекеттік басқару органдар-2 нысан.

2015 жылы мүгедектерге қол жетімді орта құру мақсатында бейімдеуге жататын сметалық құжаттары дайын 16 мемлекеттік нысандардың 10-і бейімдеуден өткізілді.

Бүгінгі күнге аудан бойынша паспортталынған, бейімдеуге жататын 540 әлеуметтік инфрақұрылым нысандардың 248–і (немесе 45,9 пайыз) бейімделген, оның ішінде 110 –мемлекеттік, ал 138-і жеке меншік нысандар).

Дегенмен, осы бейімделген нысандар тек пандустар орнатумен шектелген ал, (қозғалыс жолдары, қызмет көрсету аймағы, жаяу жүру жолдары-тротуарларды, санитарлық-тұрмыстық бөлме, ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар, т.б.)қолжетімділік жұмыстары ойластырып жасалмаған және орнатылған пандустар нормативке сәйкес құрылмаған . Әлеуметтік инфраструктуралық нысандарға қарасты тротуарлар, бизнес-құрылымдарға мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бағынбайтын кедергілер ретінде қалып отыр.



Үйде әлеуметтік қызмет көрсету
Сайрам ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-де Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету 2- бөлімше, Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету 1-бөлімше, 1-бөлімше құрама, 18-жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар азаматтарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету 1-бөлімше, барлығы бес бөлімшеден құралған.
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету 2 бөлімшеде: 2-меңгеруші, 2-кеңесші, 29-әлеуметтік қызметкер. Нақты күтімге алынғаны 197 бала (оның ішінде 32 - бала құрама бөлімшесінде). Олардың ішінен 158-бала психоневрологиялық патологиясы бар, 39 - тірек-қозғалу функциясы бұзылған балалар. 113 -ұлбала, 84-қызбала.

Жыл басынан 74 бала қамқорлыққа алынып, 294 мүмкіндігі шектеулі бала арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылып 97 бала қамқорлықтан шықты оның ішінде;

97 баланың шығу себептері;

- 63 бала ЖОБ мерзімі аяқталуына байланысты;

- 8 бала 18 жасқа толуына;

- 2 бала ата-анасының өтінішімен;

- 5 бала қайтыс болуына байланысты;

- 1 бала Бала бақшаға ауысты;

- 1 бала Сайрам интернатына ауысуына байланысты;

- 1 бала «АРИ» үкіметтік емес қоғамдық қорына өтуіне байланысты;

- 14 бала Күндізгі қатынау бөлімшесіне ауысты;

- 2 бала №7«Тасарық » арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету интернатына ауысты.



2. 18-жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар азаматтарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету: 1-бөлімше. 1-меңгеруші, 1-кеңесші, 15-әлеуметтік қызметкер. Нақты күтімге алынған 98-азамат (42-ерлер, 56-әйелдер),оның ішінде 9 қызмет алушы құрама бөлімшесінде.

Жыл басынан 17 қызмет алушы қамқорлыққа алынып, 110 мүмкіндігі шектеулі азамат арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылып, 12 азамат қамқорлықтан шықты оның ішінде;

- 3 қызмет алушы қайтыс болуына байланысты;

- 9 ЖОБ мерзімі аяқталуына байланысты есептен шығарылды.



3. Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету 2-бөлімше, оның ішінде 1-құрама. 2-меңгеруші, 2-кеңесші, 27-әлеуметтік қызметкер жұмыс атқаруда. Нақты күтімге алынғаны 159 қарт (оның ішінде 27 мүгедек ) 36- ерлер, 123 - әйелдер.

Жыл басынан 21 жылғызілікті қарт қамқорлыққа алынып, 177 жалғызілікті қарт арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды. 18 қарт қамқорлықтан шықты оның ішінде;



  • 9 жалғызілікті қарт қайтыс болуына орай;

  • 3 қарт отбасылық құрамы өзгеруіне орай;

  • 5 қарт Мекен жайы ауысуына орай;

  • 1 мүгедек қарт ЖОБ мерзімі аяқталуына байланысты есептен шығарылды.

Жыл басынан жалпы саны 581 қызмет алушы арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды.

  • 454 нақты қызмет алушылар саны.

Аудан бойынша 12 ай ағымында – Сайрам аудан әкімдігі шешімі шығып,

  • 13 азамат стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін МӘМ орналасты;

  • 42 бала «Сайрам мүгедек балаларды оңалту орталығы» КММ-не орналасты;

  • 63 азамат Шымкент қаласы ОҚО «№8 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету КММ-не ЖОБ сәйкес, кезекке қойылды;

  • 65 азамат Шымкент қаласы ОҚО «№8 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету КММ-не жолданды.

  • 8 азаматқа қамқоршы тағайындалды;

  • 92 бала үйде қызмет көрсетуге Үкіметтік емес «АРИ» қоғамдық қорына жолданды

- 32 бала Күндізгі қатынау бөлішесіне ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма арқылы жолданды.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген 315 азаматтың мұқтаждығы өтелді.

2016 жылға жергілікті бюджет есебінен 67495,0 мың теңге қарастырылған болса, 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін 67493,9 мың теңге игерілді.

Республикалық бюджет есебінен 2016 жылға 44344,0 мың теңге қарастырылған болса, 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін 44344,0 мың теңге игерілді.



Ескерту: Аудандық маслихат шешіміне сәйкес 919 мың теңге қосылып Жергілікті бюджет ақшасы 67495,0 мың теңгеге нақтыланды.

12 ай ағымында өткізілген іс-шаралар:

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудандық балалар кітапханасында Ақсукент, Манкент, Қарабұлақ ауыл округтеріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларының қатысуымен «Тәуелсіздік қызғалдақтары – Ләззат пен Сабира және аяулы Аналар» атты тәрбие сағаты өткізілді.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-нің мәжіліс залында 28 жалғызілікті қарт аналарға мерекелік дастархан жайылып, әлеуметтік қызметкерлер қатысуымен, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Жібек-жолы, Қарасу, Қайнарбұлақ ауыл округтерінде 16 жалғізілікті қарт аналарға, ауыл округі әкімдері мерекелік дастархан жайып сый-сияпаттар ұйымдастырылды.

Наурыз мерекесіне орай 22 наурыз күні Ақсукент, Қарабұлақ ауыл округтеріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Бақ-берекем, құт мерекем – Әз наурыз!» атты мерекелік дастархан ұйымдастырылып, демеушілер тартылып сый-сияпат жасалды.

1-маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі Сайрам аудандық Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған аудан әкімінің мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мерекелік іс-шараға 11 мүмкіндігі шектеулі бала өнерлерін көрсетіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Аудан әкімі С.Сапарбаев салтанатты түрде 223 мүмкіндігі шектеулі балаларды мерекесімен құттықтап, жергілікті демеушілер тарапынан әлеуметтік қызметкерлер дайындаған сый-сияпатты үлестіріп табыстады. Сонымен қатар Қарамұрт ауыл округінде 25 мүмкіндігі шектеулі балаға мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

«Отбасы күнін» мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 15 қыркүйегінде «Отбасы күніне» орай Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-нің қамқорлығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар және әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет үйінде «Шаңырағым шаттығым» атты ашық сабақ өткізіліп, тақырып бойынша дайындап келген тақпақ, ән және билері орындалды.

«Ару Ай» мейрамханасында Құрбан айт мерекесіне орай Сайрам аудандық «Ар-Рохим» мүгедектер қоғамының демеушілігімен 105 (жартылай жетім және мүмкіндігі шектеулі балалармен азаматтардың) әр біріне төсек қаптағыш және 5 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетіліп, мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

Кувейт Дүниежүзілік қайырымдылық қоры 50 жалғызілікті қарттарға ірі қара мал етін таратты.



2016 жылдың 16 қыркүйегінде «ЯНС» ЖШС-гі 80 мүмкіндігі шектеулі бала ата-аналарымен бірге «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағын көріп тамашалап қайтуына көмектесті.
2016 жылдың 15 қыркүйегінде Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Отбасы күніне орай үйде әлеуметтік қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет үйінде «Шаңырағым -шаттығым» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шарада №1, 2 мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінің қамқорлығындағы балалардың тақырып бойынша дайындап келген тақпақ, ән және билерін орындады. Мекеме қызметкерлерінің орындауында отбасы туралы қойылымдар көрсетілді.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу іс-шараларын түбегейлі қарқындату мақсатында «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн аясында 2016 жылдың 30 қараша күні 15.00-де САЖҚжӘББ-ің «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-нің мәжіліс залында мүмкіндігі шектеулі балалармен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен, «Ұлттық Ұлы мереке – Тәуелсіздік күні» атты патриоттық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекет басшысының тәуелсіздік жылдарында атқарған жұмыстары және Қазақстан Республикасының 50 дамыған ел қатарына қосылуына, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда еңбегі ерең екендігі туралы мәлімдеме берілді, мекеме қамқорлығындағы балалардың орындауында тақырып бойынша тақпақтар орындалып, қонақтардың көңілінен шықты.
Сайрам ауданының әкімі С.Сапарбаев бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Реслубликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай 2016 жылдың 9 желтоқсанында сағат: 12:00-де Манкент ауылында «Алимкул ата» тойханасында жеке кәсіпкер Аликулов Файзулла Алимкуловичтің ұйымдастыруымен аз қамтылған отбасылар мен Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ қамқорлығындағы 41-мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік концерттік бағдарлама көрсетіліп, дастархан жайылды. Мерекеде балалар тарапынан Отан, Туған жер туралы әндер мен тақпақтар орындалды. Мерекелік іс-шара соңында барлық балаларға сыйлықтар тапсырылды.
Сайрам ауданының әкімі С.Сапарбаев бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Реслубликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай 2016 жылдың 14 желтоқсанында сағат 10-30 да Қарабұлақ ауылы Жамбыл атындағы №41 мектепте мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен «Ұлттық Ұлы мереке-Тәуелсіздік күні» атты патриоттық-танымдық ашық сағат өткізілді. Іс-шараны өткізуге ат салысқандар САЖҚжӘББ «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №2 Мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетуші бөлімшенің әлеуметтік қызметкерлері: А.Шаукебаева, Г.Альменбетова, Алиева, Ш.Сақтағанова, Д.Набиева, У.Телхожаева, Э.Суюнова, М.Абдираззакова, А.Акжарова , А.Абуева, М. Набиева.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнер бұйымдары көрмесі мектеп залының төрінен орын алып,тамашаланды.

САЖҚжӘББ «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Узаков салтанатпен ашып берді.Жомарт жүрек танытып 16-желтоқсан ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай қайырымдылық сый-сияпатын жасаған демеуші Ф.И.Нишанкуловқа және №41 Жамбыл мектебінің директоры Ф.К.Моминовқа алғыс хатын табыстады.

Өтетін мерекелік іс-шараның қадірлі қонағы ретінде 1986 жылдың ызғарлы желтоқсан қатысушысы қазіргі таңда №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп –гимназия директорының оқу ісі жөнінен орынбасары Жумашева Жамиля Расылхановна қатысты. Қаhарлы желтоқсандағы өрімдей қыздың және оның сол кездегі қатарлас студенттердің басынан кешкендері туралы әңгімесі әрбір адамға керемет әсер қалдырды. 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Қадірлі қонаққа №2 Мүмкіндігі шектеулі балалар қолынан шыққан картина мен гүл шоқтары ұсынылды.Мүмкіндігі шектеулі балалар Отанға,Тәуелсіздікке деген сезімдерін өлең жолдарымен, әнімен, биімен, «Желтоқсан желі» атты көрініс қою арқылы жеткізді.

16 желтоқсан- ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Өз елім менің» атты видеороликті тамашалады.

Махмудова Мохигул, Абдивалиева Дильноза,Шамшитдинова Нишонай, Тұрсыбаев Бейбіт, Хабибуллаева Диляфруз, Абдуллаева Халида, Халимжанов Ирисбек, Рахимжанова Сабрина, Жарқынбек Қасым сынды мүмкіндігі шектеулі балалардың өнері тамсандырды

Ерекше патриоттық сезіммен «Атамекен» әні шырқалды.

26.12.2016ж.

«Ар-Рахим» Мүгедектер қоғамдық қоры Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Жаңа Жыл қарсаңында САЖҚ ж ӘББ «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» коммуналдық мемлекеттік мекеме қамқорлығындағы мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аз қамтылған 2 жанұяға, атап айтқанда С.Қожахметова мен Г.Қуандықоваларға, кір жуғыш машинасын сыйға тартты. Аналарының қуанышында шек жоқ: кір жуғыш машинаның атқарар қызметіне зәру жанұя алғыстарын жаудыруда. «Ар-Рахим» Мүгедектер қоғамдық қоры төрағасы Жандос Смаиловтың мақсаты әрбір мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ананың үй тіршілігіндегі жұмысын жеңілдетуге, тұрмысын көтеруге бағытталған.

Жаңа жыл мерекесіне орай, мекеме қамқорлығындағы 215 мүмкіндігі шектеулі балаларға ауыл округ әкімдіктері және жергілікті демеушілер тарапынан сый-сияпаттар табысталды.



Жоғарыда айтып кеткен іс-шаралар туралы жергілікті БАҚ беттерінде жарияланып, «Elnur TV» телеарнасында көрсетілді.
Азаматтық хал актілерін тіркеу
Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ саласының 2016 жыл ағымында атқарған жұмыстарын 2015 жыл мен салыстырғанда:

Туу туралы актілерін тіркеу көрсеткіші 27,7 пайызға көбейген (2016ж-6102), қайтыс болу актілерін тіркеу 31,2 пайызға көбейген (2016ж-984), неке қию актілерін тіркеу көрсеткіші 21,6 пайызға асып 2016 жылы 2101 құраған, ал неке бұзу актілері 23,7 пайызға көбейген (2016 ж-339).

Бөлім басшысы Б.Серікбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет